Жарияланымдар

Лондон қонағының жазбалары

28 Наурыз 2014
184
0
Лондон қонағының жазбалары
Англияға барған уақытта көрген өзімнің әсерлерімен бөліскім келеді. Ұлы Абайдың мынандай өлең жолдары бар: «Болмасаң да ұқсап бақ, бір жақсы адам көрсеңіз».

Ш.Нагимов Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті,

2013 жылы 5 маусымда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Мемлекет хатшысы Марат Тәжіннің төрағалығымен Қазақстанның ұлттық тарихын зерттеу бойынша Мекемеаралық жұмыс тобының кең отырысы өтті. М. Тәжін баяндамасында Қазақстан тарихын зерттеуде маңызды құндылықтар мен бағдарларды анықтау туралы ой жазылған, ұлттың мәдени руы – тіл, рух, дәстүрлер мен мәдениетті сақтау қажеттілігі туралы айтылған. Жоғары оқу орнында жұмыс істейтін тарихшы ретінде осы форумда айтылған қорытындылар мен ұсыныстар мен үшін маңызды.

Осыған байланысты мен Англияға барған кезде көрген әсерлерімен бөліскім келеді. Өйткені ұлы Абайдың мынандай өлең жолдары бар: «Болмасаң да ұқсап бақ, бір жақсы адам көрсеңіз».  Менің терең пікірлерім бойынша 10-шы маусымнан 18-ші шілде аралығында осы сапарларымыз біздің тәуелсіздіктің арқасында болды. Кеңес уақытында ол үшін армандай алмадық.

Мен бала кезімнен ағылшын әдебиетіне табынушы болдым, Р.Л. Стивенсон, Д. Дефо, В. Скотт, Ч. Диккенс, А.К. Дойлдың романдарын қызыға оқыдым. Сондықтан осы ұлы ойшылдардың отандарына барып келуді армандадым. 2013 жылы 10 шілдеде Ұлыбритания астанасы Лондон қаласына келді. Лондонда көргендерім мені таң қалдырды. «Егер сіз Лондонда тұрудан жалықсаңыз, яғни сіз өмір сүруден де жалықтыңыз, себебі осында өмірдің барлық қызықтары бар», – осылай XVIII ғасырда С.Джонсон жазған болатын. Бүгін Лондон – үлкен қала-космополит, оның көлемі 16000 ш. шақырымды қамтиды. Деректер бойынша 2012 жылы қалада 8 миллионға жуық адам өмір сүреді.

Менің көзқарасым бойынша өзінің өткеніне, тарихи орындары мен мәдениет ескерткіштеріне деген таңқаларлық ұқыпты қараушылық ағылшындардың өзгешелік белгісі болып табылады. Осы тамаша халықтан біз осыған үйрену керекпіз. Орталық көшелер мен тарихи ескерткіштер (олар қалада көп) әр ұрпақ өзі үшін қайтадан ашатын, Лондонды  құрастырған атақты әйелдер мен ер адамдарды еске түсіреді. Біздің Астана – уақыт өте келе, әлемнің әдемі қалалардың бірі болатынына сенімдімін.Құжаттарда жазылған Лондон тарихы Вестминистер орнында шалшық болған уақытына шығады. Римдіктер б.з. шамамен 60-шы жылдарда қазіргі Сити ауданының аумағында орналасты, Темза арқылы көпірді және көптеген саудагерлерді қызықтыратын атақты сауда орталығын құрды. Бүгін Лондонның барлық тамаша назар аударарлық орындар, ғажайып сарайлар, Вестминистер сарайы, Парламент және Үкімет ғимараттары, ІІ Елизавета патшайымның резиденциясы, Трафальгар алаңы, биіктігі 96 метр Биг-Бен сағат мұнарасы Темзаның сол жағында орналасқан. ХХІ ғасырдың тамаша Лондон-Айға (Лондон көзі) көтеріліп, ұшы биіктігінен тарихи ескерткіштердің барлық кешенін көруге болады. Бұл дөңгелек велосипед дөңгелегінің үлгісі бойынша жасалған, биіктігі 140 метр, 32 капсуласы бар. Әр капсулаға 20 адам сыяды. Дөңгелек айналып, тәулігіне 16 сағат жұмыс істейді. Қаланың басты назар аударарлық орындары туралы айтқан кезде, Лондондағы лордтар палатасы және қауымдар палатасы бар британ парламенті орналасқан атақты Вестминистер сарайы туралы өз әңгімемді бастау қажет деп есептеймін. 1042 жылы таққа отырған патша Эдуард Исповедник үшін алғашқы сарайы құрылған.

