Жарияланымдар

Берлинде ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау өтті

11 Желтоқсан 2013
20
0
Берлинде ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау өтті
Берлинде ГФР-дағы ҚР елшілігі мен Willkommen in Berlin дипломатиялық клубының мұрындық болуымен ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдау және мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Берлинде ГФР-дағы ҚР елшілігі мен Willkommen in Berlin дипломатиялық клубының мұрындық болуымен Баден-Вюртемберг жер өкілдігінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдау және мерекелік концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат. 

Іс-шара барысында әйгілі мәдениет қайраткері, халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың 100 жылдығына арналған сурет көрмесі мен Еділ Құсайыновтың жетекшілігімен фольклорлы ансамбльдің концерті болды.

Көрмеге келгендер адам портреттерін, ұшы-қиыры жоқ жазық дала пейзаждарын, теңіз айлақтарын, сондай-ақ көшпелі қазақтардың тұрмысы мен салт-дәстүрлерін тамашалады. Қазақ авторларының туындылары шығармашылық алуандағымен және қайталанбас шеберлігімен неміс бұқарасын лезде баурап алды.

Ал фольклорлық ансамбльдің орындауындағы шаңқобыз, сыбызғы, саз сырнай, қауырсын сырнай, жетіген және домбыраның үні көрермендерді керемет күйге бөледі. Онысы ұзақ созылған қошеметтерінен, айтқан алғыстарынан білінді.

Сурет mfa.gov.kz сайтынан алынды.


Сауалнама

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?