Жарияланымдар

Ержан Бабакумаров: «e-history.kz» порталының тапсырмалары - жас ұрпаққа біздің елімізде орын алған, тарихи оқиғалар туралы сенімді айғақтармен танысуға көмектесу»

11 Желтоқсан 2013
103
0
Ержан Бабакумаров: «e-history.kz» порталының тапсырмалары  - жас ұрпаққа біздің елімізде орын алған, тарихи оқиғалар туралы сенімді айғақтармен танысуға көмектесу»
Award.kz Ұлттық интернет-сыйлығы» конкурсында e-history.kz порталы «Балалар тәрбиесі, білім және ғылым» номинациясы бойынша үздік білім беру қоры болып танылды.

«AWARD.kz  Ұлттық интернет-сыйлығы» конкурсының 2 кезеңінің қорытындысы бойынша e-history.kz «Қазақстан тарихы анықтамалық ақпараттық-білім беретін порталы»  «Балалар тәрбиесі, білім және ғылым» номинациясында үздік білім беру қоры болып танылды. 28 халықаралық және қазақстандық сарапшылардан тұратын қазылар алқасы келесі белгілер бойынша жоғарғы баға берді:

-  Дизайн және юзабилити;

-  Мазмұны мен интерактивтілік

-  Қазақ тіліндегі мазмұны мен интерактивтілігі

-  Атқарымдылығы мен технологиялылығы

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникация Қызметінің Төрағасы Ержан Жалбакович Бабакумаров жобаны жүзеге асыру туралыкейбір сұрақтарға жауап берді:

-  Ержан Жалбакұлы, барлығы қалай басталғандығын айтып беріңізші?

-  Ұлттық тарихты зерттеу бойынша ведомствааралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысынан кейін біздің алдымызда еліміздің тарихымен қызығатын әрбір адам, Қазақстан тарихына қатысты, өзіне қажетті және тиімді ақпаратын таба алатын осындай қор құру тапсырмасы қойылды.  

dbc41f701df8fae5438b8f49715b484a.jpg

Жұмыс тобының алғашқы жиналысы өтіп, онда ҚР білім және ғылым Министрлігінің, сондай ақ ҚР мәдениет және ақпарат Министрлігінің  қызығушылық танытқан мамандары және олардың ведомствааралық ұйымдары бүткіл жобаның ең басты ой талқысында болды: бұл кездесуде бітіру және қабылдау емтихандарына өздігімен дайындалатын, мектеп бітірушілер үшін интерактивті модуль құру туралы идеясын, сондай ақ «e-history.kz» электронды журналын құру идеясы пайда болды, ол ғалымдардың, студенттердің, магистратанттардың ғылыми еңбектерін жариялауға арналған. Қазіргі кезде порталға жұмыстарын жариялау ғылыми баспасөз бетіне жариялағанмен теңдестіріліп, сонымен магистр атағын немесе PhD деңгейін алу деңгейінің бірінен өтуді жеңілдетеді. Жобамен жұмыс істеу барысында кітап және оқу әдебиетін шығаратын, баспа-құқық иелерімен серіктестікте болу арқылы қол жеткізілді. Өткізілген жұмыс қорытындысында порталда  біздің ғалымдардың ғылыми басылымдары  тұрақты түрде орналастырылады.

-  Құрылған порталды ары қарай дамытуға қандай жоспарларыңыз бар?

-  Міндетті түрде порталды жаңа, қызықты және сапалы материалмен толтыру бойынша жұмыстар жүргізілуде және жүргізілетін болады. «Сынамалық БҰТ» тарауына тестілер қосылады, «Кітапхана» тарауы жаңа және қызықты кітаптармен толығады, жақын арадағы болашақта iOS және Android платформасындағы ұялы телефондар үшін ұялы қосымша шығару жоспарда бар. Сонымен қоса, порталдың 4 арнайы жобасын іске қосу үшін ақпаратты жинау толығымен жүргізіліп жатыр. Және бұл тапсырмалар бізден жақын арадағы болашақта жоспарланған жұмыстардың шағын бөлігі ғана.

-  Ержан Жалбакұлы, сіздің көзқарасыңыз бойынша елімізді дамуында тарихты білу ролі қандай?

-  Өз елінің тарихын білу, жеке тұлға сапасын анықтайтын ең маңызды көрсеткіш. Порталдың тапсырмасы жас ұрпаққа біздің елімізде орын алған, тарихи оқиғалар туралы сенімді айғақтармен, әртүрлі, интерактивті модульде болсын, фильм, мультфильм, кітап және т.б формада танысуға көмектесу.