Ағылшын парламенті өзінің жұмысын 1265 жылдан бастады. 1550 жылдан бастап Киелі Стефанның бай безендірілген кішкентай шіркеуінде қауымдар палатасы мен лордтар палатасының отырыстары бөлек өтті. Осы уақытта әсемдік Вестминистер-холы ғажайып әдемі арқалық салып жабу және періштердің әр түрлі пішіндерімен толықтырылған. 1669 жылы таққа ІІ Карл отырғанда, шатырдың шынында Оливер Кромвелдің бас сүйегі орнатылған, ол сол шатырда 25 жыл тұрған. Әрине, Стюарт әулеті өкілдерінің О. Кромвел тұлғасына деген осындай қатыгездік қазір ешкімді таң қалдырмайды. Өйткені ағылшын буржуазиялық төңкерістің аса көрнекті қызметкері алғашқы болып, сол уақыттағы монархиясына қарсы шықты, нәтижесінде І Карл эшафотқа келуге мәжбүр болды. Алайда уақыт өзгерді, Англия халқы О. Кромвель еңбегін бағалап, парламентке қарама-қарсы оған тамаша ескерткіш орнатты, енді оның қола мүсіні Ричард Арыстан жүрегі ескерткішінің жанында тұр. Парламенттің жанында ағылшын сәулет өнерінің жауһары – Вестминистер Абаттылығының ғимараты орналасқан. Абаттылық ғимаратының жанында сэр Уинстон Черчилльге арналған ескерткіш орнатылған. У. Черчилль есімі Ұлыбританияның көптеген тұрғындары арасында ерекше күйзеліспен айтылады. 2002 жылы ағылшындар арасында 100 үздік британдықтарды анықтау бойынша сауалнама өткізілді, соның нәтижесі бойынша Черчилге 1-орын берілді. Әрине У. Черчилль бір қатарлы емес саясаткер болды. Оның Кеңес Одағына деген қатынасы бізге белгілі. «Суық соғыстың» негізін қалаушы деп әділ есептейді. Сонымен қатар ол Екінші дүниежүзілік соғыстағы одақтастардың жеңісіне үлкен үлесін қосты. Соғыстың ең қиын минуттарында ол өз халқымен бірге болды. 1940 жылы мамырда ол ұлттық коалициялық үкіметтің премьер-министрі болды. Ол лауазымға тұрған уақытта өзінің атақты сөз сөйлеуінде былай айтқан болатын: «Қан, күрес, жас және теріден басқа, мен сізге ештеңе ұсына алмаймын». Вестминистер аббатылығына қатысты айтатын болсам, елдің дворяндық, саяси және аристократтық тарихын көрнекі түрде көрсететіндіктен, ол ағылшындар үшін киелі орындардың бірі болып саналады. Осында патша, патшайым, ақындар, саясат және шіркеу қызметкерлерінің мазары орналасқан. У. Черчилль мазары мәрмәр тақтасымен безендірілген және Белгісіз сарбаздың мазарының жанында орналасқан.

Вестминистер аббаттылық ғимаратынан Лондондағы Даунинг-стрит атақты көшелерінің бірі басталады. Даунинг-стрит көшесіндегі 210 үйі 250 жыл бойы британ премьер-министрлер резиденциясының рөлін орындағандықтан әйгілі. Бұл ғимарат көтерілістен өзің қақпаға бұғаулап қойған суфражистерге дейін  және соғыс соңында сэр У. Черчилльге салтанатпен құрмет көрсеткен кездегі әр дәуірдің атақты куәгері болды. Осы үйде премьер-министр Маргарет Тэтчер жұмыс істеген. Даунинг-стрит Уайтхоллға дейін жетеді, онда мемлекеттік министрліктер орналасқан, салтанатты шерулер, Бірінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлер құрметіне Кенотафт, монументтың жанында жыл сайынғы салтанатты мерекелер өтеді. Осы елдің тұрғындары өзінің ұлттық батырларын мәңгі есте қалдыруына үлкен мағынаны беретінін, Англияда болған адам еш қиынсыз көре алады.  

