Жарияланымдар

Ақтөбеде ежелгі Отырар көрмесі ашылды

03 Сәуір 2014
279
0
Ақтөбеде ежелгі Отырар көрмесі ашылды
Ақтөбеде облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ежелгі Отырар қаласынан табылған экспонаттардың көшпелі көрмесі ашылды

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Отырар археологиялық мұражай-қорығының көшпелі көрмесі ашылды. Ұсынылған экспонаттар ежелгі Отырарды қазу кезінде табылған. 

Отырар – тарихы екі мыңдай жылды санайтын, Орта Азиядағы ежелгі қалалардың бірі. Өзінің берекелі географиялық жағдайының арқасында Отырар алқабы – Жібек жолының бірнеше тарихи тараулар қиысында болған. Сол себептен қалада өркениет өте жақсы дамыған, ол туралы қазу кезінде табылған әр түрлі қолөнершілердің табылған бұйымдары ғана емес, сонымен бірге сутартқыш, монша және канализация қалдықтары да сол туралы куәландырады.  Қалада көше, орам және алаңдардың нақты жоспары болды. Ал мәнеттік безеубас, сутартқыш және канализацияның болуы қала өмірінің дамығаны туралы айтады.

Көрмеде ұсынылған экспонаттар біздің заманымызға дейін 8 ғасырдың басымен даталанады. Олардың арасында балшықтан жасалған үй аспаптары, алтын және күміс тиындар, зергерлік бұйымдар, кітаптар, ежелгі моншалардың фрагменттері және алғашқы сантехника.

Көрме сәуірдің соңына дейін жұмыс істейді.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ең көп оқылған
Сауалнама

Қазақ-жоңғар шайқасы туралы тарихи драмалық көркемфильмдердің қайсысы көңілінізден шықты?