Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Сәбит Мұқанов

Сәбит Мұқанов - e-history.kz
Аты Сәбит Мұқанов
Қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. 1936-1937 және 1943-1952 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы болған.

 

Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жер.

Жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренген. 14-15 жасынан өлең-жырды ауызша да, жазып та шығара бастады.

1918-19 жылдары Омбыдағы оқытушылар курсында білім ала жүріп, М.Жұмабаевқа хатшылық етті‚ оның педагогика тарихы курсынан оқыған лекцияларын қағазға түсірді. Өзі де алғашқы өлеңдерін Мағжанға оқып беріп‚ ақындық өнерін шыңдады.

Оқуды бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болды. 1920 жылы жаз айында Жұмабаевтың жетекшілігімен оқытушылар курсы қайта ашылып, күзге дейін сонда оқуын жалғастырды. 1921 жылы коммунистік төтенше әскери бөлімнің жауынгері болды. 921–22 жылдары әртүрлі қызметтер атқарады‚ ел арасында астық жинау жұмысын жүргізді‚ Ақмола губерниясы ГПУ-дің Көкшетау болысындағы оперативтік уәкілі және РК(б)П Ақмола губернаторлық комитетінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды.

1922 жылы Орынбордағы рабфакқа (жұмысшылар факультетіне) түсіп, оны 1926 жылы бітіреді. Баспасөз орындарында қызмет атқарды: Республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бөлімін басқарды, Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редакторы (1926-28) болды. 1928 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) университетінің филология факультетіне оқуға түсіп‚ аз уақыттан соң отбасы жағдайына байланысты Петропавл қаласына келіп‚ «Кеңес ауылы» газетінің редакторы және жазушылар бөлімінің жетекшісі болды. 1930 жылы жергілікті ақын-жазушылар шығармалары негізінде «Жарыс» атты альманах шығарып‚ Қазақстанның әр жеріндегі шығармашылық ұйымдарға үлгі көрсетті. 1932 жылы Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөліміне түсіп, оны 1935 жылы бітіреді. 1935 жылы республикалық «Кеңес ауылы», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің редакторы қызметін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағын (1936–37, 1943–51) басқарды‚ ҚазПИ-де (1937-41, қазіргі ҚазҰПУ) профессор болып, қазақ әдебиетінен дәріс береді.

Сәбит Мұқанов ауыл Мәскеудегі Қызыл профессура институтын бітірген (1935). 1935-36 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1936–37, 1943 – 51 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, 1937–41 жылдары ҚазҰПУ-дың проф-ы қызметтерін атқарған. Алғашқы кітабы «Совет өкіметі және қазақ әйелі» (өлеңдер, мақалалар, аудармалар) 1924 жылы жарық көрген. «Бай баласы» (1928), «Мөлдір махаббат» (1931), «Теміртас» (1935) романдары Қазақстандағы таптық күрес мәселелеріне арналған. «Ботагөз» (1938), «Сырдария» (1947 – 48) романдарында қазақ халқының тарихы суреттелген. «Өмір мектебі» автобиогр. трилогиясына (1949 – 64) Қазақ КСР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген. «Аққан жұлдыз» шығармасы (1967 – 70) қазақтың ағартушы-ғалымы Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Қазақстан КП ОК-нің мүшесі (1956 – 66), 2 – 8 шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты, Бүкілодақтық бейбітшілік қорғау комитетінің мүшесі болған. Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы (1967), Қазақстан мемлекеттік сыйлығының (1967) иегері. Қазір Мұқанов тұрған үй мұражайға айналған (1975). 2 мәрте Ленин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, т.б. ордендермен, медальдармен марапатталған.

Түпнұсқа: wikipedia 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?