«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English

Оқиғалар күнтізбесі

28 Желтоқсан

28 Желтоқсан 1999

2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы деп жарияланды

Қазақстан Республикасы Президентінің "2000 жылды Мәдениетті қолдау жылы деп жариялау туралы" 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 316 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
1. Мәдениетті қолдау жылын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылсын. 
2. Қоса беріліп отырған: 
  1) Мәдениетті қолдау жылын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамы; 
  2) Мәдениетті қолдау жылын өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспары бекітілсін. 
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, орталық атқарушы органдар Мәдениетті қолдау жылын өткізу жөніндегі тиісті комиссияларды құрсын. 
4. Мәдениетті қолдау жылы бойынша іс-шараларды қаржыландыру 2000 жылға арналған бюджетте тиісті мемлекеттік мекемелерге - бағдарламалардың  әкімшілеріне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылсын.

5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне 2000 жылға  арналған жергілікті бюджеттердің шығыстарында Мәдениетті қолдау жылын  өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды көздеу ұсынылсын.

28 Желтоқсан 2000