Жарияланымдар

Астанада 5 томдық «Қазақ өнері» жинағының тұсауы кесіледі

24 Ақпан 2014
203
0
Астанада 5 томдық «Қазақ өнері» жинағының тұсауы кесіледі

Астана қаласында ақпанның 25-інде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қаржылай көмегімен Қазақстан бейнелеу өнері шеберлерінің көрмесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ сайтына сілтеме жасап.

Сайттың мәліметінше, Қазақстан Суретшілер Одағының 80 жылдығына орай өтетін көрмеде 5 томдық «Қазақ өнері» жинағының тұсауы кесіледі.

Түрлі-түсті, айшықты безендірілген басылымда бағзыдан бүгінге дейінгі кезеңдегі Қазақстан бейнелеу өнерінің жауһарлары жинақталған. Басылымның редакциялық алқасы ауқымды жұмыстар жасағанын атап өту керек. Кітап Қазақстандағы мәдениеттану мен кітап ісінің үздік туындылары қатарынан орын алады. Сақ, түркі дәуірі, қазақ қолөнері және Қазақстан суретшілерінің қазіргі заманғы туындылары осы басылымға алғаш рет жинақталып отыр. Айшықты безендірілген бес альбомда Қазақстан бейнелеу өнерінің ең озық ескерткіштері молынан қамтылған.

Басылымды құрастырушылардың арасында З.Самашев, Х.Тұрысбекова, К.Ли, К.Мұратаев, Э.Ахметова сияқты профессорлар, ғылым кандидаттары бар.  Кітаптағы мәдениеттануға арналған мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылған.

Тұсаукесер Бейбітшілік пен келісім сарайында, 6-қабатта, «Құланшы» қазіргі заман өнері орталығында өтеді.


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ең көп оқылған
Сауалнама

Сіздің ойыңызша, Ұлытау төріндегі Алаша хан кесенесінде Шыңғыс хан жерленген бе?