Жарияланымдар

Секемдік достыққа ұласты

03 Наурыз 2018
415
0
Секемдік достыққа ұласты
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1 наурыз – Алғыс айту күні боп белгіленді. Бұл күн Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылған күні болғандықтан таңдалып алынды.

1 наурыз – Қазақстанның барлық тұрғындарының достығын, қазақ тарихының өн бойында бір-біріне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіретін күн. Qazcontent «Алғыс-ризашылық хаттары» жобасын іске қосқан болатын, бұл хаттарда тағдыр тәлкегімен Қазақстанның дәм-тұзы бұйырған түрлі ұлт өкілдері осы жерге деген ризашылығын білдірді.

Астана қаласындағы «Вайнах» Шешен-Ингуш этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі Салман Сайдарұлы ГЕРОЕВ ингуш қауымдастығы атынан халқына көмек көрсеткен адамдарға алғысын білдірді:

– Жақында вайнах халқының жер аударылғанына 74 жыл толады. Вайнахтардың заңсыз, күштеп жер аударылуы Совет Одағының бұрынғы басшылығының қатігез акциясы болды. Бізді осында жер аударар алдында жергілікті халыққа қылмыскерлерді, адам жегіштерді бұзақыларды әкеле жатыр деп хабарлап қойыпты. Оларға көмектесуге болмайды деп айтылыпты. Бастапқы кезде бізге жергілікті халық секеммен қарады. Біраз уақыт өткен соң, жергілікті қазақтар біздің де солар сияқты адам екенімізді көрген соң, бізге деген қарым-қатынастары өзгерді. Соның арқасында шешендер мен ингуштардың жартысы аман қалды.  

Ұлт ретінде аман қалдық. Алғыс айту күні – біздің Елбасымыз енгізген мереке. Биыл үшінші рет тойлап отырмыз. Біздің өсіп келе жатқан жас ұрпағымыз қиын-қыстау кезінде қазақ, орыс, корей, татар және басқа да жергілікті халықтың бізге көрсеткен достығы мен түсіністігін ұмытпасын дейміз.  Сондықтан да, біз, қазақ жеріне, қазақ халқына деген өзіміздің оң ықыласымызды білдіру қажеттілігін сезініп, қазақ халқына тек сөзбен ғана алғыс білдіріп қана қоймай, сонымен қатар қазақ жерінде жақсы із қалдырғымыз келеді.

Агроқалашық ауданында мұсылмандар көп тұратындықтан, бірақ жақын маңайда мешіт жоқтығын ескере келе, біз өз күшімізбен осы ауданда 440 орындық мешіт тұрғыздық. Мешіт Кунта қажы есімімен аталады – ол ингуш жеріне исламды әкелген біздің ғұлама-ағартушымыз. Біз «Жастар» шағын ауданындағы мешітті де жайластырдық. Біздің кәсіпкерлер – екі жас жігіт, бұрын өздерінің ата-әжелері тұрған Целиноград ауданының Қоянды ауылында мешіт салып, оны жергілікті халыққа сыйға тартты.

Мен кезінде Қазақстан халқы ассамблеясына, біз, осында жер аударылған халықтар, қосылып, қазақ халқы мен Қазақстан жеріне білдірген алғысымыз ретінде стела қоюды ұсынған едім. Қазір, қала әкімдігі, елордамыздың 20 жылдығы құрметіне  осында жер аударылған және басқа да халықтардың қазақ халқы мен Қазақстан жеріне деген алғысы ретіндегі ескерткіш қою туралы қаулы қабылдады.

Егер біз осындай қарым-қатынастарды сақтап, осы жерде тұрып жатқан барлық халықтар Қазақстан жеріне деген құрметімізді сақтасақ – онда біз тату-тәтті, бақытты ғұмыр кешеміз – бұл – біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әр маңызды форумда еске салып отыратын позитивті ұлттық саясатымыз.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Telegram - каналымызға жазылыңыз!

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ең көп оқылған
Сауалнама

105 жыл бұрын негізі қаланған Қазақстан футбол құрамасының ӘЧ қатысуы үшін не керек?