Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық үдерістер XX ғасырда
21.08.2013 20559
XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті.

XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.
Қазақ халқы талай «тар жол — тайғақ кешулерге» душар болды. Бұл Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Патша үкметінің Қазақстанға шаруалар мен әскери-казактарды қоныстандыру саясатының жеделдете жүзеге асырылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазан төңкерісінен кейінгі «Кіші Қазан төңкерісінің» салдары, 1921-1922 жылдар, 1931-1933 жылдар аштықтары мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының зардаптары, өңдірістің ірі «алыптарын» тұрғызу мақсатында республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар мен мамандардың әкелінуі, тың және тыңайған жерлерді игеру, «комсомолдық бауырластық жолдамалар» нәтижелері көңілді қынжылтатын демографиялық ахуалға еріксіз әкеліп тіреді. XIX ғасыр мен XX ғасыр басында жүргізілген қоныс аудару саясаты кезінен Қазақстанның кейбір аймақтарында негізгі көпшілік болып орналасқан орыс-казак келімсектерінің бұдан кейінгі кезеңдердегі өсіп-өнуі мен республика аймақтарына орналасу ерекшеліктері де бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде болып жатқан ұлтаралық қарым-қатынастағы құбылыстардың астарын түсінуге өз септігін тигізеді.
XX ғасырда өткен демографиялық үрдістердің ауқымының кеңдігі мен күрделілігі Қазақстан халқының өсіп-өну тарихын зерттеудің ғылыми және қоғамдық сұранысқа ие, өзектілігі күшті екендігі еш күмән туғызбайды.

Әлеуметтік-саяси, экономикалық үрдістер республика халқының құрамында, оның табиғи қозғалысы, көші-қон процестері, әлеуметгік құрылымы және т.б. көрсеткіштерінің өзгерістерінде демографиялық дағдарыс сипатында көрінді. Мысалы, 1937 жылы республика халқы 1926 жылғы санақпен салыстырғанда 1,3 есе, соның ішінде, қазақтар — 1,7 есе, украиндар — 1,6 есе, өзбектер — 1,9 есе, қырғыздар — 2,1 есе, басқа ұлт өкілдері — 1,6 есе кемісе, елге сырттан қоныс аудару саясатының пәрменді жүргізілуіне байланысты орыстар — 1,5 есе, немістер — 1,6 есе, татарлар — 1,1 есе көбейген. КСРО-дағы халық санының жоспарланған деңгейден 11 миллионға кемдігін көрсеткен 1937 жылғы санақ Кеңес өкіметінің 1917-1933 жылдары жүргізген саясатының демографиялық дағдарыстарға әкелгенінен хабардар етті.
Сондай демографиялық дағдарыс 1939-1959 жылдар аралығында да өтті. 1939-1959 жылдардың қазақ тарихындағы ерекшелігі сонда, егер моңғол шапқыншылығы кезінде қазақ халқының шығыны нәсілдік бейнесін өзгертуге дейін жеткізіліп, жонғар шапқыншылығы кезінде 2/3-сі жойылып, ал, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезіңде 2,2 млн адамынан — жартысынан айырылса, 1939-1959 жылдар аралығында кеңес өкіметінің сыналап жүргізген көші-қон саясатының нәтижесінде, қазақтардың өз жеріндегі үлесі 29,8%-ға дейін төмеңдеп, Қазақстан халқының үштен бірін де құра алмаған мүшкіл жағдайды бастан кешті.
Н.Ә.Назарбаев 2003 жылдың 3 сәуіріндегі Қазақстан халқына Жолдауында халық санын 2015 жылға дейін 20 миллионға жеткізу қажеттігіне баса назар аударды. «Тез арада етек жеңімізді жимасақ, өте ауыр жағдайға тап болуымыз мүмкін» деген ескертуі еліміздің экономикалық дамуы мен ұлттық біртұтастығымызға, еркіндігімізге қауіп туғызар жағдайдан сақтандырар ой болып табылады. Жамбыл облысындағы көп балалы аналардың республиканың барлық әйелдеріне үндеуінде көрсетілгендей, төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеудің ел, мемлекет мүддесі үшін қаншалықты қымбат екені түсінікті. Ол үшін отбасын бір-екі баламен шектеуге көшкен аз балалық принциптен айрылуымыз керек. Соңдай-ақ, мемлекет тарапынан әйел мен баланы, некені, отбасын қолдауды күшейтетін және жаңа үйленгендердің әлеуметтік жағдайын жақсартатын шаралар да өте қажет.

