Жарияланымдар

«Медиабілім және киберсоциализация» атты халықаралық конференция

14 Ақпан 2014
76
0
«Медиабілім және киберсоциализация» атты халықаралық конференция

25 ақпан сағат 11.00-де журналистика факультетінде (№230 аудитория) ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және жұртшылықпен байланыс  кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, танымал қоғамдық қайраткер Л.Ахметованың 60 жылдық мерейтойына арналған «Медиабілім және киберсоциализация» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1.  Медиасауаттылық және Қазақстандағы журналистік білімнің өзекті мәселелері

2.  Білім, ғылым және өндіріс: интеграция жолдары

3.  Барлық деңгейдегі орта және кәсіби білім жүйесіндегі медиақұзыреттіліктің дамуы

4.  Медиабілім және қоғам

5.  ҰЕҮ медиабілімге қосқан үлесі

6.  БАҚ әлеуметтік мәдени сан алуандылығы: ұлттық сәйкестілікті сақтау.

Конференция қатысушыларына ақпарат:

Мақалаларды қабылдаудың соңғы мерзімі – 2014 жылғы 20 ақпан

Өтінімдер мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: nshyngysova@mail.ru

Ұйымдастырушылар: ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және жұртшылықпен байланыс  кафедрасы, Журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО орталығы, Әлеуметтік зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығы.

Телефондар: 8 (727) 377-34-43; моб.: 8 701 993 90 07, 8 707 527 69 99


Сауалнама

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?