Жарияланымдар

Павлодар мемлекеттік университетінде Тұңғыш Президент күніне арналған шаралар кешені өтіп жатыр

27 Қараша 2013
95
0
Павлодар мемлекеттік университетінде Тұңғыш Президент күніне арналған шаралар кешені өтіп жатыр
«Жаңа заманның лидері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму жолындағы ел Көшбасшысының тарихи ролін көрсету.

Павлодар мемлекеттік университетінде Тұңғыш Президент күнін тойлауға арналған шаралар кешені басталды, деп хабарлайды inform.kz.

Студенттер мен магистранттарға Тұңғыш Президенттің Қазақстан мемлекетінің қалыптасуындағы ролі тақырыбында дәрістер оқылды.

«Назарбаев – ҚР мемлекеттік Тәуелсіздігінің негізін қалаушы», «Елбасы», «Қоғамның әлеуметтік жаңғыруы» және т.б. тақырыптарда студенттік жұмыстардың байқауы өтті.

ПМУ-дің бас корпусында «Жаңа заманның лидері» кітаптар көрмесі ашылды, оған 400-ден астам туынды қойылған. Бұл шығармаларға Елбасының еңбек жолының басталуы, оқып, білім алған жылдары, мемлекеттік және саяси қайраткер ретіндегі қалыптасуы арқау болған.

«Мемлекет және Президент» кітаптары Қазақстандағы мемлекеттік басқару мен құрылымы, заңды-құқықтық саясат, өзге мемлекеттермен қарым-қатынас жасауы және халықаралық ұйымдарға қатысуы туралы айтады.

«Президент және жастар» стендінде «Этномәдени зерттеулер» және «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша ПГУ-да шыққан білім беруді дамытудың және шығарудың мемлекеттік бағдарламасы туралы материалдар ұсынылған.

Көрме Президенттің ПГУ кітапханасына ұсынған «Бәйтерек» символы бар медальмен аяқталды.

Мереке қарсаңында ЖОО-да «Дені сау ұлт – дені сау рух» атты ұранда эстафета және «Алғашқы Президент» тақырыбында интеллектуалды ойын өтеді. 






Сауалнама

Ұлттық үлгідегі қандай киімді тұтынасыз?