Жарияланымдар

Әуе қорғанысының әлеуеті

31 Шілде 2017
157
1
Әуе қорғанысының әлеуеті
Қарулы күш – мемлекеттің тыныштығының кепілі. Қорғаныс саласы қашанда көзден таса болмаған жөн, осы тұрғыда біздің бүгінгі әуе қорғаныс күшіміз қандай деңгейде, бірге танысайық

Әуе қорғанысы күштері көк аспанымыздың тыныштығын қорғау, мемлекеттік, әкімшілік, әскери нысандарды әуе шабуылынан қорғау, сонымен қатар авациалық қолдау мен жауынгерлік міндеттерді орындайды. ҚР Әуе қорғанысын күштерінің құрамына Әскери-әуе күштері жатады.

Әскери әуе күштерінің барлығы дерлік заманауи зымырандармен қамтылған. Әуе қорғанысы күштерінің құрамына Әскери-әуе күштері мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері және Әуе қозғалысын басқару органдары кіреді. Әуе қорғанысы күштерін құру жауынгерлік әзірлік мәселелерінде ең алдымен оның техникалық құраушысы мен жауынгерлік даярлығында алға қадам жасауға мүмкіндік берді.

Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 25 жыл. Ширек ғасыр ішінде еліміздің қорғаныс саласы әлдеқайда дамыды. Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті. Патриоттық іс-шараның мақсаты – армияның жауынгерлік қуатын, Қарулы Күштердің техникалық тұрғыда жабдықталуын, қазақстандық армияның жауынгерлік арсеналын толықтырған отандық және шетел өндірісінің қару-жарағы мен әскери техникасының заманауи үлгілерін көрсету. Астанадағы №19132 әскери бөліміне қарасты әуе айлағында Ми-17В-5, Ми-171Ш және ЕС-145 (еврокоптер) көтерілді.

Дәурен Қосанов, ҚР Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры: 

– Еліміздің әуе қорғаныс күші жыл санап өз күш-қуатын арттырып келеді, бұл қаншама күш, еңбек пен қаржының арқасы. Жыл сайын материалдық-техникалық база жаңартылып, жаңа әуе тікұшақтары сатылып алынады. Атап айтсақ, үстіміздегі жылы екі Су-30 СМ» ұшағы мен төрт «Ми-35 М» тікұшағын сатып аламыз, бұлардың барлығы су жаңа әскери ұшақтар және барлығы да Ресейде жасалған. Бүгінгі шараның мақсаты  –журналистер қауымына әуе қорғанысының бүгінгі әлеуетімен таныстыру.

Аваиция саласы – еліміздің маңызды бағыттарын аудандары мен нысандарын әуеден келген жаудың соққыларынан қорғауға арналған Әуе қорғанысы күштерінің негізгі бөлігі. Іс жүзінде қорғайтын нысандардан мүмкіндігінше жоғары қашықтықта кез келген әуе нысаналарын жоюға қабілетті. Оның құрамында зымырандық және зеңбіректік күшті қаруландырылған дыбыстан ұшқыр жойғыш-бомбалаушылары бар.

Қазіргі кезде Қарулы Күштердің техникалық жасақталуы айтарлықтай жоғары, сапалы деңгейге жетті. Бұл дегеніміз – Қарулы Күштерге Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғары Бас қолбасшысы мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің біріккен ынтымағы мен зор еңбегінің арқасы.

Фото: Нұрбек ӘЛМЕНБЕТОВ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

сарсенгали01.08.2017, 22:04

В России существует Воздушно космические силы, объединившие ВВС и ПВО. Так как в Казахстане нет мощного Военно морского флота, стоит подумать о создании Воздушно космического военного флота. Пора задуматься о кораблях современности, которые будут рассекать космические просторы ...

Ең көп оқылған
Сауалнама

Сіздің ойыңызша, Ұлытау төріндегі Алаша хан кесенесінде Шыңғыс хан жерленген бе?