Қазақстан
территориясындағы
көне түркілер
Түрік қағанаты
халқының кәсібі,
тұрмысы
Көне
түркілердің
дінге
сенушіліктері
«Түркі»
түсінігі. Көне аңыздар
мен
жазбаларда
ежелгі түріктердің
шығуы туралы
түрлі жорамалдар
бар. Солардың
бірінде «түрік»
сөзі «төркін»,
яғни «әскери ақсүйек»
деген сөзден
шыққан деген
пікір
кездеседі.
542 жылы қытай
шежірелерінде
алғаш «түрік»
атауы аталған.
Қытайлар түріктерді
ғұндар деп
санаған. Қытай
шежірелерінде
«теле» сөзінен
«түрік» сөзі
шыққан. «Теле» мен «түрік»
сөзі бір мағынаны
білдірген. Аңызға
қарағанда, көк бөрілер ұрпағынан
таралған тайпалар
өздерін «түрікпіз»
деп атайды. Көк бөріден
он ұрпақ тараған
көрінеді. Түріктер
өздерін көне сына
жазуларында
«он оқ будун»
деп атаған.
Ол он ұлдан
тараған ел дегенді
білдірген.
Осы
жергілікті
тайпалар
бірігіп, өздерін
«түрік»
деп атайды.
Түрік қағанаты
(552-603 ж.ж.). 552 жылы
түрік
тайпалары
бірігіп түрік
қағандығын-мемлекетін
құрған.
Түрік қағандығы
552-744 жылдары өмір
сүрді. VI ғасырда
сол кездегі күшті
мемлекет-Түрік
қағанатының қол
астына
қазақ жері қараған.
Қаған-елді басқарушы,
ең жоғарғы
билеуші, ал ең
жоғарғы қолбасшы-әскери
басшы болды.
Ол барлық
жердің қожасы
саналды.
542-553 жылға
дейін Түрік қағанатын
Ашина
тайпасынан
шыққан Бумын қаған
басқарған. Ол
Түрік қағанатының
негізін
салушы қаған.
Ол түрік
тайпаларының
атақты көсемдерінің
бірі болған.
Бумын қаған
тұсында түріктер
күшейіп, 552
жылы (аварларға)
жужаньдарға
қарсы соғыста
жеңіске
жетеді. Осы
кезден
бастап Түрік қағанаты
билік құрады. 552
жылы Бумын «қаған»
атанды. Түріктер
алым-салықтан
құтылып, өз
бостандығын
алады. Бумын қаған
«вехан»
лауазымын
алады. Ол
«халықтар әміршісі»
деген мағынаны
білдірген.
Содан Түрік
мемлекетінің
негізі қаланып,
Хангай
жотасынан
Карпатқа
дейінгі аумақты
иеленеді.
Түрік
тайпаларына
азаттық әперген,
қағанаттың
іргесін қалап,
шаңырағын
көтерген
Бумын «хан»
деп
жарияланды.
Ол 553 жылы дүниеден өтеді.
Оның
інісі Мұқан қаған
(553-572 жылдары) билік құрған
кезде қатты күшейеді.
555 жылы Түрік қағанатына
бүкіл Орта
Азия бағынады, көптеген
елдер
мойындайды,
алым-салық төледі.
Түрік
қағанаты халқының
кәсібі, тұрмысы.
Түрік
тайпалары мал шаруашылығымен
айналысты.
Жылқы мен қой
өсірген. Киіз
үйлерде тұрған.
Түйе, өгіз
жеккен
арбаларды
пайдаланған.
Аңшылықпен шұғылданды.
Жолбарыс,
барыс, түлкі, құндыз
және басқа аңдарды
аулаған.
Олардың
терілерінен
киім тігіп, айырбас
саудаға түскен.
Көшпелілер мал, оның
еті, жүні,
терісін, отырықшылардың
астықтарына
бидай, тары, қолөнер
кәсібі өнімдеріне
айырбас
жасаған. Олар
тіршілікке қажетті
өнімдерді өндірген.
Негізгі кәсібі
мал бағу болғанымен,
егін егумен
де айналысты.
Суармалы
алқаптарда
тіршілік
жасаған
отырықшы
халық егін
егіп, бау-бақша
өсірген.
«Ұлы Жібек
жолы» елді
басып өтті.
Сауда саттықтың
өркендеуі, жол
бойында қалалардың
көркеюіне әкелді.
