Жарияланымдар

Колпаковскиймен кездесу

05 Наурыз 2018
412
0
Колпаковскиймен кездесу
Бүгін Алаш ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі, Алаш Орда үкіметінің төрағасы, ұлы саяси қайраткер Әлихан Бөкейханның туған күні

Белгілі әлихантанушы Сұлтан Хан Аққұлы бұл оқиғаның желісін Әлиханның өзінен кейінгі інісі Әзіханның үлкен ұлы – Райымжан Бөкейханнан 1991-ші жылдың жазында жазып алған екен. Әлихан Бөкейхан шығармаларының ХV томында жарияланған хикаяны назарыңызға ұсынамыз.

Оған сәйкес, қызмет бабымен Қарқаралы оязының әкімшілік орталығына келген Дала генерал-губернаторы кнәз Герасим Колпаковский ісі біткен соң, жергілікті қазақ-орыс қолөнер училищесінің жайын көрейін деген оймен ат басын бұра кетеді.

Келген бойда ол өз алдында сап түзеп тұрған оқушыларға қарап, Смахан төре атап көрсеткендей:

– Омбы мен Қарқаралының 760 шақырымдық арасын жүріп өткен менің пәуескемнің дөңгелегі неше рет айналды, кім айтып береді? – деп сұрайды.

Бір сәт үнсіздікті, басқа құрдастарымен салыстырғанда бойы орташа, бірақ дене бітімі шымыр көрінген бір ақсары бала қайыс белбеуін шешіп алып, пәуеске дөңгелегінің диаметрін өлшеп алып, жерге сызып есептеп отыра кетеді. Көзді ашып жұмғанша есебін аяқтаған әлгі бала генерал-губернатордың бетіне қаймықпай тік қарап тұрып сақылдап тұрып жауабын береді.

Баланың есепке жүйріктігіне және әсіресе тапқырлығы мен батылдығына қатты сүйсінген кнәз Г. Колпаковский, әлгі баланы нұсқап тұрып, «оқуын бітірген соң мына оқушыны Омбыға оқуға жібер!» – деп мектеп директорына тапсырады.

Тағы бір әңгімеге қарағанда, Дала генерал-губернаторы Әлиханды сол жерде өзінің пәуескесіне отырғызып Омбыға алып кетіп, техникалық училищеге орналастырған көрінеді. Бұл әңгіменің де ауылы шындықтан
алыс емес сияқты.

Қалай дегенмен де, Әлихан Бөкейханның 1886-1890-шы жылдар аралығында Омбының техникалық училищесінде оқып, бітіргені тарихи жайт! Ал орыс генерал-губернаторының қазақ баласын Омбы техникалық училишесіне (ОТУ) бергізуінің басты сыры басқада болатын»...

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Telegram - каналымызға жазылыңыз!

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ең көп оқылған
Сауалнама

105 жыл бұрын негізі қаланған Қазақстан футбол құрамасының ӘЧ қатысуы үшін не керек?