Жарияланымдар

Кеңес Одағының Батыры Закария Белібаевқа Шығыс Қазақстанда ескерткіш орнатылды

27 Қаңтар 2014
60
0
Кеңес Одағының Батыры Закария Белібаевқа Шығыс Қазақстанда ескерткіш орнатылды
Ескерткішті орнату шарасы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Туған жерге тағзым» акциясының аясында жүзеге асырылды.

Шығыс Қазақстан облысының Арқат ауылында жергілікті кәсіпкерлер Кеңес Одағының Батыры Закария Белібаевқа ескерткіш орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Закария Белібаев 1917 жылы 9 мамырда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Абай ауданы Арқат ауылында дүниеге келген.

Майдангер 1941 жылдың маусым айынан бастап шайқасқа қатысқан. Орталық майданда 18-ші жеке понтон-көпір батальонында понтон салатын жауынгер /3-ші понтон-көпір бригадасы, 60-шы әскер/ болған.  

Қатардағы жауынгер Белібаев 1943 жылы қыркүйек айының соңында Киев қаласынан солтүстікке қарай орналасқан Днепр өзенінен өту кезінде ерекше батылдығымен көзге түскен. Ол бөлім командирі жараланған сәтте оны алмастырып, әскерді өзеннің оң жақ жағалауына бірінші болып өткізген. Бірнеше тәулік бойы төпелеген жау оғының астында жүріп, жеке құрам мен техниканы бағыттап отырған. Судан өтетін салды жөндегенде де аса ептілік танытып, әскерін аман-есен алып шыққан.

Жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы 1943 жылы 17 қазанда КСРО Жоғары Кеңесінің Президиумының Жарлығымен берілген. Ол сондай-ақ Ленин орденінің, ІІ дәрежелі Отан соғысы төсбелгісінің, бірнеше медальдардің иегері.  


Сауалнама

Ұлттық үлгідегі қандай киімді тұтынасыз?