Жарияланымдар

Мәскеуде қазақ тілінен аударылған «Степное братство» кітабының тұсаукесері өтті

24 Қазан 2013
51
0
Мәскеуде қазақ тілінен аударылған «Степное братство» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстандық жазушылардың шығармаларын орыс тіліне аудару кең ауқымды оқырмандар аудиториясына қазақ халқының ішкі дүниесін, оның тарихын, дәстүрі мен мәдениетін кеңінен танытуға мүмкіндік бер

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Юрий Щербаковтың қаза тілінен аударылған «Степное братство» атты кітабының таныстыру рәсімі болып өтті.

Кітап қазақтың танымал әдебиет классиктерінің бірқатар шығармаларының жинағы болып табылады, оның ішіне Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, сонымен қатар, бірқатар қазіргі жазушылардың шығармалары енген. Жинақ күйші Құрманғазы Сағырбаевтың туғанына 190 жыл толуына орай шығарылып отыр.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ғалым Оразбақовтың сөзіне қарағанда, танымал қазақстандық жазушылардың шығармаларын орыс тіліне аудару кең ауқымды оқырмандар аудиториясына қазақ халқының ішкі дүниесін, оның тарихын, дәстүрі мен мәдениетін кеңінен танытуға мүмкіндік береді.

Осы оқиғаға байланысты Астраханнан арнайы келген кітаптың авторы Юрий Щербаков жинақтың осы жылдың басында шығарылғанын және бірінші рет Құрманғазының туған жері Астрахань облысының Алтынжар ауылында таныстырылғанын айтып берді.

Дерек көз: inform.kz

Сауалнама

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?