Жарияланымдар

І.Есенберлиннің 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланбақ

08 Қаңтар 2014
73
1
І.Есенберлиннің 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланбақ
«Көшпенділер» трилогиясының авторы, жазушы І.Есенберлиннің 100 жылдығы 2015 жылы аталып өтілмек.

«Көшпенділер» трилогиясының авторы, жазушы І.Есенберлиннің 100 жылдығы 2015 жылы аталып өтілмек. Қара сөздің хас шебері, қазақ әдебиетіндегі кемеңгер тұлғаның мерей тойы ЮНЕСКО көлемінде тойланбақ.

Ал жазушының туған жері Ақмола облысы Атбасар ауданында тойға дайындық басталып кетті. «Көшпенділер», «Алтын орда», «Хан Кене» және бұдан бөлек 16 романның авторы қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосып кетті. Хандар тарихы, замана көші, ұлттық қалыптасу кезеңдерден кесек-кесек туынды түзген І.Есенберлиннің қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі ерен. Қайраткерге ЮНЕСКО-ның өзі құрмет көрсетіп отыр. Әлемдегі алып ұйым жазушынының тойын жоғарғы деңгейде өткізу үшін 2015 жылдың жоспарына енгізген. Сондай-ақ 2015 жылы Атбасар ауданының орталық алаңына І.Есенберлинге арналған еңселі ескерткіш те бой көтермек, деп хабарлайды 24.kz.

Сауалнама

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?