Айта кететін бір жайт: 1950-жылдардан бастап, халықтың 1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы нәтижесінде төмендеп кеткен саны мен табиғи өсімін көтеру мақсатында бірқатар әлеуметтік жағдайлар жасалыңды. Он жылдық білім енгізілді, жалақы мөлшері өсті, ауруханалар салынды, тұрғын үйлер салу қолға алыңды («хрущевтык үйлер»), екіқабат әйелдерге жағдай жасалып, балалы әйелдерге берілетін жәрдемақы енгізілді, тегін дәрігерлік көмек халықтың барлық әлеуметтік тобына қызмет етті. Міне, осы жағдайлар 1960-1962 жылдары Қазақстандағы «демографиялық жарылысқа» мүмкіндік туғызды, Қазақстан халқы осы жылдары 22-25% аралығыңда өсім берді. Ал, қазіргі еліміздегі ақылы медицинаның кең етек жаюы, емханалардың жабылуы, тұрғын үй мәселесінің шешілмеуі, жастар арасындағы жұмыссыздык, жәрдемақылардың берілмеуі немесе төменгі мөлшері және т.б. әлеуметтік жағдайлардың жасалмауы табиғи өсімнің төмендеуіне әкеліп, болашақта қазақ халқының санының кемуі қаупін туғызуда.

Сондай-ақ, КСРО ыдырағаннан кейін Ресейдегі көші-қон үрдісі Қазақстан есебінен оң, Украина, Орта Азия, Закавказье, Балтық елдеріне байланыста теріс айырымға ие болды. Осы кездері Қазақстанды «донор» ел есебінде қабылдап, оның себебін экономикалық емес, ұлтаралық қатынастардың шиеленісуімен байланыстырушылар да табылды. Алайда, XIX ғасыр мен XX ғасыр бойы, әсіресе, 1939-1959 жылдары КСРО-ның басқа республикаларына қарағанда, Қазақстанға орыс ұлты өкілдерінің көптеп келуін айқыңдасақ, онда, қазіргі кезеңдегі Ресейге кері көші-қон үлесінің өсу себебі көзге түседі. Бұл процестің себептерің іздеуде субъективтік жорамалдарға, негізсіз сылтауларға жүгінгеннен көрі, Қазақстандағы XX ғасырдың соңындағы экономикалық, әлеуметтік жағдайдың нашарлауынан, орыстардың  тарихи  отанына  оралуының  заңдылығынан  және  т.б. обьективті жағдайлардан іздестіру қажет. Сол себепті, Қазақстан халкының қазіргі құрылымы қалай қалыптасты, кеңес өкіметі тұсыңда, соның  ішінде  1939-1959 жылдары  жіберілген кемшіліктер  орнын қалай толтыруға болады, керісінше, соғыстан кейінгі елдегі экономикалық және  әлеуметтік  қиыншылықтарға  қарамай,  халықтың  білім денгейін,  медициналық  кызмет  көрсету ісін жетілдіру,  әлеуметтік жағдайды жақсарту, әл-ауқатын көтеру және т.б. мақсатыңда қандай шаралар жасалды,  еңбеккерлердің еңбек және тұрмыс жағдайларын көтеру бағытыңдағы сол шаралардан үлгі боларлық тәжірибе бар ма, т.б. сұрақтарды анықтау мен демократиялы, ұлттық, зайырлы және құқықтық мемлекетіміздің гуманды демографиялық саясат жүргізуі үшін өткен  кезеңнің демографиялық ахуал-тынысына талдау жасау кажет.  Сондықтан,  бұл  еңбекте  1939-1959 жылдар  аралығында Қазақстанда  жүргізілген  саяси,  экономикалық  және  әлеуметтік процестердің халықтың құрамына тигізген әсерлері мен демографиялық нәтижелеріне тереңірек тоқталамыз.

Кеңес дәуіріңдегі республика халқының саны мен құрамындағы өзгерістерді 2 кезеңге бөлуге болады: 1920-жылдардан 1960-жылдардың басына дейін (1926-1959 жылдар санақтарын межелейік); 1960-жылдар мен 1990 жылдың (1959-1989 жылдардағы санақтар) аралығы; ал, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан (1989 жылғы санақ пен 1999 және 2009 жылдардағы санақтар) бергі уақыт өз алдына бөлек бір кезең.

Бірінші  кезеңде  Қазақстан халқы демографиялық  құрылымына терең өзгерістер әкелген ірі қоныстанулармен ерекшеленетін тарихи оқиғалар негізіндегі механикалық өсім есебінен өсті. Екіншісінде табиғи қозғалыс арқасыңда бірқатар өсім байқалды (бұл кезеңде көші-қон үрдісіне кері айырым басым болды). Қазіргі кезенде механикалық қозғалыстың демографиялық өзгерістерге тигізер әсері басымдылық көрсетуде. Механикалық қозғалыста ұлттық ерекшеліктерге  байланысты өзгерістер жүруде: қазақ ұлтының өкілдеріне оң айырым тән болса, қазақ емес ұлт өкілдерінде теріс айырым басым.

Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Бұл дипломдық жұмыста 1939-1959 жылдар санақтарымен межеленетін саяси, экономикалық және әлеуметтік процестер негізіндегі Қазақстан халқының этнодемографиялық даму үрдістері анықталады. 20 жыл ішіндегі елімізді мекендеушілердің әлеуметтік, ұлттық құрылымындағы басты өзгерістер мен даму ерекшеліктері ішкі үш кезеңге бөліне зерттеледі:

1939 жыл — 1941 жылғы маусым — Ұлы Отан соғысы қарсаңы;
1941 жылғы маусым — 1945 жыл — Ұлы Отан соғысы жылдары;
1945 жыл — 1959 жыл — соғыстан кейінгі жылдар.

