Жарияланымдар

Алматы Қазақстанның халық суретшісі Ә.Қастеевтің мерейтойын кеңінен атап өтпек

11 Қаңтар 2014
87
0
Алматы Қазақстанның халық суретшісі Ә.Қастеевтің мерейтойын кеңінен атап өтпек
Биыл ұлттық мәдениетіміздің көрнекті қайраткері, еліміздің кәсіби бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 110 жыл толады.

Осыған орай Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы бірқатар шараларды ұйымдастыруға мұрындық болды. Атап айтқанда, 17 қаңтар күні 1957 жылдан бастап қылқалам шебері тұрып, жұмыс істеген үйде Ә.Қастеев мұражайы ашылады. Онда Қазақстанның кәсіби қылқалам шеберлерінің бірінің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін бейнефильмдер, суреттер, құжаттар, шығармаларының көшірмелері қойылған. Мұражай келушілерге талантты суретшінің көптеген туындылары салынған шеберханасында да болу мүмкіншілігін қарастырып отыр. Айта кетерлігі, мұражай Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының филиалына айналады.

Қылқалам шеберінің мерейтойын атап өту аясында Ә.Қастеев пен Қазақстанның бейнелеу өнері шеберлерінің «Суретші мен уақыт» атты көрмесі, «Тарихи естелік және мәдени мұра проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылады.

Дереккөз: nform.kz


Сауалнама

Ұлттық үлгідегі қандай киімді тұтынасыз?