Жарияланымдар

Сарыарқа - дала өркениетінің алтын бесігі

04 Қараша 2013
152
0
Сарыарқа - дала өркениетінің алтын бесігі
Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қарағанды тарихи-өлкетану музейі қорынан «Сарыарқа - дала өркениетінің алтын бесігі» атты тарихи-мәдени мұра көрмесі ашылды.

Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қарағанды тарихи-өлкетану музейі қорынан «Сарыарқа - дала өркениетінің алтын бесігі» атты тарихи-мәдени мұра көрмесі ашылды.

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Көрмеге археологиялық және этнографиялық экспонаттар, сәнді-қолданбалы және зергерлік өнер бұйымдары қойылған. Олардың арасында «Сақ мәдениеті» залының 90 экспонаты, Қоянды жәрмеңкесінің 25 заты, этнографиялық және зергерлік 58 бұйым, сонымен қатар археологтардың жуырда Қарағанды өңірінде тапқан «Алтын адамы» да бар.

Дерек көз: inform.kz

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Сауалнама

Қазақ Ордасының құрылуын сипаттайтын "Қазақ хандығы" тарихи сериалы көңіліңізден шықты ма?