Қазақстанның тарихи демографиясының тарихнамасы өз бастауын Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңнен алады. Қазақстанды отар ретіңде тезірек игеруде патша үкіметі бұл бағыттағы зерттеулерге белгілі дәрежеде ынталылық танытты. Сондықтан, Қазан төңкерісіне дейінгі орыс зерттеушілері көптеген құңды деректерді ғылыми айналымға тартқанымен, зерттеу барысында ұлыдержавалық мүддені бірінші кезекке қойып, соған сай қызмет етуге тырысты. Патша үкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясаты қоныстандырудың қазақ халқын күйзеліске ұшыратып, өз елінде қазақтардың үлесін азайтып келе жатқандығы XX ғасырдың басында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов М.Тынышпаев, М.Дулатов секілді Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектерінде өткір сынға алынды.

1920-жылдары Қазақстанда демография мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Бірақ, кеңестік биліктің жүргізген саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларының қазақ халқын демографиялық апатқа әкелгені бүркемеленіп, халық санына қатысты көптеген статистикалық материалдар мен мұрағат құжаттары зерттеушілер үшін жабық болды. Қайта құру кезіндегі жаңаша пайымдау мүмкіндігі тарихи демографиялық мәселелердің кең түрде зерттелуіне серпін берді. Қазақстандық  ғалымдардың  алғашқы  еңбектері  Қазан  төңкерісіне дейінгі Қазақстан демографиясы  мәселелеріне  арналды.  Тарихи демографиядағы  «ақтаңдақтардың»  бетін  ашуда  да  бірқатар жетістіктер болды. Демография мәселелері экономистер, географтар және философтарды да қызықтырды. Олар халықтану мәселесін еңбек ресурстарын пайдалану мүмкіндігі аспектісінде қарастыра отырып, тарихи демографияның кейбір мәселелеріне де назар аударып отырды.  Республикамызда арнайы тарихшылар тобы құрылып, қазақстандық демографиялық мектеп те қалыптасып келеді. Тың облыстарының демографиялық жағдайларын зерттеуден бастаған Ақмола қаласында ірге көтерген демографтар мектебі де нәтижелі зерттеулер жүргізуде. Бұл Қазақстандық тарихи демографияның түйінді мәселелерінің бәрі шешілді деген сөз емес. Керісінше, қазақстандық демографтар алдыңдағы зерттелуге тиісті мәселелер көп.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. 1939-1959 жылдардағы  Қазақстан халқының сан-салалы өзгерістерін талдамастан бұрын, осы кезең мәселелері қарастырылған зерттеулерге  шолу жасалық.  1939-1959  жылдар  аралығындағы республика  халқының  санын,  ұлттық,  жыныстық,  жастық және әлеуметтік  құрамын,  білім  деңгейін,  мамандығын,  көші-қон т.б. мәселелерін  талдауға  арналған  зерттеулер  үстіртін,  тар  көлемде кездеседі. 1960-1970 жылдарға дейін жарияланған тарихи әдебиеттерде республиканы мекендеген халықтардың демографиялық дамуының кейбір аспектілері Қазақстанның әлеуметтік даму мәселелерінің жиынтығында ғана қарастырылды. Жұмысшы табының,  шаруалар мен интеллигенция тобының қалыптасуы мен даму процесін зерттеуде демографиялық статистиканы қолданған зерттеушілер, республиканың әлеуметтік топтардың демографиялық сипаттамаларына, әсіресе өнеркәсіптік  көші-қонның ерекшелігіне тоқтамай  кете  алған жоқ. Жұмысшы табы мәселесін зерттеген ғалымдар,  нақтылап  айтсам А.Н.Нүсіпбеков,  М.Х.Асылбеков,  С.Б.Нұрмұхамедов,  Б.Н.Әбішева, Н.Е.Едігенов, Н.Г.Пан, Ю.И.Романов, Қазақстан шаруалары тарихын қарастырған А.Б.Тұрсынбаев, Б.А.Толепбаев, Г.Ф.Дахшлейгер, Т.Б.Балақаев, К.Н.Нүрпейіс, интеллигенция тобының қалыптасуы мен дамуына арналған Р.Б.Сүлейменов, Ш.Ю.Тастанов, Х.М. Әбжанов және т.б. еңбектерінде Қазақстандағы этнодемографиялық процестерді анықтайтын кейбір статистиқалық және мұрағаттық көлемді материалдар ғылыми ортаға енгізілді.

