Жарияланымдар

Павлодар мемлекеттік университетінде жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

22 Қазан 2013
83
0
Павлодар мемлекеттік университетінде жаңа кітаптың тұсаукесері өтті
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Қазақстанның ауыл шаруашылығы соғыстан кейінгі кезеңде: мәселенің тарихнамасы» атты кітабының тұсаукесері өткізілді.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Қазақстанның ауыл шаруашылығы соғыстан кейінгі кезеңде: мәселенің тарихнамасы» атты кітабының тұсаукесері өткізілді.

Кітаптың авторлары: тарих ғалымдарының докторы, ҚР Әлеуметтік ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы тарих ғылымдары бойынша диссертациялық кеңес мүшесі Роза Қадысыва және тарих магистрі, С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Аслан Әзербаев.

 Аталмыш монографияда Қазақстан ауыл шаруашылығының 1946–1985 жылдарындағы тарихы, заңдылықтар мен ерекшеліктері зерттелген.  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Дамыту стратегиясы және тәрбие мен әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Арман Әкішевтің айтуы бойынша, Ел​басымыз Н. Ә. Назарбаев ұсынып отырған «Тарих тол​қынындағы халық» ауқымды бағдарламасы аясында шыққан «Қазақстанның ауыл шаруашылығы соғыстан кейінгі кезеңде: мәселенің тарихнамасы» монографиясы жастар мен тарих ғылымы саласына игілікті қызмет еткен тарихшылар үшін маңызды оқу құралы болып табылады.

Дерек көз: pavlodarnews.kz
Сауалнама

Ұлттық үлгідегі қандай киімді тұтынасыз?