Жарияланымдар

Тарихшы Тілеу Көлбаев дүниеден өтті

16 Маусым 2017
438
0
Тарихшы Тілеу Көлбаев дүниеден өтті
«Қазконтент» АҚ National Digital History порталының ұжымы тарихшы, профессор Тілеу Көлбаевтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақын-туыстарына қайғырып көңіл айтады

2017 жылғы 15-інші маусым күні белгілі тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте иегері Тілеу Садуақасұлы Көлбаев өмірден озды.

Тілеу Садуақасұлы әскери журналист және спорт тарихын зертетуші ретінде елімізге танымал. Ол кісі өзінің саналы ғұмырын қазақ тарихының ақтаңдақтарын ашуға жұмсады. ХХ ғасырдағыұлт басына төнген нәубеттердің шындығын сөйлеткен, ІІ Дүниежүзілік соғыс тұсындағы қазақ жауынгерлерінің ұмытылған ерліктері жайында, жалпы айтқанда, өткен ғасырдың алғашқы жартысы юойынша іргелі зерттеулерінің нәтижесінде 20-ға жуық монографияның авторы болды.

Марқұмның қайтыс болғаны жайлы әлеуметтік желіге белгілі журналист Марат Тоқашбаев жазып жариялады. Онда «Екі-үш күн бұрын ғана редакцияға келіп, шығып жатқан жаңа кітабының «сигналдық» данасын көрсеткен. Биыл 75 жасқа толғандығын айтып, енді туған жері Көкшетауда өзі ілкіде қызмет істеген ауданында мерейтойлық кездесу өткізгісі келетін жоспарларымен бөліскен. «Адамның дегені болмайды, Алланың дегені болады» деген. Тілеу аға өте еңбекқор, уақытын мұрағаттарда өткізген, нені жазса да өзі тапқан архив құжаттарына сүйеніп, нақты дәлелдермен жазатын ұлтшыл көзқарастағы тарихшы еді. Ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысындағы қазақтарға қатысты құпиялар зерттеу қызметінің басты бағыттары болатын» деп жазды.

«Қазконтент» АҚ National Digital History порталының ұжымы тарихшы, профессор Тілеу Көлбаевтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақын-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Иманы саламат болсын.

Марқұмның жаназасы ертең, 16 маусым күні, сағат 11.00-де Алматыдағы 12 ықшамауданда шығарылады. Мекен-жайы: 12 ықшамаудан, 2 үй, 19 пәтер. Тел: 8 705 728 70 79.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ең көп оқылған
Сауалнама

Сіздің ойыңызша, Ұлытау төріндегі Алаша хан кесенесінде Шыңғыс хан жерленген бе?