Жарияланымдар

Қазақстан Ресейге қалай қосылды?

06 Сәуір 2017
4431
0
Қазақстан Ресейге қалай қосылды?
1730 жылдары Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғаны туралы ақпарат тарихи оқулықтар мен арнайы еңбектердің түгелге дерлігінде бар

Қысқаша сипаттама

1730 жылдары Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғаны туралы ақпарат тарихи оқулықтар мен арнайы еңбектердің түгелге дерлігінде бар. Әсіресе Қазақстан тарихы туралы көрнекті ресейлік маман Н.Е. Бекмаханова осы бағытта біршама тер төкті.  Бірақ Ресей географиясы туралы мектеп атласын қарай келе келесідей деректерге тап боламыз.

Шындығында

Иә, 1730 жылы Кіші қазақ ордасы (Кіші жүз; кеңес кезеңінен бері қазақ мемлекеті «жүз» деп аталып келеді), ал, 1734 жылы жүз жоңғар шапқыншылығы мен башқұрт қысымына ұшыраған Орта жүз  Анна Иоанновна патшайымнан ресей бодандығын сұрайды. 1731-1734 жылдары патшайым бодандықты қабыл алып, ордалардың хандарына арнайы грамота жолдап, Оның Императорлық Мәртебелілігіне ант қабылдауға міндеттеді. 1738 жылы Аннаға Ұлы жүз ханы да келіп ант берді. Айта кететін жайт, Ұлы жүз немесе Үлкен Орда ханы бұл кезде өз иелігіндегі аймақтың кей бөлігіне ғана билік жүргізіп отырды.

Бұл жерде барлығы белгілі, Қазақ мемлекетінің үштен екісі Ресей құрамында болғандай еді. Алайда, 1757 жылы Орта жүздің көптеген сұлтандары (ру басылар) ресей бодандығын алғандай болып, Қытай императорына ант берді...! Осыдан соң, онжылдықтар бойы олар Аспан асты елінен түрлі әкімшілік шен алып келді.

Ол заманда бұл таңқаларлық жайт емес болатын. Дұшпандарына қарсы күресте қолдау алу үшін, әр империяға ант беру қалыпты жайтқа айналды. Қазақ көсемдері де мұндай сәттерді мүлт жібермеді. Кіші орда ханы Әбілхайыр мен Орта жүздің көптеген сұлтандары Анна Иоановнаның билігінің тұсында бірнеше рет ант қабылдағаннан кейін, Орта жүздің Ресейге қосылған уақытын көптеген тарихшылар 1734 немесе 1738, тіпті кейбіреулері 1740 жылдар деп әр жылға теліп жүр.  

Ең бастысы – Ресей монархының қол астына кіргісі келген «қазақ жерлері» ол уақытта шектеліп қалды. Бодандық алған қазақтар ондаған жылдар бойы Ресей қазынасына ешқандай салық төлемеді. Кіші орда тек, ХІХ ғасырдың басында ғана аз-маз салық төлей бастады.

Ресей әскері қазақ даласына (Ресейде «Қырғыз даласы» деп атады) 1824 жылға дейін келген жоқ. Сондай-ақ, орыс әкімшілігі де 1824 жылға дейін қазақ даласында билік құрмады. Шындығында, Кіші жүз бен Орта жүз хандарын Петербургта бекіткенімен үш жүзде хандық биліктің күші болмады. Бар билік сұлтандардың қолында болды.

Бұл шиеленіскен оқиғалардың басы ғана. «Ресей құрамына кірген Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары» жүз жыл бойы Ресей жеріне жортуылдарын жалғастыра түсті.  Қазақ «бодандарынан» өз азаматтарын қорғау үшін Ресей 1860 жылдарға дейін 3500 шақырымға созылған Сібір және Орынбор линияларын толықтай әскери дайындықта ұстады. Мысалы, 1773 жылы Орынбор линияларының біріне Пушкиннің «Капитан қызы» шығармасының қаһарманы Петруша Гринёв әскери қызметін өтеуге келеді. Тұрақты әскерден бөлек, қазақ «бодандардан» Ресейді үш – Орал (1775 жылға дейін - Жайық), Орынбор және Сібірдегі казак әскерлері қорғауға сақадай-сай тұрды.

