«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English

Оқиғалар күнтізбесі

18 Маусым

18 Маусым 2006

8 жыл бұрын таңғы 4 сағат 44 минутта «KazSat» деп аталатын тұңғыш геостанциялық жер серігі жоспарланған Байқоңыр айлағынан ғарышқа ұшырылды

8 жыл бұрын (2006) Егеменді еліміздің байланыс және хабар таратуға арналған «ҚАЗСАТ» деп аталатын тұңғыш геостационарлық жер серігі жоспарланған таңғы сағат 4 сағат 44 минутта Байқоңыр айлағынан ғарышқа ұшырылды. Тәуелсіз Қазақстанның ғарыштық державалар қатарына қарай аяқ басқан алғашқы қадамының хабаршысындай болған осы жер серігінің ұшырылу сәтін Қазақстан мен Ресей Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин арнайы келіп бақылады. «ҚАЗСАТ» жер серігінің техникалық ресурсы 12 жыл. Бұл еліміздің ең шалғай аудандары мен ауылдарын телекоммуникациялық қызметпен қамтамасыз етуге арналған

18 Маусым 2009

2009 жылы 17 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлыққа қол қойды.


18 6