Құлан, Нәуакет
(Шу алқабы), Тараз,
Мерке қалалары
сауда мен қолөнердің
орталықтарына
айналды.
Көне түркілердің
дінге
сенушіліктері. Қазақтар
ертеде пұтқа,
яғни Көкке,
Жер мен Суға,
Отқа табынған.
Түрік тайпалары
«Тәңірі-біреу»-бұл
«Құдай жалғыз»
деп түсінген. Олар
отты «әулие»,
«От-Ана» деп
қасиет тұтқан.
Отты үйдің сақтаушысы,
қамқоршысы
деп санаған.
Оттың қаһарынан
қорқып, отпен
ант берген.Ислам
діні Шығыста
христиандықты
будда дінін,
зороастра
діні мен
жергілікті пұтқа
табынушыларды
ығыстырып, көшпелілер
арасына таралды.
Ислам
дінінің нығаюуы
ғылым мен
білімнің
дамуына ықпал
жасады. Ислам
діні Орта
Азия мен Қазақстанға
арабтардың
жаулап
алуынан
бастап ене бастады. Қазақтар
ислам дінін ұстанады.
Көне
түркі жазбалары.
Ертедегі
түркі
жазуы. Түрік
тайпаларының
әліпбиі 35 әріптен
құралды. Ол
алғашында ру-тайпалардың
таңбалары
бойынша
жасалған. Түріктердің
төл
жазуы-руна
жазуы деп
аталады. Бұл
жазу ежелгі
скандинавиялық
руна жазуына ұқсас
болған. «Руна»-
«ескі», «көне»
деген мағынаны
білдіреді.
Ежелгі түрік
жазуының
ескерткіштеріне
тастағы
жазулар
жатады. Мұндай
ескерткіш
жазулар
ХVІІІ- XIX ғасырларда
Моңғолиядағы
Енисей және
Орхон өзендері
бойынан
табылған. Бұл
жазулардың көпшілігі
қайтыс болған
адамдардың басына
қойылған құлпытасқа,
жартастарға
ойылып жазылған.
Осы жазу
табылған
жердің атына
байланысты
«Орхон-Енисей
тас жазуы»
деген атпен
белгілі. Бұл
түркі руна
жазуларында VІ-VІІІ
ғасырлардағы
түрік қағанатының
тарихы, қолбасшылар
мен қағандардың
өмірбаяны,
ерліктері
мадақ
ретінде қысқаша
баяндалған.
Осы
ежелгі түрік
жазулары-Білге
қаған, Күлтегін,
Тоныкөктің құрметіне
арналған
тарихи
ескерткіштер.
Күлтегін
(684-731)-әскери
қайраткер, бас қолбасшы,
атақты батыр.
Ол бүкіл
түрік
мемлекетінің
әскерін
басқарған. Күлтегін
әскер басы,
Білге қаған, Тоныкөк
кеңесшісі
болып тұрған
15 жыл, қағанаттың
ең гүлденген,
мерейі тасыған
кезеңі болды.
Күлтегін,
Білге, Тоныкөк мемлекетті
күшейту мақсатында
көптеген
жорықтарға қатысып,
жеңіске
жетіп отырған.
Олар
бар күшін Түрік
мемлекетін
біріктіруге
жұмсайды. Осы мақсатта
ішкі және
сыртқы
жаулармен күрес
жүргізеді.
Осы шайқастарда
Күлтегін өзін
тамаша қолбасшы,
батыр
ретінде көрсете
білді. Күлтегіннің
жауынгерлік
жорықтары
туралы қабіріне
қойылған құлыптасқа
ойылып
жазылған. Ғылымда
«Күлтегін»
жазуын
«руна»
немесе «сыры ашылмаған»,
«құпия» жазу
деп атайды. Күлтегін
ескерткіші қазіргі
Монғолия
мемлекетінің
астанасы
Улан Батордың
батысынан
табылды. Ескерткіш
астанадан 400
шақырым
жердегі ескі қорғанның
маңында орналасқан.
1889 жылы осы
ескерткішті
алғаш орыс ғалымы
Н.М.Ядринцев тапты. 1893
жылы Дания
мемлекетінің
ғалымы
Вильгелм
Томсен
Людвиг Петер онда
жазылған алғашқы
сөздер «тәңір»
және «түрік»
сөзі
екендігін анықтаған.
