Жарияланымдар

«Қазақстан тарихы» веб-порталы бойынша іс-шаралар мәселесі төңірегінде пікір алмасу

19 Ақпан 2014
57
0
«Қазақстан тарихы» веб-порталы бойынша іс-шаралар мәселесі төңірегінде пікір алмасу
«Қазақстан тарихы» веб-порталы бойынша алдағы қолға алатын іс-шаралар мәселесі төңірегінде пікір алмасу.

18 ақпанда Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.М. Әбжанов «Қазақстан тарихы» интернет жобасының жетекшісі Д.Р. Есдәулетов пен ҚР БҒМ Ғылым комитетінің ғылыми-техникалық саясат басқармасының бас сарапшысы С. Мырзақұлов, «Қазақстан тарихы» веб-порталының бас редакторы С. Қапенов және Мемлекет тарихы институтының қызметкерлері А.М. Ауанасова, А.М. Сүлейменовтармен кездесіп, «Қазақстан тарихы» веб-порталы бойынша алдағы қолға алатын іс-шаралар мәселесі төңірегінде пікір алмасты.

   

10fd1792a823e3b8ab5d37b7bfbfcbf7.jpg

   f5a6944c6d5f50f2f72a9318e7f1255f.jpg

18 ақпанда Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ҚР Президенті жанындағы  «Қазконтент» АҚ, «Қазақстан тарихы» интернет жобасының жетекшісі Д.Р. Есдәулетов пен ҚР БҒМ Ғылым комитетінің ғылыми-техникалық саясат басқармасының бас сарапшысы С. Мырзақұлов, «Қазақстан тарихы» веб-порталының бас редакторы С. Қапенов және Мемлекет тарихы институтының қызметкерлері А.М. Ауанасова, А.М. Сүлейменов, институт директорының орынбасарлары С.О. Смағұлова, Н.Ә. Атығаев, ғалым хатшы А.П. Ермұхамедованың қатысуымен «Қазақстан тарихы» веб-порталындағы «Жүз қария», «Жүз ауыл», «Ою-өрнек құпиясы», «Шежіре» тарауларына қатысты жинақталған экспедиция материалдарын орналастыру және «е-history» электронды журналы мәселесі жөнінде жиылыс өтті. Алдағы уақытта порталға салынатын материалдардың сапасына аса мән беру мәселесіне тоқталды.

Сауалнама

Ұлттық үлгідегі қандай киімді тұтынасыз?