1730 жылдан соң жүз жылдан соң ғана, қазақ даласына қатысты барлық құжаттар Сыртқы істер министрлігінің қарамағына өтті!

Бөкей немесе Ішкі орда Кіші ордадан 1801 жылдан бастап, 1838 жылға дейін бөліне бастады.

Орта жүз («Сібір қырғыздарының облысы») – 1854 жылға дейін жалғасты.

Кіші орда үшін («Орынбор ведомствасы қырғыздарының облысы») – 1859- жылға дейін созылды.

Үлкен орданың қосылуы –1863 жылға дейін жалғасты.

Қазақ жері мен Ресей империясының арасындағы кеден бекеті тек 1868 жылы ғана толық жойылды. Естеріңізге сала кетейін, Ресей империясының ішіндегі кеден бекеттері сонау Елизавета Петровнаның тұсында, дәлірек айтсақ 1754 жылы жойылған еді.

Тек 1822 жылы қазақ шапқыншылығының нүктесін қою үшін Ресей империясы қағаз емес, іс жүзінде бұл мәселені толық қолына алады. 1824 жылдың аөпан айында «Қырғыз даласына» енген казак әскерлері Орта жүз бен Кіші жүзде хандық биліктің жойылғанын, жаңа билік жүйесі болатынын жариялады. Сұлтандардың ордасында орыс офицерлері бақылаушы рөлін атқара бастады. Қазақ даласына казак отрядтары бөлініп, казак станцияларының іргесі қаланды.

Бұл енді Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының бастауы болатын. Ол Николай І патшаның тұсында толығымен іске асып, Орал және Жайық, Орынбор казактары «Қырғыз даласына» ентелей енді. 1824 жылы ресей әкімшілігіне шекара бойындағы қазақтар толығымен қосылса, ал тұтас қазақ даласы (Қоқан мен Хиуа хандығын қоспағанда)1853 жылы толық Ресей империясына бағынды. Дәлірек айтсақ, 1730 жылдары Ресейге қосылды барлық территориялар...

***

Бұл тарих – Ресей мен Қазақстан арасындағы «шиеленістер» туралы емес. Бұл – Ресей маңындағы әртүрлі халық пен жерлердің сан қырлы тарихы туралы. Өткен тарихқа әр халықтың өзінің уәжі мен ерекшелігі бар. Жалпы тарихымызды бұрмалап, немесе өз ыңғайымызға қарай жазудың қажеті жоқ. Бірақ бұдан трагедия да жасамау керек?!

Алайда, біздің ортақ тарихымыздың арқасында тіл тапқанымыз соншама 1941 жылдың күзінде панфиловшы қазақтар Мәскеуді құтқарып қалды. Ал, бүгінгі Қазақстан – сенімді одақтас қана емес, Ресей, Белорусиямен бірге жаңа тарихи ядро Еуразиялық одақтың құрамында.

Міне біздің ортақ тарихымыз осындай.

 

Андрей Смирновтың «Казахстан сдруживался с Россией по частям и долго» мақаласынан аударған

Олжас БЕРКІНБАЕВ

Дереккөз: http://histrf.ru/biblioteka/book/kazakhstan-sdruzhivalsia-s-rossiiei-po-chastiam-i-dolgho  

 

Әдебиеттер

  1. Путинцев Н.Г. Хронологический перечень событий из истории Сибирского казачьего войска со времени водворения западно-сибирских казаков на занимаемой ими ныне территории. Омск, 1891.
  2. Смирнов А.А. На «бухарской» стороне. Казаки и присоединение Казахстана // Родина. 2004. № 5.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ең көп оқылған
Сауалнама

ҚХА ХХV сессиясында Президент қойған ұлттық бірлік пен келісімді нығайту мақсатындағы міндеттердің ең бастысы қайсысы: