Жарияланымдар

Теміртау мұражайында Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған көрме ашылды

21 Қаңтар 2014
118
0
Теміртау мұражайында Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған көрме ашылды
Аса көрнекті қазақстандық шеберлердің, сондай-ақ аты әлемге танымал жазаланған суретшілердің 66 жұмысы ұсынылды.

Теміртау қаласының тарихи-өлкетану мұражайында шахтерлер астанасы - Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған «Аттардың алтын жинақтамасы» атты көрме ашылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Көрме экспонаттары Қарағанды бейнелеу өнерінің мұражайы қорынан әкелінді. Суреттер мен мүсіндер авторларының көбі арамызда жоқ. Жұмыстар көркем сурет, сурет өнері және мүсін өнерінде жасалған.

«Мұнда аты танымал суретшілердің жұмысы, және де біздің өңіріміз үшін шығармашылық маңызы бар суретшілердің жұмыстары ұсынылған. Эйферт, Фризин сияқтылар, олар Қарағанды және де қарағандылық суретшілер үшін бейнелеу өнерінің негізін салушылар ретінде танымал. Біздің елубасылар, алпысбасылар олардың оқушылары болған», - дейді облыстық бейнелеу өнері мұражайы қорының ғылыми бөлімінің меңгерушісі Дәмелі Қадырқұлова.

Көрмеде ұсынылған жұмыстарда Қарағанды облысының пейзаж суреттері, сондай-ақ Қарқаралының таңғажайып жерлері, металлургтар қаласы – Теміртау көшелері бейнеленген.

b2bdef739b03a8f2a8c6deb43aaf40dc.jpg

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмедегі ең әсерлі суреттерді бірі – қазақстандық суретші Менгеш Әбілқасовтың «Төңірек» атты суреті болды. Осы суретшінің қыл қаламы Қарағанды тарихындағы өзгерісті кезеңді шеберлікпен көрсете алды, сол кезде шахталар жабылып, адамдар ауыл-ауылмен жаңа жұмыс іздеп өңірден кеткенін көрсеткен.  

«Аттардың алтын жинақтамасы» атты көрме Ресей мен Қазақстанның көптеген қалаларында өтті, қорытынды көрме Теміртауда өтіп жатыр. 27 ақпанда көрме аяқталған соң, суреттер мен мүсіндер облыстық мұражайдың мұрағатына қайтарылады.   


Сауалнама

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?