Белгілі Трафальгар алаңында орнатылған адмирал Т. Нельсонның колоннасы осы жоспарда қандай маңызы бар? Өзінің қарқынды мансабы мен адмирал шені үшін ол ең алдымен өз теңізшілеріне деген қатынасында көрсеткен құрметіне борышты. 1805 жылы 21 қазанда Нельсон басшылығымен ағылшын флоты  Трафальгар кезінде француз флотын бұзды. Осы шайқас алдында Нельсон экипажға жолдаған сөзінде былай айтқан болатын «Әрбіреуіміз жеке борышын орындайтынына Англия күтуде». Сол шайқаста Нельсон жарақат алып, қайтыс болды.

Наполеонға қарсы соғыста ағылшын әскеріне басшылық еткен Англияның ұлттық қаһарманы, Веллингтон герцогі Артур Уэсли құрметіне  сол Трафагарск алаңында ескерткіш орнатылған. 1815 жылы Ватерло кезінде «Темір герцог» Наполеонды жойқын жеңді. Көптеген ескерткіштер арасында ерлік символы және ағылшын халқының қажымас рухы ретінде лордтар палатасының ғимаратына қарама-қарсы орнатылған Боудикка мүсіні ерекше бөлінеді. Біздің заманымыздың І ғасырда Боудикка ағылшындардың рим легионерлеріне қарсы көтерілісінің жетекшісі болды. Сақтар өкілі Томирис, қыпшақ жауынгері Разия, Кенесары қарындасы Бопай сияқты әйел-қаһармандарымызға ескерткіштерді орнатсақ, жақсы болар еді.

Лондонның назар аударарлық орындары ішінде көптеген корольдық сарайлары ерекше орынды алады. Әйгілі Бугингем сарайы Ұлыбританя патшайымы ІІ Елизаветаның резиденциясы болып саналады, оның айналасында көптеген тарихи объектілер мен ескерткіштері бар үлкен корольдық бақша орналасқан. 

Букингем сарайының алдында есімі тұтас дәуірмен байланысты Виктория патшайымға (1819-1901) арналған ескерткіш орнатылған. Ұлыбритания мен Ирландия Біріккен Патшалығының патшайымы, ал 1876 жылдан бастап Үндістан патшаханымы, Виктория патшайымы қажымайтын және қайсар адам болған, тоғыз баласы болды. Оның алғыр ақылы оған елді басқаруға көмектесті. Оның ұзақ басқаруы «демократиялық монархияны» басқаруға, монархияның өзін нығайтуға мүмкіндік берді. Букингем сарайына қарама-қарсы патшалық атқоралар, патшалық автопарк, патшалық отбасының мұражайы орналасқан. Автопаркта патшалық екі аяқты күйме арба және автокөліктер бар, олардың әсемдігі мен түпнұсқалығын сөзбен айту мүмкін. Оларды жай ғана көру керек. Барлық осы көлік құралдары әлемдік деңгейдегі шебері орындаған және біздің заманымызға дейін XV ғасырдан бастап, әр түрлі дәуірдің белгісі бар.

Сәулетші У. Бентлидің жобасы бойынша протовизантиялық стильде құрылған таңғажайып Вестминистер кафедралық соборы Лондон бойынша қандай да саяхаттың өзгермейтін нәтижесі болып табылады. Ғимарат сұр портлендық тастан жасалған сызықтары бар қызыл кірпіштен құрылған. Ішкі көрінісі үшін әлемнің әр түрлі карьерлерінен жасалған мәрмәрдің жүзден көп түрлері қолданылды.

