«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Бұл күн тарих бетінде
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English

Оқиғалар күнтізбесі

13 Маусым

13 Маусым 1911

Барлыбек Сырттанұлының «Қазақ елінің Уставы» жазылды

Барлыбек Сырттанұлы 1910-1913 жылдар аралығында құпия түрде қазақ өлкесін Ресейдің ішкі колониясынан шығарып, оны тәуелсіз республика статусы бар мемлекет қылып құру жөнінде Устав жазды. Оның қаламынан туған «Қазақ елінің Уставы» небәрі 28 баптан тұрады және соған қарамастан, мазмұны осы күні де білгір заңгер ғалымдарды қайран қалдырады.

Уставтың ең негізгі идеясы – Қазақстанды Ресей отарынан шығару және дербес тәуелсіз мемлекет құру. Бұл идеяны ол төңкеріс жасау немесе құрылу күрес арқылы емес, керісінше, парламенттік жолмен, съезд шақыру, халық сайлаған депутаттардың шешім қабылдауы арқылы іс жүзіне асыруды басты мақсат етіп қояды. «Уставтың» кіріспе сөзінде ол осы мақсаттағы ойларын былайша қорытады: «Жаңа заманда атыссыз, соғыссыз, қан төкпей, бейбіт жолмен өз жерімізде тәуелсіз ел болу мақсатында... жеке Қазақ елі республикасын құрамыз».

«Уставтың» бірнеше баптарында Б. Сырттанұлы адам құқығының мемлекетте тиімді қорғалуының ең маңызды мәселелерінің сапына жатқызады. Оның ойынша, барлық демократиялық санаттағы қоғамда жеке адам дініне, нәсіліне, әлеуметтік жағдайына, шыққан тегіне, атқаратын қызметі мен лауазымына қарамастан заң алдында тең болуы тиіс. Бұл талап – өркениеттіліктің, еркіндік пен бостандықтың іргетасы.

Уставта ол: «Қазақ елінде адам баласының бәрі тең құқылы. Дініне, қанына, тегіне, нәсіліне қарап адамды қорлауға жол жоқ. Адам тек закон мен құдай алдында жауап береді», - деп атап көрсетеді. Оның мұндай көрегендік саяси көқарасы бүгінгі күннің талабына сай келетінін дүниежүзілік саяси-әлеуметтік тәжірибе өзінен-өзі дәлелдеп отыр. Демократиялық мемлекеттердегі жеке адамның еркін пікір айту, плюрализм идеясын қазақ заңгері жан-тәнімен қолдайды. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі құқықтық мемлекеттерде негізгі міндет ретінде іс жүзіне асырылып жатқан «тыйым салмағанның бәріне рұқсат етіледі деген» қағиданы іс жүзіне асыруды сол заманның өзінде-ақ жақтаған.

13 Маусым 1893

1893 жылы «Сібір темір жолы аудандарында қоныстандыру және қосымша учаскелер құру үшін Уақытша ереже» қабылдады.

Осы ереже бойынша Сібір жолы үшін 100 мүше, яғни 81 жер өлшеуші техниктер мен 19
жер ісін жүргізушілер болды.

13 Маусым 1924

1924 жылы Орынборда қазақ ғалымдарының 1-ші съезі басталды.

Маусымның 18-не дейін дейін созылған бұл жиында қазақ фольклорын жинау, зерттеу туралы қаулы қабылданды.