Жарияланымдар

«Қазақстаннан» «QAZAQSTAN-ға» дейін

20 Қыркүйек 2017
136
0
«Қазақстаннан» «QAZAQSTAN-ға» дейін
Осыдан 25 жыл бұрын, 1992 жылғы 18 қыркүйекте, Қазақ КСР Мемтелерадиосы негізінде «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабар таратушы компаниясы құрылды

Оның шығу тарихы сонау 1921 жылдан бастау алады, сол жылы Пошта мен телеграфтар Халық комиссариаты эфирге Қазақ радиосын шығарған болатын. 1933 жылы радио Қазақ АКСР-і Радиофикация және радио хабарларын тарату комитетінің тікелей бағынысына өтеді, ал 1978 жылы Комитеттің атауы Қазақ КСР Телевидение және радио хабар тарату жөніндегі мемлекеттік комитеті (Қазақ КСР Мемтелерадио) болып өзгерді.

1958 жылдың 8 наурызынан бастап Мемтелерадио Орталық телевидениенің (ОТ) Бірінші программасын таратуды бастады, оның ішінде қазақ программалары үшін «өңірлік терезе» қалдырылды. Кейінірек Қазақ КСР Мемтелерадиосының хабарлары жеке программаға, «Қазақ телевидениесіне» кіріп, бүкіл Қазақ КСР аумағын қамтыды.

1992 жылдан бастап Қазақ КСР Мемтелерадиосы «Қазақстан» мемлекеттік телеарнасы ретінде белгілі.

1994 жылдан бастап «Қазақстан» мемлекеттік телеарнасы осы аттас «Қазақстан» телерадиокорпорациясына енді, ал «Алатау» телеарнасы «Қазақстан-2» телеарнасының ізбасары болды, оны 1995 жылы «Хабар» алмастырды.

«Қазақстан» - елдің ақпараттық саясатын жүзеге асыратын мемлекеттік телерадиокорпорация. Көрермендер мен тыңдармандар аудиториясы ең үлкен арна. Бүгінгі таңда корпорация жобалары: «Қазақстан», «Kazsport», «Балапан» телеарналары, Қазақ радиосы, «Шалқар», «Астана», «Classic» радиолары және жергілікті филиалдар.

«Қазмедиа орталығы» телеорталығы – «Қазақстан» хабарларын таратудың басты орталығы. Бұдан басқа, Қазақстанның барлық облыстарында телеарнаның филиалдары бар, олардағы негізгі атауға қаланың аты қосылып айтылады. Мысалы: Қазақстан-Павлодар, Қазақстан-Оралжәне т.б.

Қазақстанның 98,63% тұрғындары түрлі бағдарламаларды көріп, тамашалай алса, Қазақ радиосын тұрғындардың - 88,74 , Статистикалық мәліметтер бойынша қазақстандықтардың 98,63% «Қазақстан» арнасын көрсе, 88,74 % радио тыңдау мүмкіндігіне ие. Телевидениеге қолы жетімді ауыл тұрғындарының жартысынан көбі өздерінің ақпараттық-мәдени қажеттіліктерін «Қазақстан» телеарнасы арқылы қанағаттандырады.

Корпорацияның хабар тарату саясаты ақпараттық, ағартушылық, ойын-сауықтық бағыттағы ақпарат беруде, қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттайды. «Қазақстан» арнасының мақсаты – еліміздің азаматтарын мемлекеттік және халықаралық негізгі әлеуметтік-саяси процесстермен таныстыру, патриотизмді, ортақ отанымызға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

2013 жылғы 17 маусымда «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Халықаралық Телерадио хабар таратушылар ассоциациясына (Association for International Broadcasting) қабылданды. AIB 1993 жылы коммерциялық емес ұйым ретінде пайда болды. Оның құрамына елуге жуық ірі телерадио хабар таратушылар кіреді, олардың ішінде BBC World, Bloomberg, Al-Jazeera, France 24, Russia Today, Eurosport, Deutsche Welle и другие. «Қазақстан» АҚ мүшелікке позитивпен қарайды: әлемдік деңгейдегі телерадио хабар таратушылармен жұмыс істеу тәжірибесі телеарнаның кәсіби деңгейін одан сайын көтереді, сонымен қатар бүкіл корпорацияның жұмыс жетілдіруге септігін тигізеді, бұл нәтижесінде оған әлемдік медиа-нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

2017 жылғы 28 тамызда «Қазақстан» телеарнасының логотипі латын жазу нұсқасын қабылдады – «QAZAQSTAN».

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ең көп оқылған
Сауалнама

Тәуелсіз Қазақстанның тарихына қызығушылық танытасыз ба?