«Қазақстан тарихы» - ежелгі уақыттан бастап тәуелсіздік алғанға дейінгі, сондай ақ 1991 жылдан бергі жаңа тарихтан қазіргі уақытқа дейінгі еліміздің ұлттық тарихына арналған, Қазақстандағы ең күтілетін жобалардың бірі. Портал ақпараттық-білім беру болып табылады және әрбір пайдаланушы оның ұғынуына қызықты және ыңғайлы, ақпараттық және анықтамалық материал форматында өзіне ала алады.

Өз пікірімен бөлісті: Қайрат Шәкәрімұлы Әлімғазинов, тарихнама, деректану, заманауи әдіснама бөлімінің меңгерушісі,  тарих ғылымдарының докторы, және Әлима Мүсірқызы Ауанасова, ҚР БжҒМ ғылым комитеті «Мемлекет тарихы институты» ММ басты ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы:

2013 жылдың 5 маусымында Мемлекеттік хатшы М.Тажинмен айтылған, тарих ғылымдарын жаңғырту, тарихи білімді жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік беріп, технологиялық ақпараттық аймақты осы ғылым саласында жаңа жетістіктерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

«Қазақстан Тарихы» порталының Award.kz Ұлттық интернет-сыйлығы» конкурсының қорытындысы бойынша «Қазақстан тарихы анықтамалық ақпараттық-білім беретін порталы»  «Балалар тәрбиесі, білім және ғылым» номинациясында үздік білім беру қоры болып танылғандығы, қоғам үшін тұрақты түрде жаңалықтарды, идеялардың іздестіруге қажетті (соның ішінде жастар үшін) оның маңыздылығы туралы айтады.

Екпінмен дамитын технологиялар ғасырында, тек ғана оқиғалар желісінде тұрақты болып қоймай, оларға дұрыс пікір білдіру қажет, өңделген Портал пайдаланушыларға әлемдегі және Қазақстандағы оқиғаларға шұғыл пікірін білдіруге мүмкіндік береді, сондай ақ Қазақстан тарихы бойынша толық білімі мен ақпаратын ұсынады.

Осындай тәсілдеменің арқасында тарихи болмысты толық көрсетуге мүмкіндік беріп, Қазақстан тарихына тек ғана қазақстандық пайдаланушылардың ғана емес, сондай ақ интернет-пайдаланушыларының назарын аударды.

Бірінші айларда оның мазмұнымен көптеген пайдаланушылар қызығушылық танытып, өндеушілерге сайттың контентін жаңа материалдармен толтыруға тура келетін. Сонымен бірге контентпен кәсіби деңгейде айналысу қажет. Өңдеушілердің мұндай тәсілдемесімен контентті толтыруы тәрбие, білім беру және ғылым саласында шегін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Портал құрылымы, оны толтыру, қарастырылатын өзекті мәселелер, орналастырылатын оқу әдебиеттері, әдістемелік материалдар, электронды кітапхана қоры мен құжаттамалық мұрағат және т.б материалдардың үш тілділігін оның барлық пайдаланушылары толығымен бағалады. Оның ішінде жастар, жаңа технологияларды қабылдағыш: жастар бұл қорды толық көлемде пайдалана алды. Портал пайдаланушыларының саны тек ғана өседі деген ойдамыз. Және бұл қуантарлық жәйт, бұл Порталға халықаралық масштабтағы, Қазақстан тарихымен қызығатындарға, білімін толықтыруға және интернет-пайдаланушылары үшін ақпарат алмасу дәлізі болмақ.

Контенттің жоғарғы сапасы, оның интернет қорларының пайдаланушылары арасында жайылғандығы шағын ұжымның өз күші мен білімі мен күшін бір жерге оқшаулаудың арқасында, еңбекті көп қажет ететін және жөнге келтірілген жұмысының арқасында мазмұны бай Интернет – қорын құру  мүмкін болды.Портал іске қосылған күннен бастап көп уақыт өткен жоқ, бірақ оның өңдеушілері бір орында тұрған жоқ. Бұгінгі күнгі оның тапсырмалары – Портал контентін сапалы деңгейге көтеру.

«Балалар тәрбиесі, білім және ғылым» номинациясында Award.kz(www.award.kzсайтының сыйлығы)Ұлттық интернет-сыйлығын  алумен «Қазақстан тарихы» Порталының өңдеудегі белсенді қатысушыларын құттықтаймыз. Біздің ұжымымызға алда қойған мақсаттарымызды жүзеге асыруда шығармашылық табыс тілеймін.


Сауалнама

Ұлттық үлгідегі қандай киімді тұтынасыз?