Жарияланымдар

«Шоқан жолдары» сайты Павлодар университетінде тұсауы кесілді.

28 Желтоқсан 2013
292
0
«Шоқан жолдары» сайты Павлодар университетінде тұсауы кесілді.
«Шоқан жолдары» сайты С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ашылды, деп хабарлайды жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметі.

«Жаңа сайт Шоқанның шығармашылық және мәдени мұрасымен барлық құмар жандарды, студенттерді және магистранттарды біріктіретін, тағы бір көпір», - деп атап өтті ПМУ ғылыми-тәжірибелік орталықтың директоры Раушан Қошенова.

Орталық жанында «Шоқан» клубы жұмыс істеп, ол халықаралық Пушкин үйнің мүшесі болып табылып, халықаралық конкурстар мен жобаларға қатысады. Осында шешендік өнер мектебі, «Театр достары» клубы жұмыс істейді.

Студенттер және магистранттар, жас ғалымдар мен көркемөнер зиялылары елдің тарих пен өлкетану бойынша зерттеу жүргізіп, Қазақстан, жақын және алыс шет  елдер бойынша ғылыми-танымдық экспедициясын ұйымдастырады.

Шоқанның жүрген бағыты бойынша жүріп отырып, олар оның өмірі мен қызметі туралы материалдар жинап, тұрғындар мен өскелең ұрпақ арасында мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізеді.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ең көп оқылған
Сауалнама

Қазақ-жоңғар шайқасы туралы тарихи драмалық көркемфильмдердің қайсысы көңілінізден шықты?