Ашық шолу галереясынан қарау үшін мұнарадан Лондонға тамаша көрініс ашылады.  Аңыз бойынша Құдай Крестінің төлтума үзінділері сақталған соборында киелі Томас Кентерберий, киелі Георгий, киелі Ирландия және Шотландияның ағылшын азап шегушілерінің кішкентай шіркеуі бар. Лондонның әр көшесі тарих және тарихи оқиғалардың тасымалдаушысы болатынына автобус саяхаты кезінде көзіміз жетті. Біз экскурсия жетекшісі көмегімен ұлы жазушылар Ч. Диккенс, А. Конан Дойль, ұлы музыкант-филантроптары сэр Д. Леннон және сэр Макаартни қай қаланың қай бөлігінде және қай көшеде өмір сүргенін білдік. Біз Бейкер-стриттағы Шерлок Холмсстың әйгілі  пабында болдық. Лондон епископының резиденциясы және Ситидің рухани орталығы болып табылатын Киелі Павелдың Кафедралық соборы айналысында көргендеріміздің әсерлерін ұсынбасақ, астананың назар аударарлық орындары туралы әңгімеміз толық болмас еді. Сәулетші Кристофер Рен Темзаның қарама-қарсы жағалауында орналасқан үйдің терезесінен собордың құрылысын бақылап отырған деген сөздер бар. Белестің үстінде жауһардың құрылуы сол жерден оған жақсы көрінген.

1981 жылы Ханзада Чарльз және ханшайым Диананың некелесу орны болған Кафедралық соборы өзінің көлемімен әйгілі: оның ұзындығы 574 фут, ал еденнен крестің шыңына дейін ғимараттың биіктігі – 965 футты құрайды. Киелі Павел соборында сәулетші Рен жерленген, ол өзінің бүкіл өмірі ішінде Лондонда 50 ғажайып шіркеуді құрып, 91 жасында қайтыс болды. Сонымен қатар соборда адмирал Нельсон және герцог Велингтонский жерленген. Ағылшындар үшін собордың маңыздылығы туралы келесі факті айтады: соғыс кезінде У. Черчилль таңертең күн сайын неміс ұшақтары бомбалағаннан кейін киелі Павелдың соборы бүтін бе екенін бақылап отырды. Әрине біз барған Лондон, Оксфорд және Манчестер қалалары әсемдік және сәулеттің өзгешелігі, қала құрылысы, сонымен қатар тарих ескерткіштерін сақтау және көбейту көзқарасы жағынан ғажайып қалалар.

Алайда біздің көз қарасымыз бойынша бір ағылшын тілде сөйлейтін тамаша көпұлтты халық ең басты байлығы болып табылады. Адам мәдениеті жоғары деңгейде. Бұл құралсыз көзбен көрінеді. Бір-біріне таныс емес адамдар да амандасуды ұмытпайды. 

 Адамдар өздерін әр жерде лайықты ұстайды: дүкенде, қоғамдық орындарда, көлікте, көшеде және т.б. Бір сөзбен айтқанда, осы елде адамға деген қатынасы, оның сұраулары мен қажеттілігі  ең бастысы болып табылады.

Англияның қалаларының көшелері тар болса да, онда кептелістер жоқ, жүргізушілер бір-біріне сыйластықпен қарайды. Сол жерде болған уақыт ішінде мен автокөліктердің дауысы мен сигналдарын естіген жоқпын. Оларда сигналдардың берілуі жаман сарын болып табылады, мәдениеттің жоқтығы деп есептелінеді.

Лондон қаласында көргендерім, мені келесі ойға итермеледі: біз де өзіміздің тарихи орындары мен ескерткіштерін сақтауымыз қажет, сонымен бірге жаңа ескерткіштерді де құруымыз керек. Өкінішке орай, археологиялық қазбаларды өткізу бойынша жақсы басталған жұмысымыз, тоқтап қалды. Облыс аймағында көптеген сармат қорғандары, сонымен қатар XV ғасырда Асан Қайғы өмір сүрген Қорғанша қ. ортағасырлық бірегей тарихи объектісі бар, ол туралы біз М.Мөнкеұлы және Шернияз жырауларының шығармаларында осы мәліметтерді табамыз. 

 М.Мөнкеұлы туралы айтатын болсақ, өкінішке орай өткен жылы ұлы жыраудың туғанына 170 жыл толғаны  туралы ешкім есіңе алған жоқ. С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов кезінде оның шығармашылығына ықылас білдірген, ал Х. Досмұхамедов қазақтардың тарихын зерттегісі келген адамдарға Мұраттың шығармашылығын зерттеуге ұсыныс берген.

Сондықтан біздің жерлесіміз, қазақ тарихының ұлы әншісі Мұрат Мөңкеұлына орталық алаңда ескерткіш орнатып, оның есімін мәңгі есте қалдыруымыз қажет. Облыстың тиісті орган өкіметі менің ұсынысымды қолдайды деп сенемін. 


Сауалнама

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?