Жарияланымдар

Қызылорда Қазақстан түркітануының қайта өркендеу орталығы бола алады – Олжас Сүлейменов

25 Ақпан 2014
288
0
Қызылорда Қазақстан түркітануының қайта өркендеу орталығы бола алады – Олжас Сүлейменов
Қызылорда облысы ғылымға ерекше көңіл бөлетін өңір. Қыркүйек айында осында бүкіл әлемнен түріктанушылар жиналады, Түріктанушылар одағын құруды жоспарлап отырмыз.

Қызылорда облысының мәдени мұрасы мәселелері жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес отырысында сөз сөйлеген Олжас Сүлейменовтың пікірі бойынша, Қызылорда Қазақстан түркітануының қайта өркендеу орталығы бола алады, деп хабарлайды BNews.kz.

«Қызылорда облысы ғылымға ерекше көңіл бөлетін өңір болып табылады, - деп баяндады ол. Ешбір облыста өңірдің мәдени дамуы бойынша ғылыми кеңестер осындай жиілікпен өткізілмейді. Менің ойымша, облыс Қазақстан түркітануының қайта өркендеу орталығы бола алады. Қыркүйек айында осында бүкіл әлемнен түркітанушылар жиналады, Түркітанушылар одағын құруды жоспарлап отырмыз».

Қызылордада мәдени мұра мәселелері жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес жуырда құрылған. Жақында оның екінші отырысы өтті. Кеңестің бірінші отырысы Қорқыттың мұрасын ЮНЕСКО материалдық емес мәдениет ескерткіштерінің тізбесіне енгізу мәселелеріне арналған болса, екінші отырыста Сығанақ ескі қала орнын қалпына келтіру мән-жайы және осы жерде ашық аспан астында мұражайдың құрылысы талқыланды. 

«Қазреставрация» РМК директоры Ханат Тұяқбаевтың «Қызылорда облысы ескерткіштерінің ерекшеліктері және оларды қорғау, сақтау және пайдалану мәселелері туралы» баяндамасы өте қызықты болды. Ол ескерткіштер айналасында оларды бұзудан сақтау мақсатында қорғау аумағын құруды ұсынды. Осы ұсынысты жиналғандар мақұлдады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Археология, этнология және мұражайтану» кафедрасының профессоры, кеңес төрағасының орынбасары Мадияр Елеуов кеңестің алдағы жұмысына бірқатар жобаларды ұсынды, олар: жергілікті сәулет ескерткіштерін зерделеу, қазындыларды жүргізу, Сыр жерінің қазақтары мен мәдени мұрасы жайында екі томдық кітапты шығару, сондай-ақ әрбір ауданның археологиялық карталарын әзірлеу. 


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ең көп оқылған
Сауалнама

Қазақ-жоңғар шайқасы туралы тарихи драмалық көркемфильмдердің қайсысы көңілінізден шықты?