Француз
тіліне
аударып,
жазуды оқудың
сырын дүние жүзіндегі
халықтарға
танытқан.
«Күлтегін»
жырының
авторы сол
кезде өмір сүрген
атақты ақын Иоллығ
Тегін
болатын. «Күлтегін»
жыры біздің
бабаларымыздың
жауынгерлік
даңқын, елдің
бірлігін паш
еткен тамаша
шығарма.
731 жылы
Күлтегін 47
жасында қайтыс
болғанда,оның
басына ел
тарихын
жазып,
Орхон-Енисей
жазбалары арқылы
ескерткіш орнатылады.
Бұл тасқа қашап
жазылған
ескерткіштің
көшірмесі
Еуразия ұлттық
университеті
бас ғимаратының
төрінен орын
алған.
Тоныкөк
(шамамен 646-731)-Түрік
қағанатының
көрнекті
мемлекет және
қоғам
қайраткері,
бас қолбасшысы,
ойшылы, ақын
болған. Ол
білімі бар
елші де
болды. Ол түріктер
елінің үш қоғам қайраткері,
қолбасшысы:
Елтеріс, Қапаған,
Білге қағандардың
ақыл
беретін кеңесшісі
болған. Құтылықтың ұлдары
Білге, Күлтегінмен
бірге Тоныкөк
түргештер
тайпасы мен қытайларға
қарсы жорықтарды
басқарған.
Тоныкөк түріктердің
жауынгерлік
даңқын әлемге
танытқан
батыр қолбасшы.
Ол түрік әскеріндегі
ең жоғарғы мәртебе-Апа
Тар хан, яғни
«түрік әскерінің
саяси
жетекшісі»
деген
лауазымға ие
болған.
Кемеңгер
ойшыл Тоныкөк
көрші елдер және
тайпалармен достық қатынаста
болу керек
деп санаған. Тас қабірлерде
түркі елінің қуанышын,
ерлігі мен
елдігін
жырлап тасқа қашап, мәңгілік
мұра қалдырған.
Бұл
жазу
Орхон-Енисей
жерінде
табылған, сондықтан «Орхон-Енисей
жазбалары» деп
аталады.
Тоныкөк дүниені
таңқалдырған
«Тоныкөк»
эпосының
авторы. Тас
жазуда із қалдырған
қолбасшы әрі
дарынды ақын.
Әлем халықтары
біздің
ата-бабаларымыздың
даңқы
мен ерлігін, қасіретін
тастағы қашап
жазылған жыр
арқылы танып біледі.
Білге
қаған (681-734) —
Шығыс түрік қағанатының
қағаны. Білге-Түрік
батыры Күлтегіннің
ағасы. Түрік қағанатын
күшті
мемлекетке
айналдырып,
еліне бейбіт өмір
орнату үшін
Білге Күлтегінді әскербасы,
ал ақылгөй батыр
Тоныкөкті
мемлекеттік
кеңесші етіп
тағайындады. Сөйтіп,
Білге, Күлтегін,
Тоныкөк ақылмен,
адалдықпен, қайраттықпен
өзара тіл
табысып,
елін-жерін қорғап,
бейбітшілік
орнату үшін
бірлесті.
Ақылды
да, қайратты Білге қаған,Тоныкөк,
Күлтегін түрік
еліне бейбіт өмір
қажеттілігін
түсініп,
оны орнатуға ұмтылады. Білге қаған
тұсында 20 жыл
шамасында қытаймен
екі ел
арасында
бейбіт өмір қалпына
келтіріледі.
Білге, Құтылық,
Күлтегін,
Тоныкөк қағандар
және басқа
батырлар мен
даналардың
елдің
бірлігі мен
оны қорғау
жолындағы
ерлік
істері-Білге қаған
ескерткіштерінде
жазылған.
Бірлесіп
ынтымақта
болған түрік
халқын жеңетін күштің жер
бетінде жоқ
екенін
баяндайды. Түріктің
күші олардың бірлігінде
екенін
ерекше
айтады. Бұл
ескерткіш-көне
түрік
тілінде
жазылған. Ескерткіш
атақты Білге
ханға арналған.
Ондағы жазулар
көлемі мен
мазмұны жағынан үлкен,
тас мүсіндер
мен бағаналарға
қашап жасалған
өрнек жазу.
