Жарияланымдар

АСТАНАНЫҢ ТҰҢҒЫШ ТЕННИС КОРТЫ

19 Қаңтар 2018
566
0
АСТАНАНЫҢ ТҰҢҒЫШ ТЕННИС КОРТЫ
NDH порталы еліміздің осыдан 20 жыл бұрынғы өмірімен таныстыруын жалғастырады. 1998 жылғы қаңтардың басында Ақмолада теннис корты пайда болды

1998 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмолада екі ойын алаңы бар тұңғыш теннис кортын ашты. Алматылық «Дружба-пласт» құрылыс фирмасы бар болғаны жарты жыл ішінде бұрынғы ауылшаруашылығы көрмесі ауданында керемет спорт ғимаратын салып берді. Бұл басы ғана еді.

Есілдің сол жақ жағалауындағы саябақ аумағында көп ұзамай бірнеше жабық және ашық корттар пайда болады. Ал, бұл дегеніміз, Ақмолада заманауи теннис орталығы пайда болады деген сөз, оған ұқсас орталық елімізде жоқ.

Дәстүрлі шашу шашумен Н.Назарбаев пен Астана мэрі Ә.Жақсыбеков көгілдір лентаны кесті. «Алматының өзі осындай залға қызғаныш білдіре алады. Қала тұрғындары үшін Ақмолада осындай объектілер көп болады. Осы жылы орталық стадионды тәртіпке келтіреміз.

Уақыт өте келе Соленая балка ауданын демалыс аймағына айналдырамыз. Ол жерде бес мың көрерменге арналған заманауи жабық спорт кешенін, ескек есетін канал саламыз» деп атап өтті Мемлекет басшысы Осыдан соң Президент спорттық киім киіп, қолына ракетка алып, жас қарсыластарымен «жекпе-жекке» шықты. «Акмолинская правда» газетінің 1998 жылғы материалдары бойынша.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Telegram - каналымызға жазылыңыз!

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ең көп оқылған
Сауалнама

105 жыл бұрын негізі қаланған Қазақстан футбол құрамасының ӘЧ қатысуы үшін не керек?