А.Н.Нүсіпбеков монографиясында республикадағы маман жұмысшыларды даярлау жолдарына тоқтала отырып, ауыл шаруашылығын ұйымдастыруда кателіктер жіберілгендігін, ұлттық мамаңдарды даярлауда да көп кемшіліктер болғандығын атап өтеді. Г.Ф. Дахшлейгер зерттеулерінен 1930-жылдардағы жұмысшылардың қалай даярланғаңдығы, жұмысшылар мен халықтың ауылда тұратын бөлімнің әлеуметтік құрамы, сондай-ақ, сол жылдары Қазақстанның қанша округтерге, аудандарға бөлінгендігі және олардағы халықтың ұлттық құрамы туралы мағлұмат алуға болады. С.Б.Баишев пен Г.ФДахшлейгер мақаласыңда тыңды игерудің республика халқының этнодемографиялық құрылымына тигізген әсері айтылады. А.Б.Тұрсынбаевтың 1957 жылы шыққан еңбегіңде ұжымшарлардағы әйелдер саны берілген. 1960-жылдары А.Б. Тұрсынбаевтың жетекшілігімен, Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы ұжымдастыру жайына арналған жинақ жарық көрді. Мұнда 1939-1941 жылдарға байланысты мәліметтер бар. Академик Р.Б. Сүлейменов, Х.Н. Бисенов енбектеріңде Қазақстандағы мәдени төңкеріс тақырыбын ашты. Республикадағы 1930-1940 жылдардағы оқу-ағарту салаларындағы мамандар даярлау жүйесі, республикада ашылған жоғары оқу орыңдары, ғылыми-техникалық интеллигенция тобын даярлау туралы мәліметтер бар.

Әркім өз заманының перзенті. Тоқырау заманындағы зерттеулер сол кезде орныққан ережелерге, саяси ұстанымдарға, теориялық қағидаларға қарсы келе алмады. Заман талабы оны көтермеді. Дегенмен, ғылымның ізденістерге толы табиғатында қасаң социалистік идеяларға сәйкес келмейтін ойлар әр жерден байқалып қала берді. Сондықтан, бұл тарихи еңбектер теориялық және методологиялық негіздік бағасын ешбір жоймақ емес.
1970-1980 жылдары тарихи демография ғылымы мәселелерін зерттеуге арналған еңбектер жариялана бастады.  Зерттеулерде Қазан төңкерісіне дейінгі статистикалық мәліметтердің негізіңде әлеуметтік, демографиялық факторларды өзара байланыс пен өзара шарттылықта қарастырудың әдістері негізделді. Республика халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы мен ұлттық құрамындағы өзгерістерге әсер еткен механикалық процестердің рөлі терең талдауларға түсе бастады. Қазақстандағы  көші-қонның тарихи мәні мен оның халыктың әлеуметтік-ұлттық  құрамына  тигізген  әсерін  ашуда,  көші-қон  процесі мен ұлттық құрылым өзгерістерінің өзара байланысты тарихи құбылыс екендігін алғаш көрсеткендердің бірі  Е.Н.Гладышева болды. Көші-қон процестерінің республика халқының көп ұлттық  құрамының қалыптасуына әсер еткен күрделі де жан-жақты процесс екендігін көрсеткен Ф.Н.Базанованың монографиясы шықты Алайда, бұл еңбекте кеңес дәуіріндегі идеологиялық тыйым салынған Қазақстандағы көші-қон процестерінің келеңсіз жайттары: репрессияланған халықтарды жер аудару, таптық белгісіне байланысты кулақтық жер аударулардан басталған мәжбүрлі қоныс аударулар, депортация және т.б. ашылған жоқ.

1980-жылдары  басталған  жариялылық пен демократияландыру кезінде Қазақстан халқының демографиялық дамуына деген көзқарас түбегейлі  өзгерді.  1980-жылдардан  бері  республика көлемінде де, ТМД елдері бойынша да тарихи-ғылыми, көпшілік басылымдарда тарихнамалық талдау жасауға лайық демографиялық бағыттағы зерттеулер жарияланды. Мұның өзі отандық қоғамдык ғылымдарда демографиялық мәліметтерді көбірек пайдалануға, тарихи демографияның қызметіне  көбірек жүгіне  бастағанының дәлелі.  Қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінде халықтар тағдырындағы саяси факторлардың әсерлері талдана бастады.  М.Қ. Қозыбаевтың,  М.Б.Тәтімовтың,  Қ.С.Алдажұмановтың, Ж.Б.Әбілғожиннің еңбектеріңде таза фактілерге негізделген Қазақстандағы 1920-1940 жылдары тоталитарлы жүйенің жүргізген экономикадан тыс,  күштеу саясатының дағдарыстарға толы әлеуметтік-демографиялық нәтижелері жарияланды. Қазақстан халқының екінші дүниежүзілік соғыста майданға адамын  да  аттандырып,  азығын  да,  отын  да  беріп  жанқиярлық ерлігімен даңқы шыққаны белгілі. Бұл турасыңда құжаттарда, нақты деректік басылымдарда, жеке шығармаларда айтылып келеді. Ал, Қазақстанның,  әсіресе,  қазақ халқының бұл жойқын  соғыстағы ерлігі  мен  адам  шығыны  жөнінде әлем  ғалымдары  ғана  пікір білдіргені болмаса, кеңестік дәуірде ғалымдар жұмған аузын ашпады, өйткені одақта бәрі жалпы және жалпылама атап өтілуге тиіс болатын. Тіпті Ұлы Отан соғысы турасында шығарылған анықтамалық басылымдарда қазақ халқы жөнінде мәліметтер жоқтың қасы. Бұл олқылықтың орнын толтыру, кайда, қашан, қандай жағдайда қазақ жауынгерлері соғыста опат болғандығы жөніндегі терең негізді зерттеу жүргізу қолға алуға тиісті мәселенің бірі. Бұл кезеңдегі халықтың сандық құрамыңдағы өзгерістері жайлы мәліметтер жинақталған деректің бірі «Боздақтарда» Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық саныңдағы демографиялық кейбір көрсеткіштер, ең бастысы, шығыны туралы мағлұмат беріледі.

