Жарияланымдар

Астанада ұлттық «көкпар» ойынын дәріптейтін, «Дода» көркем фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті

21 Желтоқсан 2013
52
0
Астанада ұлттық «көкпар» ойынын дәріптейтін, «Дода» көркем фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті
Жұма күні Астанада қазақстандық «Дода» көркем фильмінің тұсаукесері болып өтті. Кинотуындыны Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері Ассоциациясы жарыққа шығарды.

«Дода» фильмін «Шапағат Сервис» компаниясымен жарыққа шығарылды. Кинолентаның бас режиссері – Елдар Қапаров, бас продюссері – Артықбек Болғанбаев. Басты рөлдерді Нышанбек Жұбанаев, Еркебұлан Дайыров және Айгерім Құламбаева орындады.

Кинотуындының сюжеті қазақтың көкпар ойыны төңірегінде өрбиді. Сәйгүлік мінген спортшылар бірталай ұрлыққа барады. Басты кейіпкер  қылмысты ашудың соңы неге әкеп соғатынына мән берместен, шытырман істің ақ-қарасын айыруға кіріседі.

«Фильмнің басты идеясы – ұлттық ойынымыз – көкпар мен отбасы құндылықтарын дәріптеу болып табылады. Біз құқық қорғау органдарының нақты түсірілімдерін пайдала отырып детективті сюжет жасауды шештік. Сондай-ақ, жолдағы ірі қылмыстар, үлкен жүк көліктерін тонаудың қойылымдық түсірілімдері жүргіздік. Фильмнің соңына дейін жасалған қылмыстардың нақты  ұйымдастырушысының кім екенін тарқатпаймыз. Кинотуындыда махаббат та, спортта та, шынайы достық та бейнеленеді. Режиссер ретінде мен үшін техникалық жұмыстар қызғылықты болды, өйткені жұмыстың  90 % ашық аспан астында жүргізілді.  Адамдармен қатар, жануарлармен бір уақытта жұмыс жүргізу күрделі болды. Фильм көрермендердің көңілінен шығады деген ойдамын», – деді өз пікірімен бөліскен фильмнің режиссері Елдар Қапаров. 

Қазақстандық көрермендер «Дода» картинасын келесі жылдың басында көре алады. Фильмнің премьерасы  2014 жылғы қаңтардың аяғы – ақпанның басына белгіленген. 

Аталған жоба «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қорының тапсырысы бойынша «Нұр Отан» партиясының ақпараттық қолдауымен жүзеге асырылды.

Сауалнама

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?