Бұл
ескерткіш
тасбақа
жонына, күншығысқа
қаратып
орнатылған түріктердің
азаттығы мен
бірлігін,
батырларының
ұлы
ерлігін
жырлаған мәңгі өшпес
мұра.
Қазіргі
таңда Орхон
ескерткішінің
жастарға үлгі
болатын
жақтары да
баршылық. Бүгінгі
таңда «Мәдени
мұра» бағдрламасына
сәйкес көне түркілердің
тасқа жазылған
жазуларын
зерттеу сақтап
қалуға назар
аударылады. Еліміздің
зиялы
адамдары түрік
халықтарының,
соның ішінде қазақ
халқының
асыл мұрасын осы «Күлтегін»
ескерткішін
сақтап қалу
жайлы мәселені
көтерді. Күлтегін
ескерткішінің
көлемі
41.1 және
ұзындығы 102.5. «Күлтегін»
ескерткішіндегі
жазулар VIII ғасырда
жазылған.
Ескерткіштің
биіктігі
3,15 метр, ені 1,24
метр, ал қалыңдығы
0,41 метр.1997 жылы
Иманғали
Тасмағамбетов
Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы
Назарбаевқа
хат жазады. Бұл
хатта көне ескерткіштің
көшірмесін Қазақстанға
алып келу
керектігі
жазылады. Елімізден
арнайы
делегация ұйымдастырылып,
Улан
Батордан
ескерткіш көшірмесін
әкелуге рұқсат
сұрады.
Елбасының
келісімімен
осы
ескерткіштің
көшірмесі
Жапон
мемлекетінің жаңа
технологиясымен жасатылды.
Тоныкөк
ескерткішін
ағалы-інілі
Д.А.Клеменц
пен Е.Д.Клеменц
деген
адамдар
Налаяха
станциясының
төңерегіндегі
қорымды зерттеп
жүргенде
тауып алады.
Бір жылдан соң,
яғни 1898 жылы
Тоныкөк ескерткішінің
фотосуреті
мен
эстампажы
жасалады. Ғалым
В.В.Радлов осы
фотокөшірменің
негізінде
жазудың
аудармасын
жасап, неміс
тілінде
баспадан шығарады.
Ескерткішке қызығушылық
танытқан бірқатар
ғалымдар оның
құпия-сырын
ашуға ұмтылады.
Ондағы
жазулардың тарихын
зерттейді. 1909
жылы Г.
Рамстед, 1920
жылы Б.Я.
Владимирцев,
ал 1957 жылы
П.Алто сияқты
ғалымдар
арнайы еңбектер
жазды.
Ескерткіш жазуымен
француз ғалымы
Р.Жиро да
айналасты.
Бабаларымыздан
қалған асыл мұраны
еліміздің ғалымдары
үнемі
зерттеп
келеді.
М.Томанов, Ф.Құрышжанов,
Ғ. Айдаров, Қ.Өмірәлиев,
М.Жолдасбеков
сияқты ғалымдарымыздың
қажырлы еңбектерінің
арқасында
Тоныкөктің
кім екендігін,
жазуда не
айтылғанын
білуге жағдай
жасалды. Ал ақын Қадыр
Мырза-Әли
осы жырдың көркем
аудармасын
жасады. Қол бастаған
әскербасы
батыр
бабамыз
Тоныкөк
деген атаққа
ие болған.
Тоныкөк сөзі қандай
мағына
беретіні жөнінде
ғалымдар
арасында түрлі
пікірлер бар.
Бұл сөздің
мәні әлі толықтай
анықталмай
келеді. Тоныкөк
өзінің жырын
бір-біріне
қарама-қарсы
орнатылған төрт
қырлы екі баған
тасқа қашап
жазған. Ғалымдардың
айтуынша, бұл
ескерткіш VIII ғасырда
жазылса да,
жазулары әлі күнге
дейін анық және
жақсы сақталған.
Баған тастың
оң жақтағысының
биіктігі 1
метр 70
сантиметр.
Бірінші бағанда
1- 36 жолдары тасқа
қашалып жазылған.
Ал екінші баған
тастың
биіктігі 1
метр 60
сантиметр. Бұнда
37- 62 жолдары
жазылған.
Әл-Фараби (870 – 950 жж.) – Орта Азияның ойшылы, аса көрнекті энцеклопедист ғалым. Ол философия, математика, физика, геология ғылымдар саласынан 150 астам еңбек жазған.