«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English

Оқиғалар күнтізбесі

26 Ақпан

26 Ақпан 2005

9 жыл бұрын Петропавл қаласында Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевскийге арналған ескерткіш ашылды

9 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевскийге арналған ескерткіш тақталарын ашты. 

Барельефті Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Азат Боярлин жасады. Барельеф Астанада «Өнер» ЖШС-де жасалды. Биіктігі 1,5 метр, ал ені 2,5 метр. Барельефтің мүсіндік бөлігі салмағы 500 келі қоладан, ал мәтіндік бөлігі салмағы 400 келі граниттен жасалған.

26 Ақпан 1993

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы күшіне енді

Мемлекет басшысы Мемлекеттік шекараны қорғау саласында қатынастарды реттеуге бағытталған, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заңына қол қойды.

Заң мемлекеттік шекара туралы заңнаманы жетілдіруге, сондай-ақ осы салада мемлекеттік органдардың өкілеттігі мен функцияларының аражігін шектеуге бағытталған.

Осы құжатпен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекаралық қызметі туралы» Заңдары бір заңға біріктірілген.

«Шекаралық қауіпсіздік», «шекарадағы тосын оқиға», «мемлекеттік шекараны санаттарға бөлу» сияқты түсініктерге анықтама беретін глоссарий қарастырылған.

Заң мемлекеттік шекараны қорғау және сақтау бойынша Қазақстанның өкілетті органдары міндеттерді орындағанда қаруландыру және әскери техниканы, арнайы құралдарды пайдаланудың шарттары мен шектерін анықтайды.

Сонымен қатар, елдің шекаралық саясатын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін үкімет жанындағы Мемлекеттік шекаралық комиссияны құру қарастырылған. Шекарамен шектес аудан әкімдіктері жанында шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін қолма-қол шешу үшін үйлестіру кеңестерін қалыптастыру ұйғарылып отыр.