Жарияланымдар

АҚПАРАТТЫҚ СОҒЫС САРБАЗЫ

20 Қазан 2017
91
0
АҚПАРАТТЫҚ СОҒЫС САРБАЗЫ
«Рухани жаңғыру – гүлдену мен келісімге апарар жол» атты конференция аясында Бейбітшілік пен келісім сарайында журналистерге арналған мастер-класс өткізілді

17 қазанда «Рухани жаңғыру – гүлдену мен келісімге апарар жол» атты конференция аясында Бейбітшілік пен келісім сарайында журналистерге арналған мастер-класс өткізілді.

«Russia today» телеканалындағы «Свидетели эпохи» (Дәуір куәлері) бағдарламасының авторы және жүргізушісі, шығыстанушы Халид Аль-Рошд «Әлемдік ақпараттық соғыс жағдайындағы заманауи журналистиканың ролі» тақырыбында баяндама жасады.

NDH порталы Халид Аль-Рошдтың сара саясат қалай жүретіндігі және ондағы журналистиканың атқаратын рөлі жайындағы лекциясын келтіреді.  Журналистиканың басты қағидасы – зиян келтірмеу екендігіне мен кәміл сенемін. Жас  журналист-энтузиасттар бәрін жақсы білеміз деп ойлайды: өздері эрудициялы, әбден шыңдалған, өз көзқарастары бар және өздері соған әбден сенімді. Бірақ олар өз түйсіктерінің призмасынан өткізілген, қалай болғанда да идеалогиялық, діни, конфессионалдық, тіпті этникалық тұрғыдан да қуат алған мағлұматты береді. Журналисттің бойында сабырлылық пен жауаптылық сияқты қасиеттер болуы керек. Тіпті алғанда, жауаптылық бірінші орында. Одан соң эрудиция – бұл да өте маңызды.  

Егер адам нақты бір мамандықты игеріп, сол саланың майталманы болған адам журналистикаға келсе және сол тақырыпты маман ретінде баяндап, аша түссе бұл керемет болар еді. Өйткені, журналист бәрін білуі мүмкін емес – ол білгішсымақ бола алмайды. Оны бір тапсырмаға, екінші тапсырмаға жібереді, бүгін мына тақырыпқа жаз, ал ертең мына тақырыпқа – және бұның бәрін жылдам істеу керек. Бұл жерде қандай сапалы материал туралы айтуға болады?

Мен тележүргізуші болып жұмыс істеуге бардым, арна араб өңіріне бағытталған. Мен білім бойынша арабист, өңіртанушымын, арабтық шығыс және араб-израиль қақтығысы жөніндегі, сонымен қатар этносаяси  конфликтология бойынша маманмын. Яғни, мен бұнымен кәсіби айналыстым, сондықтан мен Сириядағы қақтығыстар туралы айтқан кезде, бұны «сол жаққа жылдам барып, ол жердегі жағдай туралы жазу тапсырылған» журналист ретінде емес, маман ретінде айтамын. Кез-келген тілші бұл жердің қайда екенін жазу, Сирияның қайда, Таяу Шығыстың қайда екенін ажырату екінің бірінің қолына келе бермейді. Бұрын, өкінішке орай, дипломатия да солай тұрғызылды. Баратын елінің тілі түгілі, сол елдің картада қай жерде орналасқанын білмейтіндер елші ретінде жіберілетін.

Нақты бір мысал келтірейін. Негізінен құпия дипломатия арқылы жүргізілетін Real politics деген не, PR politics деген не. Біз айналысатын шаруа – PR politics. Мынадай бір шымылдық бар – біз сол шымылдыққа қараймыз, ар жағында не бар екенін ұстап, сипап көруге тырысамыз, өйткені сара саясат – шын мәнінде түгелдей құпия. Ол дегеніңіз, қазіргі болып жатқанның бәрі, тек елу жыл өткен соң ғана белгілі болады.

Бірде, 1943 жылы Тегерандағы үлкен үштікті (Сталин, Черчилль және Рузвельт) жоюдың алдын алуға қатысқан кеңестік барлаушы, КСРО КГБ (МҚК) полковнигі Геворк Вартанян менің бағдарламамның қонағы болды. Мен онымен 2008 жылы Сыртқы барлау қызметінің ғимаратында сұхбаттастым. Геворк Вартанян: «Мен тек қана 1943 жылғы Тегеран бойынша ғана айта аламын. Және бұл Сыртқы барлау қызметінің штабында болуы керек»,- деп ескертті». Қанша уақыт өткенін елестетіп көре аласыз ба? Американдықтар әлі күнге дейін Бірінші дүниежүзілік соғыстың архивтерінің құпиялығын алған жоқ, ал журналистке: «Бар, ұш, не болып жатқанын анықтап, бізге хабарла»,- дейді. Ол не айта алады? Бірінен бірі аумайтын күндер.

