Жарияланымдар

Алматыдағы ұлттық кітапханада тұлғаларға арналған үш кітаптың тұсаукесері өтеді

15 Наурыз 2014
103
0
Алматыдағы ұлттық кітапханада тұлғаларға арналған үш кітаптың тұсаукесері өтеді

 2014 ж. 9 сәуірде сағ 11. 00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Асфендияр Кенжин. Сборник документов и материалов», «Төребек Османов – тұңғыш банкир», «Первый экономист-профессор Азимбай Лекеров» кітаптарының тұсаукесері өткізіледі.

Асфендияр Кенжин (1887–1938 жж.) – төңкеріске дейінгі кезеңде қазақ халқы-ның ағарту саласында үлкен үлес қосқан, колониалдық езгіден құтылудың жол-дарын талмай іздеген, кеңестік биліктің алғашқы жылдарында Қазақ Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасын құруға бар күшін салған қазақ зиялыларының алғашқы легінің өкілі.  1921–1922, 1924–1928 жж. халық ағарту, жұмысшы-шаруа инспекциясы, сауда халық комиссариаттарын басқарған, РКП (б) Қырғыз обкомының аппаратында жұмыс істеген Асфендияр Кенжиннің, өзінің қатарлас серіктері секілді сансыз партиялық тексерулерден өтуіне, Алаш қозғалысына қатысуы туралы көптеген жылдар бойы түсініктер беруіне тура келді. Жинақ ҚР Президенті Мұрағатында сақталған құжаттардан тұрады. Сонымен қатар А. Кенжиннің мақалалары, сұхбаттары, оның немересі Ш. Жангелдиннің естелігі және отбасылық мұрағаттағы суреттері енгізілген. Құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жарияланған. Жинақты құрастырушы –  Ә. Т. Сүлейменова, ҚР ПМ бас сарапшысы. 

 «Төребек Османов – тұңғыш банкир» кітабында  ХХ ғ. 20–30 жж. қазақстандық банк-қаржы саласын қалыптастыруға маңызды үлес қосқан Төребек Османовтың (1893–1937 жж.) өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі туралы баяндалады. Ол Қазақстандағы Өнеркәсіп, Ауылшаруашылық, Мемлекеттік банктерді ұйымдастырушылардың бірі, оның бастамасымен Қазақстанда банк қызметкерлерін дайындайтын оқу орны құрылды. Кооперативтік қозғалысты жарнамалайтын журналдың редакторы болды. Кітапты дайындау барысында  автор Н. Асқаров республикалық мұрағаттардың құжаттарын пайдаланды, сонымен қатар Т. Османовтың ұрпақтарының естеліктерін кеңінен айналымға тартты.

Әзімбай Лекеровтің (1901–1938 жж.) өмірі мен қызметі оның қызы Айседора Ликерованың көптеген мұрағат деректері негізінде жүргізген зерттеуінде көрсетілген. Әкесінің еңбектеріне іздеу салуды жүзеге асырған ол, жарияланымдарының тізімін қалпына келтіруге тырысты. Ә. Лекеров өз қызмет жолын кеңес қызметкері ретінде бастады. Қызыл профессура институтында білім алған соң, республикалық Жоспарлау комитетінің басшыларының бірі, кейіннен Қазақ марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеу институтының директоры лауазымдарын атқарды. Зерттеушіліктің сан қырына ие болған ол басты назарын экономикалық мәселелерге аударды. БКП (б) Қазақ өлкелік комитетінің басшылығының атына Қазақстан тұрғындарын аштықтан құтқару жөніндегі шараларды қабылдау туралы мәселе көтерген «бесеудің хатын» ұйымдастырушы. Кітапта Ә. Лекеровтың жесірі 1915 ж. т. Халида Елкібаеваның жұбайының өмір сүрген ортасының өмірін жан-жақты және көркем тілде сипаттаған естелігі берілген.

 Аталған басылымдарының кейіпкерлерінің өмірі мен қызметінің соңғы нүктесін «үлкен террор» қойды. Оларды еске алу ресми идеология тарапынан қысымға ұшырап келді.

Басылымдар Атырау облысы Әкімі мен Қазақстанның қуғынға ұшыраған зиялы-ларының мұрасын зерттеу қорының демеушілік қолдауымен «Арыс» және «Ел таным» баспаларынан  жарыққа шығарылды. 

 Өткізілу орны: Алматы қ. Абай даңғ., Абылай хан көш. қ. Байл. т. 2 64 42 69


Сауалнама

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?