Т.Балақаев пен Қ.Алдажұмановтың еңбегіңде жасақталған әскер құрамалар мен ұлттық әскери құрамалардағы қазақ жауынгерлерінің саны, әлеуметтік құрамы мен жас ерекшеліктеріне тоқтала отырып соғысқа кірген және қаза болғандар жөнінде тың деректер келтіреді. Бұл мәліметтер соғыс жылдарында өлген жауынгерлер туралы белгісіз болып келген тарих беттерін ашады, сонымен бірге соғыс мүгедектері жөнінде бұрын жарияланбаған деректерді пайдаланып, сол кезеңдегі әлеуметтік мәселелерді де қорытады.

С.Қ. Жакыпбеков еңбегінде жеңіл өнеркәсіп саласындағы маманмен жұмысшылардың құрамын, жынысын, жасын, ұлтын зерттеуге ден қойылған. Бірақ, 1926 жыл, 1939 жыл және 1959 жыл санақтарының мәліметтері кеңінен талданбаған, солай бола тұрса да мұрағат деректерінің құнды мәліметтерін пайдалана отырып, автор республикадағы жеңіл өнеркәсіп саласынын тарихын жан-жақты зерттеген.  1988  жылы  Қазақстан жұмысшыларының саны,  ұлттық, жыныстық құрамы, білім дәрежесі, мамандық түрлері мәселелерін қарастырған екі бөлімнен тұратын жинақ жарық көрді. Зерттеудің мерзімдік шеңбері 1917-1937 жылдар мен 1938-1960 жылдарды қамтыған.
Осы жылдары шыққан Х.Әбжановтың зерттеуінде ауылдық жерлердегі интеллигенция қауымының қалыптасуы, санының өсуі, ұлттық, жыныстық құрамы сөз болады. Еңбекте біз қарастырып отырған кезең де қарастырылады. Бірақ, 1939-1959 жылдар кезеңіндегі интеллигенцияның даму ерекшеліктерін ашу мақсат етіліп қойылмаған.

Республика тұрғыңдарының әлеуметтік-демографиялық дамуына арналған М.ХАсылбеков пен Ә.Б.Ғалидың 1991 жылы жарық көрген монографиясы қоғамдық ғылымдардың кеңес заманында қатаң идеологиялық тегеурінде болған саласы — тарихи демографияға бет-бұрыс әкеліп, жаңа методикалық деңгейде тарихи демография мәселелерін нақтылап, оны шешудің жолдарын да көрсетті. Бұл еңбекте Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық дамуы алғаш рет ұзақ тарихи кезеңге созылған елдегі кең көлемді әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерге негізделген біртұтас және сан-салалы процесс ретінде жан-жақты қарастырылған. Зерттеуде тарихи демографияның тарихнамасына, халық санақтарының қорытындыларына әлеуметтік, этнодемографиялық бағытта талдау жасалды. Сондай-ақ, ғалым Ә.Б.Ғали өз еңбектерінде 1897-1991 жылдар аралығындағы Қазақстаңды мекендеген халықтардың әлеуметтік-демографиялық дамуын жалпылай қарастырды. Автор зерттеуінде 1897-1926 жылдар арасындағы Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық дамуын жан-жақты талдап, 1926 жылғы санақ материалдарын кең қолданады, 1933-1934, 1937-1939 жылдар оқиғаларына ерекше тоқталып, сонан соң, 1960-жылдарға өтіп кетеді де, 1960-1980 жылдардағы этнодемографиялық даму ерекшеліктерін анықтайды. Ал, 1939-1959 жылдар арасындагы үрдістер Қазақстанның әлеуметтік, демографиялық дамуының ғасырлық тәжірибесінің жиынтығына енгізіліп, жеке мәселе ретінде қарастырылмайды, үстіртін зерттеледі.

Тарихи демография мәселесіне арналған зерттеулерімен белгілі демограф М.Б.Тәтімов еңбектерінде халықты зерттеудегі негізгі принцип ретіңде тарихилықты ерекшелейді. Ол өз монографияларыңда халықтың орналасуы эволюциясының әлеуметтік-тарихи заңдылығын анықтауды басты міңдет етті. Ғалым еңбектерінде халқымыздың Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, күні бүгінге дейінгі демографиялық дамуы нақтылы деректермен ашылған. Соңдай-ақ, онда демографиялық дербестікке, ұлтымыздың егеменді өз мемлекетінде сан жағынан басымдылықка жетіп, үрім-бұтағының кең жайылуының бағыттары көрсетіледі, қазақ халкының демографиялық болашағы жайлы болжам жасалынады.

