Жарияланымдар

Қазақ диаспорасына арналған кітап көрмесі

31 Қазан 2013
45
0
Қазақ диаспорасына арналған кітап көрмесі
Көрмеге Қауымдастықтың баспасынан жарық көрген кітаптар, конференцияға қатысушылардың ғылыми еңбектері, шетел қазақтары туралы құжаттар жинақтары қойылған.

Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ғылыми кітапханасында «Қазақ диаспорасының жасампаздық әлеуеті: тарихы және заманауи келбеті» атты кітап көрмесі ашылды. Бұл туралы қауымдастықтың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Хабарламада «Кітап көрмесі 31 қазанда өтетін республикалық конференцияға арналып отыр» делінген. Аталмыш шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтуде. Көрмеге Қауымдастықтың баспасынан жарық көрген кітаптар, конференцияға қатысушылардың ғылыми еңбектері, шетел қазақтары туралы құжаттар жинақтары қойылған.

Көрменің «Қазақ диаспорасының Қазақстан жайындағы тарихи білімі» атты бөлімінде Қытай, Моңғолия, Түркия, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан қазақтарының кітаптары, мақалалар жинақтары да орын тапқан.

Сондай-ақ, Ғылыми кітапхана қоры Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы шығаратын халықаралық «Алтын бесік» журналы, халықаралық «Туған тіл» альманағы, сонымен қатар ағымдағы жылы «Атажұрт» баспасынан шыққан кітаптармен толықты.

Дерек көзі: baq.kz

Сауалнама

Ұлттық үлгідегі қандай киімді тұтынасыз?