Жарияланымдар

Алматыда археологиялық мұражай туралы конференция өткізілді

07 Желтоқсан 2013
294
0
Алматыда археологиялық мұражай туралы конференция өткізілді
Алматыда «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Археология мұражайының 40 жылдығына байланысты конференция өткізді.

Алматыда «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Археология мұражайының 40 жылдығына байланысты конференция өткізді. Оның жұмысы мұражайдың қалыптасу тарихы мен осы жылдар ішінде жеткен межелерін қамтитын бірнеше тақырып бойынша жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Археология мұражайы Қазақ КСР Ғылым академиясы Археология институтының жанынан 1973 жылы ашылған. Мақсат - республиканың археологиялық материалдарын сақтап, тұрақты түрде ғылыми зерттеу. 1991 жылдың қыркүйек айынан бастап ол өз жұмысын Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының құрамында жалғастырып келеді. Археология мұражайы «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрамына 2010 жылдың маусымында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитетінің бұйрығымен енді.

Қазіргі таңда мұражай қорында 4000-нан аса сақтау бірлігі бар, экспозицияларға 1000-нан аса археологиялық жәдігерлер қойылған.

Мұражай қоры «Халық тарих толқынында» бағдарламасын іске асыру  аясында құнды тарихи жәдігерлермен толықтырылуда.


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ең көп оқылған
Сауалнама

Жеті қазынаның қазіргі таңда қайсысы өзекті деп ойлайсыз?