1990-жылдары М.Қ.Қойгелдиевтің, Т.О.Омарбековтың және т.б. ғалымдардың еңбектеріңде асыра сілтеу жылдарыңдағы қазақ халқының демографиялық келбетін айқындайтын, халықтың санының азаюы мен апатқа ұшырауы салдарларын ашқан тұжырымдары жарияланды. Онда Қазақстаннан тысқары кеткен қазақтардың саны мен әлеуметтік құрамы жөнінде құнды мәліметтер берілген.
XX ғасырдың 80-90 жылдары демографиялык үрдістерге арналған М.Х.Асылбеков пен В.В.Козинаның монографиялары жарық көрді. Мұнда Қазақстан халқының өсіп-өнуі мәселесі экология мен денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылып, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының демографиялық процестерге тигізген әсері талдаңды.
Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы тарихының аймақтық аспектілері де зерттеушілер назарынан тыс қалмады. Жеке аймақта шоғырланған халықтың демографиялық және әлеуметтік дамуы жөніңдегі құңды еңбектің қатарыңда М.Н.Сыдықовтың еңбегі елеулі орын алады. Оңда Батыс Қазақстан өңірі халқының XIX ғасырдан XX ғасырдың 90-жыддарына дейінгі аралықтағы калыптасу және даму тарихы қамтылып, тұрғылықты халықтың саны мен ұлттық құрылымы мұрағат деректері мен халық санағы есептері негізіңде талданады. Автор бұл еңбегіңде 1920-жылдардың I-жартысы мен ұжымдастыру науқаны тұсындағы халқымыздың тарихыңдағы ақтаңдақтарды ашуға әрекет жасаған. Сонымен бірге, ғалым мұрағат деректерін пайдалана отырып, 1937-1959 жылдардағы Батыс Қазақстан халқының санын аныктауға зор үлес қосқан.

Сондай-ақ, Орталық Қазақстан және Жетісу тұрғындарының этнодемографиялық дамуын жан-жақты талдауда XIX ғасыр соңынан -XX ғасыр аяғына дейінгі аралықты қамтыған В.В.Козина мен М.К.Төлекованың монографиялары, табиғи қозғалыстағы өлім-жітім көрсеткішінің мәңді өзгерістеріне себеп болған экология мен денсаулық сақтау мәселелеріне арналған тоталитарлы жүйенің сынақ ретінде алынған Семей полигонының зардаптары туралы жазылған еңбектер жарияланды. Шығыс Қазақстан халқы туралы статистикалық мағлұматтарға толы, 1993 жылы жарық көрген Н.В. Алексеенконың еңбегіңде 1920-1990 жылдар аралығыңдағы халыктың өсу қарқыны мен ұлттық құрамына,  аймақтарға шоғырлануы мен экономикалық аудандарға топтастырылуына жете көңіл  бөлінген. Алайда, ол зерттеуіңде тек санақ материалдарын ғана салыстырғандықтан,  1939-1959 жылдар арасындағы 20 жыл ішіңдегі туу, өлім-жітім,  көші-қон,  халық  құрамының жылдарға байланысты ішкі ерекшеліктерін талдамайды.

Біздің тақырыбымызға қатысты Қазақстанның ауыл халкы жөніндегі Н.З.Тәкіжбаеваның монографиясында 1959-1979 жылдардағы халық санақтары негізінде тың деректер келтіріліп, әлеуметтік және ұлттық құрылым қарастырылады. Кеңестік кезенде «бұрынғы азаматтар» деген ұғымдарды зерттеуге идеологиялық тыйым салынғандықтан, 4,5 млн адамдай қазақ диаспорасының пайда болуы мен дамуын зерттеу мәселесі репрессияға ұшырау қаупімен бірге еске түсетін. Сол себепті, негізінен шетелдік зерттеулерде қарастырылып келген шет елдердегі қазақтар тарихы алғаш республикада Г.М Меңдіқұлова, А.В.Коновалова, З.Қинаятұлы, З.Е. Қабылдинов, Д.И. Ескекбаев т.б. еңбектерінде талдана бастады.

