Бөлісу:
Кеңес өкіметінің кезіндегі 74 жылдың ішінде аталмыш жүйенің «таптық" принципі өзгеріссіз болып қала берген. Сол себептен-де шығар, кеңес басшыларының өмірбаяндары бір-біріне ұқсас келеді, Иса Халимовтың өмірбаяны да осыларға жатады.
Ол 1926 жылы Жамбыл облысының Сарысу ауданында мал шаруашылығымен айналысқан, қарапайым қазақ отбасында дүниеге келді. Аштық жылдарында Исаның әкесі өз отбасын өлімнен құтқарамын деп жақындарын Фрунзе қаласына, кейін Түркменияға (Мұқры станциясына) көшіріп әкелген. Осылай, 1932–1942 жылдарында Иса туған өлкесінен тыс жерлерде тұрды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Иса отбасымен бірге Қазақстан жерлеріне қайтып келіп, Джамбул станциясына қоныс тепті. Әкесі өз еркімен майданға аттанып, жарақаттанып, тірі қалады. Иса соғысқа бару үшін жарамағандықтан (тым жас болды), тылдағы жұмыстарға барады.
Жас жігіт жылқышы болып жұмыс істеп, кейін темір жолы саласында да біраз уақыт бойы қызмет атқарды. Темір жолының жанында оның отбасы тұрды. Алғашқы кезде ол паравоздағы от жағушы жұмысын істей отырып, содан соң машинист көмекшісі болып еңбек етті. Ең ақырында, машинист лауазымын алды.
Төрт жыл созылған соғыс көптеген үйлердің шырқысын бұзып, адамдардың арманына жол кесіп, тыныштықты ұрлады. Ол көптеген ауыртпалықтарды әкелді, атап айтқанда: халық шаруашылығының барлық салаларында кадрлардың жетіспеушілігін анық көруге болады. Ауыл баласы өзінді еңбекқор адам ретінде көрсеткен. 1946 жылы Иса өмірбаянында былай деп жазады: «жақсы жұмыс істегенім үшін мені Алматы қаласында орналасқан темір жолы техникумінің ортатехникалық курстарына жіберді. Аталмыш курстар Қатынас Жолдары Министрлігінің бұйрығы бойынша орта білімі мен паравозды жүргізу құқығы бар жас студенттер үшін ұйымдастылды». Оқу кезінде де Иса өзінді ынталы оқушы ретінде көрсетіп, оны паравоз депосының қабылдаушы-инспектор лауазымына ұсынған. Осы кезде Иса партия мүшесінің бола тұрып, сәл уақыт өткен соң партиялық бюро хатшысының орынбасары мен бір цехтің партиялық ұйымдастырушысы болып тағайындалды.
1948 жылы Халимовқа өзінің жұмысынан партиялық қызметіне түгелімен көшу жөнінде ұсыныс түсті. Ол Қазақстан КП Жамбыл облысындағы обл. комитетінің өнеркәсіп-сауда бөлімінің нұсқаушысы болып тағайындалды. 1950 жылы оның қызметі жоғарылады. Ол Қазақстан КПОК-індегі (Алматы қ.) көлік бөлменің нұсқаушысын деген қызмет алған. 1953 жылы ол Қызылорда темір жолы бөліміндегі саяси бөлімнің бастығы болып тағайындалды. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында саяси бөлімдер қосымша саяси құрылымның рөлін атқарған. Олар 1933–1956 жылдардың аралағында халық шаруашылығының саласында әрекет еткен.
Саяси бөлімнің бастығы деген лауазымды алу — Иса ойының кемелденуі мен оған деген жоғары-деңгейдегі сенімділіктің белгісі, өйткені саяси бөлімнің бастықтары ел өміріндегі партияның маңызын көтеріп жүрген. Сонымен бірге, Иса Халимов Мәскеу қаласында орналасқан Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің (КО КПОК) тұсындағы Жоғары партиялық мектептің тыңдаушысы болып қабылданды. Бұл оқу орны одақтағы беделді мекемелердің бірі болып саналған. Мұнда «кездейсоқ" адамдар оқымаған еді. Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің (КО КПОК) тұсындағы Жоғары партиялық мектепті бітіріп, Иса Қазақстан КП Жамбыл қалалық комитеті екінші хатшысының қызметін алды. Бір жылдан кейін оны Қазақстан Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің көлік және қатынас жолдары комитетi бөлімінің орынбасары ретінде Алматы қаласына шақырады.
