Жарияланымдар

«ТМД елдерінде үшінші мыңжылдықтың басындағы ғылым дамуының проблемалары мен келешегі»

22 Қаңтар 2014
78
0
«ТМД елдерінде үшінші мыңжылдықтың басындағы ғылым дамуының проблемалары мен келешегі»

«Григорий Сковорода атындағы Переяслав-Хмельницкий мемлекеттік педагогикалық университеті» мемлекеттік жоғары оқу орны, «Жастардың тәуелсіз ассоциациясы» жастар қоғамдық ұйымы, тарих факультеті студенттерінің ғылыми қоғамы, «Тарих пен қазіргі заманды зерттеу комитеті» 2014 жылғы 30-31 қаңтар аралығында «ТМД елдерінде үшінші мыңжылдықтың басындағы ғылым дамуының проблемалары мен келешегі» атты XIX халықаралық ғылыми-тәжірибелік интернет-конференцияны өткізеді.

Жұмыс төмендегі секциялар бойынша өтеді деп жоспарланып отыр:

  • Биология ғылымдары
  • География және геология
  • Мемлекеттік басқару
  • Экология
  • Экономика
  • Тарих
  • Математика
  • Өнер
  • Педагогика
  • Саясаттану
  • Құқық
  • Психология
  • Социология
  • Қазіргі ақпараттық технологиялар
  • Дене шынықтыру және кәсіби спорт
  • Филология ғылымдары
  • Философия

Конференцияның жұмыс тілі - украин, орыс, ағылшын, француз, белорус, грузин, армян, әзірбайжан, қазақ, өзбек, тәжік, қырғыз, молдаван, түрікмен.

Конференцияның ұйымдастырушы комитеті баяндамаларды мына мекенжай бойынша Web-бетте орналастыруды жоспарлап отыр: http://conferences.neasmo.org.ua.

Конференция нәтижесінде материалдардың электронды жинағы құрылатын болады, оны PDF-пішімінде конференцияның бас бетінен мына мекенжай бойынша алуға болады: http://conferences.neasmo.org.ua/.

Мақалаларды тапсырудың соңғы мерзімі – 2014 жылғы 29 қаңтар (қоса алғанда).


Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:

08401, Украина, Киев облысы, Переяслав-Хмельницкий қаласы, Сухомлинский көш., 32, 108-каб.

Украина және шетелдегі байланыс тұлға: Бобровник Юрий Викторович

Байланыс телефондары: +38 (097) 923 16 58, : +38 (093) 335 78 86.

E-mail: neasmo@gmail.com


Сауалнама

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?