Жарияланымдар

Соңғы советтік Конституция

23 Сәуір 2018
186
0
Соңғы советтік Конституция
Қазақ ССР-і Конституциясының қабылдануы – өткен советтік заманның маңызды саяси оқиғаларының бірі болды

1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданғанға дейін, тіпті, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында да республика осы конституциямен 15 жыл өмір сүрді. NDH порталының редакциясы сол заманның оқиғасымен бөлісу үшін 1978 жылы шыққан ескі басылымдарды көтерді.

Осыдан тура 40 жыл бұрын 1978 жылғы 20 сәуірде Алматы қаласында республика Жоғарғы Кеңесінің IX шақырылымының кезектен тыс VII сессиясында Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы қабылданды.  Республиканың негізгі заңы 10 бөлімнен, 19 тараудан және 172 баптан тұрды.

1978 жылғы 18 сәуірде Сабыр Біләлұлы Ниязбековтың төрағалық етуімен Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының отырысы өтті.  Отырыста Қазақ ССР-інің жаңа Конституциясын дайындау жөніндегі Комиссиясы төрағасы, КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың Қазақ ССР Конституциясы жобасын бүкілхалықтық талқылау нәтижелері мен талқылау барысында келіп түскен ұсыныстар туралы хабарламасы оқылды. Бұдан басқа, Президиуммен сол күні Қазақ ССР Мемлекеттік гимні туралы Жарлық қабылданды.

Келесі күні, 1978 жылғы 19 сәуірде, Алматыда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің мәжіліс залында IX шақырылымдағы республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII сессиясы ашылды. Мәжіліске Дінмұхамед Қонаевтың өзі, Қазақстан Компартиясы ОК бюро мүшелері А.А. Әшімов, С.Н. Имашев, Ш.К. Қоспанов, А.И. Климов, О.С. Мирошхин, С.Б. Ниязбеков, С.А. Смирнов, сонымен қатар, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бюро мүшелігіне үміткерлер  И.Г. Слажнев пен В.Т. Шевченко қатысты. Депутаттар «Қазақ ССР Конституциясының жобасы туралы» сессия күн тәртібін бірауыздан бекітті.

Дінмұхамед Қонаев «Қазақ КСР Конституциясының (Негізгі заңының) жобасы және оны бүкілхалықтық талқылау қорытындылары туралы» баяндама жасап, онда жаңа Конституцияның техникалық жағынан едәуір өзгертілгенін: сол кездегі қолданыстағы Конституцияның 11 тарауы мен 126 бабының орнына жаңа Конституция 10 бөлімнен, 19 тараудан және 172 баптан тұратындығын атап өтті. Дегенмен, жаңа Конституция кеңестік қоғамның күшін басшылық жасап, оны бағыттап отыратын саяси жүйенің жетекшісі ретінде бұрынғысынша Кеңес Одағының Коммунистік партиясын айқындады.

Кейбір бөлімдерге жаңа өзгерістер енгізілді. «Қазақ КСР-нің ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-территориялық құрылымы» атты бөлімі КСРО Конституциясының тиісті бөлімінен тек атауымен ғана емес, сонымен қатар, құрылымымен де ерекшеленді. Жаңа жоба мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуі, ресубликаның мемлекеттік бюджеті жоспарларын бекіту және оларға бағынысты органдар құруға кеңес қатысушыларына айқын құқықтар бере отырып, Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің өкілеттілігі аясын кеңейтті. Бұдан басқа, жоба Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Төралқасының конституциялық мәртебесі мен құзіретіне елеулі нақтылаулар қарастырды. Сонымен бірге, қолданыстағы Конституциямен бекітілмеген, бірақ, іс жүзінде Президиум орындайтын өкілеттіктер жобаға енгізілді.    

Жаңа Конституция жобасын талқылауға 8 миллион адам қатысты. Патрия, кеңес органдарына, газет-журналдардың, радио мен телевидение редакцияларына 200 мыңға жуық хат келіп түсті. Хаттар мен үндеулерде жоба бойынша мыңнан аса нақты ұсыныстар айтылды. Хаттарда қоғамдық ұйымдар туралы 7-ші баптың жобасын нақтырақ тиянақтау жөнінде ұсыныстар болды. Атап айтқанда, сауда, мәдени-тұрмыстық және көлік қызметін көрсетудегі жүйелі қателіктерді жоюға ұсыныс жасалды және әйелдер еңбегі мен ананы қорғау қажеттілігі туралы ұсыныстар айтылды.    

«Қазақ КСР Конституциясының жобасын талқылау, республиканың барлық азаматтары Негізгі заңды зор құлшыныспен тосқанын және құптағандарын көрсетті»,- деп, түйіндеді сөзін Қонаев.

Қазақ КСР Конституциясы жобасының срңғы мәтінін дайындау бойынша  Жоғарғы Кеңес редакциялық комиссия құрды. Бұдан кейін баяндамаларды талқылау басталып, О.С. Кунышев (Қазақстан Компартиясының Көкшетау обкомының бірінші хатшысы), А.К. Джулмухамедов (Целиноград облыстық атқару комитетінің төрағасы), У. Кушеков (Қазақстан Компартиясының Гурьев обкомының бірінші хатшысы), Р.М. Мырзашев (Қазақстан Компартиясының Шығыс Қазақстан обкомының екінші хатшысы), Ю.Н. Трофимов (Торғай облыстық атқару комитетінің төрағасы), С.А. Акковнев (Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы), В.И. Тимонин («Мангышлакнефть» бірлестігінің бас директоры), Б. Д. Жүсіпов (Қазақ КСР Әділет министрі) және В.Н. Загорский (Казсовпроф хатшысы).

1978 жылғы 20 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мәжіліс залында жоба бойынша жұмыс жалғасты. Мәжілісті Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Саттар Нұрмашұлы Имашев ашты, пікірталаста депутаттар: Қарағанды облысының «Стахановская» шахтасының көмір комбайнының машинисті К.С. Тургумбаев, Семей облысы «Тарбағатай» совхозының аға қойшысы Б. Жақанов, Талдықорған облысы КОКП XXII съезі атындағы тігін фабрикасының тігіншісі  Г.З. Метелкина, Солтүстік Қазақстан облысы «Қарағанды» совхозының директоры И.И. Миллер және Ақтөбе облысы Қазақстан Компартиясының Байғанин ауданы комитетінің бірінші хатшысы С.М. Беркімбаев сөз сөйледі. 

Мәжіліс соңында Жоғарғы Кеңес мүшелері дауыс беріп, оның қорытындысы бойынша Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясы бірауыздан қабылданды.

Осыдан соң, Жоғарғы Кеңес мүшелері «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясын қабылдау және жария ету туралы» Декларация қабылдады. Онымен бірге Қазақ КСР-нің «Қазақ КСР Конституциясын қолданысқа енгізу тәртібі туралы» Заң да қабылданды.

Осылайша, тоғызыншы шақырылымдағы республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясы өз жұмысын тәмамдады.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ең көп оқылған
Сауалнама

Тәуелсіз Қазақстанның тарихына қызығушылық танытасыз ба?