Жарияланымдар

Алматыда «Дін мен Дәстүр» атты кітаптың тұсаукесері өтті

26 Ақпан 2014
73
0
Алматыда «Дін мен Дәстүр» атты кітаптың тұсаукесері өтті
Кітап кең аудиторияға есептелген және де өз халқының тарихы мен мәдениетіне немқұрайлы қарамайтын әрбір адамды қызықтырады.

Бүгін Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасында «Дін мен дәстүр» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Оны шығаруына бастамашыл болған Қазақстанның жоғарғы муфтийі Ержан қажы Малғажыұлы, деп хабарлайды inform.kz.

Кітапта дін мен ұлттық құндылық арасындағы өзара байланыс нақты мазмұндалған. Сонымен қатар, кітапта ата-анаға деген құрмет, үлкендерге деген қошемет, тәрбиелік, ар мен намыс, дін ережелеріне шыдамдылық, кішіпейілдік пен еңбексүйгіштік, борыш сезімі, ақ ниеттілік пен туыстық қарым-қатынас, ағайындастық сияқты маңызды ұғымдар көтеріледі. Кітап оқырмандарды халық мақал-мәтелдерінің хадистермен ұқсастығы туралы көптеген мәліметтер мен дәлелдемелермен таныстырады.

Жоғарғы муфтий жастарды Отанды сүюге, өз халқының дәстүрін құрметтеп, сақтауға шақырды. Сондай-ақ, тұсаукесерде 2014 жыл «Дін мен дәстүр» жылы деп атанғаны туралы айтылды.

Сыйға тартылған кітаптың бірнеше данасы ҚР Ұлттық кітапханасына табыс етілді.   

Сауалнама

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?