«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English

Оқиғалар күнтізбесі

11 Желтоқсан
1992 Қазақстанның Мемлекеттік Әнұраны бекітілді
1992 жылы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны бекітілді.

11 Желтоқсан 1992

Қазақстанның Мемлекеттік Әнұраны бекітілді

1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранының музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев жеңіп шықты. Оларға жас талантты ақын Жадыра Дәрібаева қосылды.