Академик М.Қ.Қозыбаев еңбектерінде нарыктық қайта-құрулар қарсаңыңдағы тәуелсіз Қазақстаңдағы тарихи-демографиялық ой-пікірлердің жағдайы ашылады, жан-жақты, объективті зерттеу мен концептуальды қайта түсініктеуді қажет ететін халықтану мәселесінің өзекті салалары сараланды. Кеңес өкіметінің 1930-1940 жылдары Казақстанға халықтарды күштеп қоныс аударуларының астарларын талдаған «Депортированные в Казахстан народы» атты жинақ 1998 жылы жарық көрді.
С.Айымбетовтың,  Л.Т.Қожакееваның,  А.И.Құдайбергенованың, А.М.Мамырханованың, А.М.Жаркенованың, З.Б.Шахаманның, А.А.Какенованың  және  т.б,  кандидаттық  диссертациялары  [34] Қазақстан халқының құрамындағы 1897-1979 жылдар аралығыңдағы өзгерістерін өздерінің зерттеу кезеңдеріне сәйкес талдайды. С. Айымбетов диссертациясында 1926-1939 жылдар аралығындағы Қазақстанда жүрген  этнодемографиялык  процестер  алғаш  рет қарастырылса, Л.Т.  Қожакееваның  жұмысында  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы Қазақстан халқының  құрамын,  жұмысшы табы  мен  ұжымшар шаруаларының,  интеллигенция  қауымының  саны  мен  сапасындағы өзгерістерді зерттеліп,  бір жүйеге келтірілді.  Сондай-ақ,  Қазақстан халқының әлеуметтік,  этнодемографиялық дамуы мен ұлттық құра-мындағы өзгерістер мәселесіне арналған мақалалар мен монографиялар, баспасөз материалдары жарық көруде,  алайда,  нақты  1939-1959 жылдар арасындағы кезеңге қатысты арнайы еңбек жоқ.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы тарихын кешенді зерттеуге негізделген кейінгі шыққан еңбектерде әлеуметтік және демографиялық даму арасыңдағы тығыз байланыс пен өзара тәуелділік қарастырылады. Бұл еңбектерде зерттеушілер қоғамның әлеуметтік дамуы мен онын жекелеген топтарын зерттеуде дәстүрлі идеологиялық догмалар мен стереотиптерден бас тартады. Жаңа методологиялық зерттеу жүйесіне сүйене отырып, республиканың ірі әлеуметтік қауымдастықтарының салалык, демографиялық, аумақтық және т.б. өзгерістеріне назар аударады.
XX ғасырдың соңғы 20 жылында қазақстаңдық тарихи демографиялық ғылымның халықтану мәселесі бойынша жарияланған еңбектердің авторлары көбінесе тарихи оқиғаларды ашып көрсетуді мақсат тұтқан. Сондықтан көпшілігінде демографиялық мағлұматта қосымша рөл атқарады. Сонымен бірге, тарихи-демографиялық зеттеулер осы саланың  кең ауқымды практикалық міндеттерін ашылуы жеткіліксіз болып табылады.

Диплом жұмысының деректік негізі. Диплом жұмысын жазу барысында кітапханаларындағы сирек қорда сақтаулы  кітаптар мен қолжазба бөліміндегі сақталған мерзімді баспасөздегі деректер, ғылыми зерттеулер қарастырылған. Сонымен бірге Итоги Всесоюзной переписи населения 1959 года, распределения занятого населения Казахской ССР областей и г. Алма-Аты по отраслям народного хозяйства. Алма-Ата: Государственный комитет Казахской  ССР по Статистике и анализу. Перепись 1939 года, документальный источник Центрального Государственного  Архива Народного хозяйства. Материалы к серии «Народы Советского Союза». (Москва: 1990)  сияқты статистикалық материалдарды қолданылды.

Сонымен қатар диплом жұмысының  деректемелік негізін 1939, 1959 жылдар Бүкілодақтық халық санақтары, статистикалық жинақтар, мұрағаттық және арнайы құжаттар, баспасөз мәліметтері және т.б. фактілік материалдар құрады. Санақ қорытындыларында берілген мәліметтер елде жүргізілген саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістердін, саясаттың көрсеткіші іспеттес.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. 1939-1959 жылдар аралығыңдағы 20 жыл ішінде дүние жүзінің көптеген елдер халқының құрамына зардабы тиген екінші дүние жүзілік соғыс болып өтті. Оның нәтижелерін дер кезінде санауға еліміздің экономикалық, мәдени және идеологиялық даму бағыты жібермеді. Бұл ең біріншіден, елдегі демографиялық хал-ахуалдың қолайсыздығының мемлекеттік саясатқа сай келмейтіндігіне ел басшысының сенімді болуына байланысты болды. Нәтижесінде, КСРО және Қазақстан бойынша халықтың этнодемографиялық дамуына толық сипаттама беретін санак тек 14 жылдан соң, 1959 жылы ғана жүргізілді. 1960 жылы мандайшасындағы «Ашық баспасөзде жариялауға болмайды», — деген ескертпемен «Қазақ КСР-нің тұрғындары, 1959 жылы жүргізілген санақ қорытындылары» кітабы жарық көрді. Алайда, санақтың барлық материалдары бұл кітапта жарияланған жоқ. Сол себепті мұрағат қорларыңда кездесетін республикалық, облыстық және жергілікгі статистикалық оргаңдардың, мекемелердің, мемлекеттік органдардың 1940-1959 жылдар аралығындағы халықтың механикалық және табиғи қозғалысы, эвакуацияланғандар, өлім-жітім деңгейлсрі туралы жүргізіп отырған ағымдық есептерінің соғыстан кейінгі жылдардағы елдің этнодемографиялық даму ерекшеліктерін зерттеуге байланысты деректік маңызы зор. 1991 жылы Қазақстан мемлекеттік статистика комитеті 1939-1989 жылдар аралығындағы Бүкілодақтық халық санақтарының негізгі көрсеткіштері туралы жинақ шығарды. Бұл жинақта 1939 жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының жалпы саны, қала мен ауыл тұрғындарының саны, жыныстық құрамы, республика халқының ұлттық құрамы, оның пайыздық көрсеткіштері берілді. 1970 жыл, 1979 жыл, 1989 жыл және 1999 жыл санақтарының жекелеген мәліметтерін халық құрамындағы өзгерістердің кейбір көрсеткіштерінің динамикасын көрсету мақсатында пайдаландық.