Телекөрерменнің еститіні: «Үкімет әскерлері мен оппозицияның текетіресі» Сирия, Добасс немесе Украина болсын, мейлі, телекөрерменнің күнде еститіні: «Үкімет әскерлері мен оппозицияның текетіресі». Бұны кәсіби журналисттер қалай көреді? Мен, өңіртанушы ретінде, баасистер билікке келген 1963 жылдан бастап, қақтығыс тарихының барлық бастауын көремін.  

БААС партиясы төңкеріс жасап, үкіметке келді де, келесі 50-60 жыл бойы солардың диктатурасы билік құрды.  Хафез Асадтың шын мәніндегі жеке-дара басқаруы, кейін биліктің Башар Асадқа мұраға қалуы. Бұлар, алавиттер, аз ұлттар, кейін бұқаралық ақпарат құралдарымен көп ұлтты басқарушы аз ұлт ретінде бүкіл осы өңірде бүліншілік таратуды қалаушылар ретінде жеткізіледі.

«Бұл мүлдем дүдәмал, барып тұрған жексұрын, сунниттермен күресетін секта, және олар соңғы елу жылда Сирияда билік құрып келді, бұл сектаны құлату керек. Олардың Үкіметін де құлату керек, және билік басына Сирияда көп сүнниттер келуі керек». Және санасы шыңдалмаған, жоғары білімі жоқ адамдар, тіпті еш білімі жоқ, бірақ діни түйсігі бірталай мықтылар осыны жақын қабылдайды. Осыдан бір жыл бұрын ғана «Әл-Жәзира» немесе «Әл-Арабия» телеарналарына ұнап тұрған Асад, енді аяқ астынан сектант болып шыға келіп, отбасының мүшелері билікті басып алған жауыздар бола қалды.

Күн сайын «Әл-Жәзира» немесе «Әл-Арабия» телеарналары: «Олар билікті басып алған озбырлар, олар алавиттер, олар сүнниттерді өлтіруші жендеттер, олар саяси сұрақтар бойынша басқаша ойлап, басқа көзқарастағылардың бәрін қудалайды»,-деп, өз көрермендерінің миына құя берді. Бұл  Михаил Сергеевич Горбачев Кеңес Одағында ашықтықты жариялаған кезде, барлық ұлттар шыбындар сияқты қабынған жерге үймелеген жағдайды есіңе салады.

Кавказдықтар 1944 жылғы депортацияны естеріне түсірді, ал оған М.С.Горбачевтің мүлде қатысы жоқ қой, тіпті орыс ұлтының бұған еш қатысы жоқ, өйткені бұл комиссарлардың кінәсі, олардың менталитеттері өзгеше. Архивтерді көтеріңіздер, аты-жөндеріне қараңыздар – орыстар қай жерде? Бірақ мемлекет негізін құрайтын ұлт, яғни орыс ұлты, шартты түрде алғанда соңғы 100 жылда, мүмкін тіпті І Петрге, Иван Грозныйға, Қазанды алған және т.б. кезеңге дейінгі осы ұлттармен болған барлық қиянаттар үшін жауап беруі керек. Адамдарда этноцентризм өсіп, бір өшпенділік туып, кек қайтару деген сияқты сезім оянады да, ол одан әрі ұлттық қақтығысқа  ұласады. Дана саясаттың арқасында Қазақстанда Таулы Қарабахта, Шешенстанда орын алған қақтығыстардың ешқайсысы болған жоқ.  Өкінішке орай, екі үлкен қақтығыс көптеген адамның өмірін жалмап кетті. Осы жерде журналисттер өте маңызды рөл атқарды. 90-шы жылдарда жүгенсіздік орын алған еді: не айтқың келсе – айт, не жазғың келсе – жаз. Көптеген материалдар тапсырыспен жазылды. Березовскийге қай журналистің, Гусинскийге қай журналистің бекітілгені бәріне белгілі болды.

«Ақпараттық егемендік» деген түсінік бар. Қазіргі заманның гибридтік соғысы аясында ақпараттық егемендік өте маңызды, өйткені сөз еркіндігі деген мүлде жоқ.  Сендер еркін журналистсіңдер және сөз еркіндігі бар деп бастарыңды қатырмасын. Журналист өз-өзінен, ең бастысы өзінің жалған сенімінен, дүниетанымынан еркін емес. Еркін журналистика деген не? Мемлекеттен еркін, соның аясында БАҚ ретінде қызмет ете отырып? Бұлай болмайды, өйткені мемлекет бұл үшін ақша төлейді. Ақша төлейтін жұмыс берушіден немесе тапсырыс берушіден қалай тәуелсіз болуға болады?

