Жарияланымдар

ЧУБАРОВШЫЛАРДЫ НЕ ҮШІН СОТТАДЫ?

25 Тамыз 2017
1202
0
ЧУБАРОВШЫЛАРДЫ НЕ ҮШІН СОТТАДЫ?
1929 жылдың қыркүйегінде «Советская степь» газетінде «Тағы чубаровшылар туралы» мақаласы жарық көрді. «Чубаровшылар»деген кімдер? ХХ ғ. 20-шы жж. елде бұзақылар мен қарақшылардың дәурені жүріп тұрды

Тонау мен әйелдерді зорлау қарапайым құбылыс сияқты болатын. «Чубаровшылар ісі» бұзақылар мен қарақшылардың жалпы атауына айналды.

РСФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімшесі.

Қылмыстық істер бойынша кассациялық алқа

Құрамы: төрағалық етуші: Шуркус жолдас,

мүшелері: Демме жолдас пен Курбанов жолдас

Қарақалпақ автономиялық облысының Мойнақ кентінде киносеанс болатын. Осы кенттің тұрғыны – Морозов, сеансқа кетіп бара жатып, өзінің дос-тамырлары Шибанов, Васильчиков пен Заикинға:

- Жігіттер, түнде Шибановтың моншасына келіңдер. Колузаеваны алып келемін, - деп ескертіп қояды.

Колузаева, бұзақылардың өзара байласқан сөздері туралы білмегендіктен, Морозовпен ілесіп, моншаға келеді, сол жерде оны зорлайды.

Жабайылар, Колузаеваны мазақ қылып, күлкіге айналдырып, үстіне қарамай жағады.

Колузаева тиісті органдарға шағым жасаған соң, бұзақылар біраз қорқып қалады.

«Істі жабу» үшін, деревняның адамгершілік кодексі бойынша (күнәсін жуу) зорлаушылардың бірі Колузаевамен жанталасып некесін қияды. Осыдан кейін Колузаева «ешқандайда күш көрсету болған жоқ, бәрі де өз келісіміммен болды» деп органдарды иландырады.

Жасаған істері үшін жазаланбағандары Васильчиков пен Заикинды «жаңа ерліктерге» қанаттандырады.

Тағы да киносеанс, тағы да Васильчиков пен Заикинның, Колузаеваны зорлауға қатысқандардың бірі, сөз байласуы:

- Шибановтың моншасына кел.

Скойков, Победимов және Несмерныйлар шақырылған еді. 18-бен 25-тің арасындағы жастар.

Бұл топ та Тужилкина деген бойжеткенді моншаға сүйреп кіргізіп, зорлап, тағы да үсті-басына қарамай жағады.

Бұл жолы зорлаушылар қателесті. Іс сотқа дейін жетті. Сотта Колузаеваға қатысты іс те белгілі болды, бірақ Колузаева «моншадағы кездесу менің келісіміммен болды, қарамай жақты, ал... онда тұрған не бар», - деп сотты сөзіне сендіруге тырысты.

ҚАО Облыстық сотының көшпелі сессиясы 74-баптың 9-тарауы мен 153-баптың 2-тарауы бойынша Васильчиков пен Заикинды 5 жылға, Морозовты 4 жылға, Несмерный, Победимов, Шабанов пен Скойковтар 3 жылға бас бостандықтарынан айырылады.

Победимовты қамауға алу мерзімі 1/3-ке қысқартылған. Қылмыстық Кодекстің 53-бабы бойынша Шабановқа қатысты жаза шартты деп есептеліп, сынақ мерзімі 5 жылға белгіленген.

Сотталғандар кассациялық арыз берді, бірақ Жоғарғы Сот оларды қанағаттандырмай, үкімді күшінде қалдырды. Келтірілген үкімге қатысты Жоғарғы Сот келесі жеке ұйғарымды шығарды:

- сотталушылардың жасаған қылмысының әлеуметті қаупі Сотпен ескерілмеген және әлеуметтік қорғау шаралары олардың жасаған қылмысына сәйкес тағайындалмаған. Сотталушылар қылмыстарын қайтадан жасаған және екі жағдайда да жәбір көрушіге қорлық көрсеткен. Алдағы уақытта сот осындай қылмыстарға қатысты әлеуметтік қорғаудың бұдан да қатаң шараларын тағайындауы қажет.

Анықтама: 1926 жылғы 21 тамызда Ленинградта қылмыстық оқиға орын алды. Ленинградтың Лигов даңғылының жанындағы Чубаров тар көшесінде бұзақы жастар комсомолка Любовь Белованы зорлап кетеді. Осы қылмыстан соң, күдіктілер қамауға алынғаннан кейін Ленинградта қылмыскерлерге ең қатал жазаны талап еткен митингілер болып өтеді. Көрнекі процестер Кеңес Одағының түрлі қалаларында өткізіледі.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ең көп оқылған
Сауалнама

Жеті қазынаның қазіргі таңда қайсысы өзекті деп ойлайсыз?