Басты бет Бейнегалерея Жүніс Татановты өз үйінің алдында атып өлтірген

Жүніс Татановты өз үйінің алдында атып өлтірген

14.09.2017

Зайсан қаласында сақталған көне тарихи ғимараттардың бірі – қазақ байы Жүніс Татановтың үйі. 1917 жылдары Алаш партиясының Зайсандағы штаб-пәтері болған бұл үйге Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Райымжан Мәрсекұлы, т.б. уақытша тұрақтаған.

Кейін совет үкіметі орнаған кезеңде үй қожайыны Жүніс Татановты қақпа алдында ішіп алған мас большевиктер атып өлтірген. Бір қызығы, осы ғимарат 50-інші жылдары қазақ мектебі болып тұрғанда бізге баяндап беруші Фемистокл Жүнісов үй иесінің немересімен бірге оқыған екен.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз