«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English

Оқиғалар күнтізбесі

26 Мамыр

26 Мамыр 1993

1993 жылы Түркияда Мағжан Жұмабаевқа арналған поэзия Күндері өтті

1993 жылы Түркияның Ыстамбұл, Бурса және Балакесер қалаларында қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 100 жыл толуына орай поэзия күндері өтті.

26 Мамыр 1995

1995 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ жеріндегі атом қаруының жойылғаны жөніндегі үндеуі баспасөз бетінде жарық көрді.

Ұзақ жылдар бойы көп қасірет шеккен Қазақстан халқы халықаралық атом зардабының бүкіл ауыртпалығын көтеріп келді. 45 жыл бойына дерлік Семей даласында 459 ядролық жарылыс, соның ішінде ауада 113 жарылыс жасалды. Радиоактивтік сәуле алған жарты миллионнан астам қазақстандықтардың денсаулығы ядролық жанталаса қаруланудың құрбандығына шалынды.