Халықтың көші-қоны туралы мағлұматтар көп уакытқа дейін КСРО бойышпа жарияланған емес. 1926 жылғы санақта ғана азды-көпті мәліметгер кездеседі. Ал, 1939, 1959 жылдар санақтары материалдарында көші-қон туралы мәліметтер жоқ. Санақ қағаздарына көші-қон туралы сұрақтар енгізілмеген. Онда тек КСРО бойынша көшіп-қону ұйымдастырылған түрде жүргізілді және ағымдық есеп мағлұматтары көші-қон туралы жеткілікті мәліметтер береді деп атап көрсетілді. Ал көші-кон процестерін зерттеу мемлекеттің жоспарлы ұйымдарымен органдарына ерекше бағалы болып табылмайды деп шешілгендіктен бұл мәселе 1959 жылғы санаққа енгізілмеген. Статистикалық басқармаларда 1953 жылдан бері ғана келген-кеткендер туралы мәліметтер жинала бастады. 1960-жылдары бір топ ғалымдар бұл мәселеге ерекше көңіл аудару қажеттігін негіздегеннен соң ғана 1970 жылғы санаққа  көші-қон туралы бөлім енгізілді.

Жер  аударылғандар,  депортацияланғандар  туралы  арнайы  тарихи әдебиеттер мен IIХК-ның құжаттары жариялана бастады. Алайда, объективті деректер жұтаң, себебі, депортацияланған халықтар туралы мағлұматтар алу, жинау өте құпия түрде жүргізілді. IIХК-ның (кейінгі ІІМ) рұқсатынсыз олардың есебін алғандар жазаланып отырылды. Мысалы, 1953 жылы сол кездегі Алматы облыстық Атқару комитетінің төрағасы А.Арыстанбеков Алматы, Іле, Жамбыл, Шелек, Енбекшіқазақ және Қаскелең аудандарындағы дұңғандар мен арнайы қоныстандырылғаңдардың бір бөлігін жұмыс қолына зәру Нарынқол, Кеген, Ұйғыр аудаңдарына көшіру мақсатында олардың ұлттық белгісіне сәйкес саны туралы мағлұмат жинауды Алматы облыстық статистикалық басқарманың төрағасы АН.Ивановқа жүктегені үшін жазаланды. Екеуін «рұқсатсыз мағлұмат жинады», — деген желеумен орындарынан алып, жауапқа тартты. Ал, олардың жинаған мәліметтері жойылып жіберілді.
Табиғи қозғалыстағы өлім-жітім, туу көрсеткіштері туралы ағымдық мағлұматтар статистикалық органдарда жинакталып отырды. Бірақ, 1939 -1959 жылдар аралығыңдағы деректер үстіртін мағлұматтар береді. Себебі, жергілікті жерлерде табиғи қозғалыс деректерін есепке алу ісіне салақтықпен қараған. Ауылдарда бірнеше айлар бойы туылғандар мен өлгендер тіркелмей қалатын, ал, азаматтық хал актілерін тіркейтін мекемелер есіктерінен қара құлып түспейтін кездер болған. Мысалы, 1955 жылғы мәлімет бойынша, Ақмола облысында қазан-қараша айларыңда туылған 1391 адамның 55-і тіркелген. Ал, аудаңдардың АХАТ бөлімдері мен паспорт столдары қызметкер болмағандықтан, 4-5 айлап жабық тұратын. Бұндай оқиғалар республика бойынша кездесетін.
1940—1970 жылдар аралығындағы статистикалық басылымдарда туылғандар мен өлгеңдердің 1000 адамға шаққаңдағы табиғи өлім, неке мен ажырасу сандарынан өзге мағлұмат жоқ. Тек кейінгі санақтарда ғана толық есеп жүре бастады. 1989 жылғы және 1999 жылғы санақтарда туу айлары, ұлттары, анасының жасы, өлген әйел — ерлердің жас мөлшерлері, бала өлімі, өлім-жітім себептері айтылады.
Сонымен, санақ мәліметтері, статистикалық материалдар, мұрағатгық құжаттар мен косымша мағлұматтарды ой елегінен өткізіп салыстырмалы түрде саралап, фактілердің объективтілігін анықтау арқылы Қазақстан халқының әлеуметтік, этнодемографиялық өзгерістерін анықтауға мүмкіндік аламыз.