Жарияланымдар

Шәкен Аймановтың 100 жылдығына орай «Елімнің дара тұлғасы» атты көрме ашылды

19 Ақпан 2014
79
0
Шәкен Аймановтың 100 жылдығына орай «Елімнің дара тұлғасы» атты көрме ашылды

Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайында КСРО халық әртісі, актер және режиссер Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналған «Елімнің дара тұлғасы» атты көрме ашылды.

Мұнда павлодарлықтар 100-ден астам экспонатты тамашалай алады: өлкетану мұражайының қорынан танымал жерлесінің сахналық костюмдері, сондай-ақ театр және кино декорациялары. Көрмеге келудің тағы бір сылтауы – Айманов кинофильмдерінің бағалы кадрлары. Олар қазақстандық кино өнерінің классикасына айналды, ал кино мен театр сахнасында сомдаған рөлдері актер шеберлігінің үлгісі деп танылды. Дарынды актер және режиссер Шәкен Айманов қазақстандық кино өнерінің негізін қалаушылардың бірі, және де оның дамуына зор үлес қосты.

Көрме 12 наурызға дейін жалғасады.   

4cb8fbac0f318c5bd5bdbbaf48e69109.jpg

6046dabaea1d9b0920d2e9723a8bf989.jpg

7b420bfff1a07ae2304b3ba1e2efb5ba.jpg


Дереккөз: pavlodarnews.kz


Сауалнама

Ұлттық үлгідегі қандай киімді тұтынасыз?