Бір белгілі американдық журналист: «Тек қана бұқаралық ақпарат құралдарының иелері ғана сөз еркіндігіне ие»,-деп бекер айтпаса керек. Березовский кез-келген сюжетке тапсырыс бере алатын, мысалы, Доренко Мәскеу мэрі Лужковқа қарсы. Содан ол күнде Лужковқа қарсы сөз сөйлеп отырды. Бар болғаны олигархтар арасындағы, былайша айтқанда, сөз еркіндігі кезіндегі текетірестерге қарап отыру ғана қалды. Америкада басқа екен деп ойламыңыздар. Иракты басып алар алдында медиа-магнат Руперт Мердокқа тиесілі 5 ірі корпорация барлық шағын корпорацияларды басып-жаншып Иракты басып алуға негіз дайындады. Таяу Шығыста қақтығыс нығая бастаған кезде Иракты қарусыздандыру бойынша комиссия құрылып, ол елді аралап, жаппай құрту қаруын іздеді. Иракты қарусыздандыру бойынша БҰҰ-ның бас инспекторы Скотт Риттер Саддам Хусейннің сарайларын, Мухабараттың бас штабын (жергілікті арнайы қызметтер)өзі қарап шықты. Соғыстан қашып құтылудың мүмкін еместігін түсіне отырып, келесібаяндаманы жасайды: «Мен ол жерде өзім болдым, барлық сарайларды қарап шықтым – онда ешқандайда  жаппай құрту қаруы жоқ. Жоқ – мен өзім көрдім». Осы кезде Иракты қарусыздандыру бойынша негізгі қатысушылардың бірі ретінде FOX NEWS онымен шартқа отырады, шарт бойынша ол олардың апта сайынғы сарапшысы болуы керек болды, гонорары да жақсы болатын. Америкада бұқаралық ақпарат құралдары сараптамаға өте жақсы ақша төлейді. Эксклюзивті, демек, ол тек сонда ғана шыға алатын. Олар оны алдап түсірді, өйткені шарт бойынша ол Иракта жаппай құрту құралының жоқтығы туралы басқа ешбір БАҚ-қа сұхбат бере алмайтын еді.

Америкаға соғыс керек болды да, олар барлық бұқаралық ақпарат құралдарын шоғырландырды. Лингвистік тәсілдер қолданылды. Кіші Джордж Буш сөз сөйлеген кезде үнемі: «Саддам Хусейн – диктатор, Саддам Хусейн – тиран. Саддам Хусейн – жаппай құрту құралы, Саддам Хусейн – терроризм, Саддам Хусейн – Аль-Каида»,-деп қайталай беретін.  Енді осы  Саддам Хусейннің кім екенін, Аль-Каиданың не екенін білмейтін американдықтар ракеталар Америкаға ұшып жетеді екен деп ойлайды. Вьетнамнан соң АҚШ өз қателіктерінен жақсы сабақ ала бастады. Қарсыластың аудиториясына жұмыс жасамау керек. Ақпараттық соғыс алдымен өз аумағыңда керек. Бұл «еркін сөз» дегеннің айқын мысалы. Қазір Екінші дүниежүзілік ақпараттық соғыс жүріп жатыр. Бірінші дүниежүзілік ақпараттық соғыс қырғи-қабақ соғыс кезінде болған, және онда КСРО жеңіліс тапты.   

Ядролық басымдықты қуалап жүргенде, ең бастысын – қарсыласқа бағытталған бұқаралық ақпарат құралдарының саны назардан тыс қалды. Кеңес Одағында тек «Голос Москвы» ғана болды, ал Батыста -  Радио Свобода (Еркіндік Радиосы), Свободная Европа (Еркін Еуропа), Либерти, Голос России (Ресей Дауысы) және тағы басқа көптеген арналар болды. Арақатынасы бесте бірді құрайтын. Кеңес Одағының аумағында мыңдаған тұншықтырғыштар орналастырылды, бірақ олар тек үлкен қалаларда ған жұмыс істеді. Ал, Горбачев барлық «ақпараттық» шлюздерді ашты. Бірақ ақпараттық соғыстың принциптері – ақиқат ағынында жалған мәліметті жіберу. Бұл тәсілдердің қолданылып жүргеніне көп жылдар болды, өйткені жалған мәлімет – арнайы қызметтердің негізгі әдіс-тәсілдерінің бірі. Біздің заманымызға дейінгі VI ғасырдың өзінде Сунь Цзы: «Қарсыластың қалаларын емес, оның ақыл-ойын жаулап алу – басты жетістік»,- деп айтып кеткен. 

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ең көп оқылған
Сауалнама

Қазақ-жоңғар шайқасы туралы тарихи драмалық көркемфильмдердің қайсысы көңілінізден шықты?