Жарияланымдар

АЛЖИР мұражайында жаппай қуғын-сүргін жылдарына арналған көрме жұмыс істеуде

03 Ақпан 2014
93
0
АЛЖИР мұражайында жаппай қуғын-сүргін жылдарына арналған көрме жұмыс істеуде
Көрмеде 1930 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін кезінде айырылысқан отбасылар туралы айтылады. 1937 жылы басталған үлкен террор елімізді тұтастай қамтыды.

3-15 ақпанда Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарына арналған АЛЖИР мұражай-мемориалдық кешенінде «Бұзылған ошақ» бейнепанорамалық көрме өтуде, деп хабарлайды astana.kz АЛЖИР мұражайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

1937-1938 жылдары ондаған мың адам қуғын-сүргінге ұшырады, олардың көбі атылды. Халқының гүлденуін армандаған, елінің игілігі үшін адал еңбек еткен жандар «халық жауы» атанып «Отанын сатқаны» үшін айыпталып, жоғары жазалау шараларына кесілді. Соның ішінде Төребек Османов, Шәкір Дивеев, Сұлтанбек Ходжанов, Нығмет Нұрмақов, Тұрар Рысқұлов, Жаңайдар Сәдуақасов, Мүталап Ахметов, Сүлеймен Есқараев те болған. Бұдан басқа, олардың әйелдері - «Отанын сатқанның» отбасының мүшелері» 5-8 жылға АЛЖИР-ге («Отанын сатқандар» әйелдерінің Ақмола лагері) жіберілді. Балалар ата-анасының қамқорлығынан айырылды. Мұндай заңсыздықтан барша Қазақстаннан мыңдаған отбасы жапа шекті. 

Көрмеде АЛЖИР мұражайының қорларында сақтаулы материалдар ұсынылады. 

Еске салайық, «Бұзылған ошақ» бейнепанорамалық көрмесі 3-15 ақпанда «Алаш» залында өтеді. 

Сауалнама

Ұлттық үлгідегі қандай киімді тұтынасыз?