Иса Халимов алған білімінің жеткіліксіздігін түсініп, Қазақ мемлекеттік университетінің сырттай оқу бөліміне түседі.
1961 жылы Иса Халимовқа берілген мінездемеде былай деп көрсетілген: «Қазақстан КО КПОК-інің жұмыс істеу уақытында ол өзінді ұйымдастырушылық дарыны бар, бастамашыл мен жігерлі қызметкердей көрсетіп отырды. Халимов жолдасы, Ақтоғай — Достық бағытындағы темір жолы құрылысына белсене қатысып, аталған құрылыс жұмыстарының жүргізу тәртібіне және еңбекшілердің мен инженер-техникалық жұмыскерлердің арасында жаппай саяси жұмысты жоғары-деңгейде өткізді. Темір жолының құрылысы кезіндегі пайда болған сұрақтарды тез, әрі оңай шешіп жүрді. Бар жұмысты жүйелі түрде қадағалап отырды». Осы кезеңде Иса Халимов өзінің нәтижелі мен тиімді жұмысы үшін үкіметтің марапатын алған.
Осы уақытқа дейін Иса үйленіп, оның алты баласы до болды. Одан басқа, ол қартайып кеткен әке-шешесін материалдық жағынан толық қамтамасыз етіп жүрген…
1961 жылдың сәуір айында Иса Халимов Қазақстанның көлік Министрі қызметіне тағайындалды. Соғыстан кейінгі жылдарда кеңестік автокөлік саласында үш даму кезеңін атап айтуға болады. Біріншісі 1946–1955 жылдардың аралығында болды. Осы кезде соғыс жылдарында қираған инфрақұрылым қалпына келтіріледі. 1956–1965 жылдарында тың және тыңайған жерлерді игеру, жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындардың салынуы және бұрын салынып біткен құрылыстардың кеңеюі сияқты үдерістер жүзеге асады. 1965 ж. — үшінші кезеңнің басталуы. Осы кезде автокөлік саласында әскерлердің қайта құралдандыруы басталды.
Иса Халимовтің министрлік қызметі жаңадан басталғандай. Ол транспорттық саланы мынадай кезеңде «қабылдады»: өзгерістер мен толықтырулар енгізудің қажеттілігі болғанмен, өзгерістердің қайсысы дұрыс екендігін әлі айқындап беру керек болған. Елдің транспорттық шаруашылығы өсіп кеткен. Қазақстандағы тың сырттан көптеген адамдарды тартып отырған. Дегенмен, келген адамдардың көпшілігі өлкеде ұзақ мерзімге қалу деген шешім қабылдамай жұмыс істеген болатын.
Қазақстан мамандарының жетіспеушілігі-де айқын байқалып, келген тың игерушілердің арасында да өз ісінің асқан шеберлердің саны аз болған. Көлік министрлігінің алдында келесі міндеттер болды: автомобиль паркінің қызметінде тұрған көліктерді сақтап, оларды дұрыстап пайдалану мен жұмысқа жарамды көліктерді «жарамсыз» деп көрсетуіне жол бермей отырып, бұзық машиналардың жөндеу жұмыстарын тездету.
35-жастағы Иса соңғы жұмыс орнында аз-ақ уақыттың бойында (бір жыл мен тоғыз айдың ішінде) қызмет атқарған болатын. 1963 жылы партия басшылығының шешімі бойынша қызметін кішірейтіп, қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы болып тағайындайды.
Жақын адамдарынан (күйеу баласы, анасы, әкесі-де қайтыс болған) айырылған мен басқа да себептермен қатты күйзеліске түскен Иса бір жылдан кейін жұмыстан кетеді. 1965 жылы 38-жастағы Иса Халимов жан тапсырды.
Е. М. Грибанова, т.ғ.к., ҚР Президентінің мұрағаты
Бөлісу: