Жарияланымдар

«Заманауи мектепте ұлттық тарихты оқытудың өзекті мәселелері»

27 Қазан 2013
77
0
«Заманауи мектепте ұлттық тарихты оқытудың өзекті мәселелері»
25 қазанда С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде «Заманауи мектепте ұлттық тарихты оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми - тәжірибелік конференция өтті.

2013 жылдың 25 қазанында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде  Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығымен бірлесе «Заманауи мектепте ұлттық тарихты оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында аймақаралық ғылыми - тәжірибелік конференция өтті. 

Конференцияға қатысушыларды С.Аманжолов атындағы Шығыс  Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры, педагогика ғылымының докторы Г.З.Адильгазинов, ШҚО білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының директоры М.И.Асанова құттықтады.

Конференцияның пленарлық бөлімінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың тарих ғылымының кандидаты Ә.Ә.Өскембай, Аманжолов атындағы ШҚМУ «Алтайтану» ғылыми – зерттеу орталығының директоры,тарих ғылымының кандидаты К.С. Калиева,С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымының кандидаты Л.ПТурова., Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернатының тарих пәнінің жоғары санатты мұғалімі Қ.Ч.Балтекенов баяндама жасады.

Конференция барысында мұғалімдер «Оңтүстік – Батыс Алтай: мәдени тәжірибелер және халық аузындағы тарихи естелік (фольклорлық – этнографиялық экспедициялар нәтижелері бойынша)» атты ғылыми семинарға қатысып, «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының жұмысымен танысты.

Конференция аясында үш секция жұмыс жасады: «Мектепте аймақтық тарихты оқыту мәселелері», «Ұлттық тарихты оқытудағы заманауи-педагогикалық технологияларды пайдалану», «Тарих сабағында оқушыларды ҰБТ-ға дайындау әдіс-тәсілдері». Алматы, Павлодар, Қарағанды облыстарының  және Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері жұмыс тәжірибелерімен және пікірлерімен алмасты.

Конференцияға қатысушылар төрт облыстың  ЖОО оқытушы-профессорлар құрамы, «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы, ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы қызметін ықпалдастырудың аудан, қала мектеп мұғалімдері арасындағы серіктестік қатынасы мен өзара сенімді нығайтудағы, ұлттық тарихты оқытудағы жан-жақты білімдік және ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа екпін берудегі қажеттілігі мен маңыздылығын атап өтті.

Дерек көз: dovko.kz


Сауалнама

Ұлттық үлгідегі қандай киімді тұтынасыз?