Жарияланымдар

Жүз жыл бұрын Қазақстанда индустрияландыру қалай өтті?

18 Наурыз 2017
173
0
Жүз жыл бұрын Қазақстанда индустрияландыру қалай өтті?
Бүгін Қазақстан цифрлы технологияларды іске асыруымен қоса үшінші жаңғыртуды жүзеге асырады, әлемде Төртінші өндірістік революция болуда

Ал Қазақстан алғашқы қадамдарын қалайша жасады? 1904 жылы Лондонда «Спасск мыс кендері» құрылған.

Бұл қоғам орыс көпестерінен кен орындарын белсенді сатып алумен айналысатын. Сонымен, Спасск-Воскресенск және Успенск мыс кеніштері, Спасск мыс қорыту және де Саранск пен Қарағанды  тас көмір кендерін сатып алды. Ал акциялар ұстаушылары Англия, Франция,  АҚШ, Германия, Швеция, Испания және тағы басқа елдердің азаматтары болды.  1904 жылы Риддер мен Зыряновсктің түрлі-түсті кендердің бай кен орындарын австриялықтар сатып алған. 1906 жылы Лондонда «Атбасар мыс кені» акционерлік қоғамы құрылды, ол Жезқазған кеніштерін белсенді жинастырып сатып алатын.  Және де бұл компания Байқоңыр аймағында темір кеніштерін, әктік ашық кеніштерін, тас-көмір кен орындарын сатып алды. 

1907 жылғы 1 шілдеде 3 миллион фунт стерлинг мөлшерлі негізгі капиталымен «Спасск мыс кендері» акционерлік қоғамы біржола ашылды. Спасск зауыты, кеніш және кендер өмірінің жаңа кезеңі басталды. 1908 жылы зауытта штейнді бессемерлеу үдерістің жаңа технологиясы іске асырылды. Ол үшін 2  шағылыстыру пешi  және 2 конвертер салынды. Оның нәтижесінде сапасы жоғарылау тазартылмаған мыс алынды.  1909 жылы  Спасск зауытында 510 жұмысшы, Успенск кенішінде – 311 адам, көмір шахталарында – 152 адам жұмыс істеді. Барлығы 973 адам. 1909 жылы 886 мың. пуд кен және 2 млн 76 мың пуд көмір өндірілді,141 мың пуд мыс ерітілді. Қарағанды кен орны 1911 жылы өзіне назар аударды. Бірінші Әлемдік соғыс жылдары Қарағанды кені тұрақты жұмыс істеген.  Жылына жер үстіне 4046 тонн көмір шығаратын, оның 3410 тоннасын Спасск зауытына жіберетін.  Осы уақытқа жұмысшылардың жалпы саны 453 адамды құрады. Олардың ішінде 12 қызметкер болды. 1913 жылы Успенск кенішінде құрамында бай мысы бар қорлар өндірілді.

Пайдалану үдерісінде, Успенск кеніштің 21 шаршы шақырым көлемінде, «Анненская»,  «Владимирская» и № 4  шахталары өндіретін кендегі мыс құрамдасының төмендеуі белгіленді.  Спасск зауытында мыс қорыту пеші төменсортты кенді пайдалана алмады. Акционерлер шарпыма пештері үшін жабдық сатып алды.  Технологиялық үдеріс кенді байытуды талап етті. Қызылтау болысының  (аул № 4) қазақтарынан 2 де 2 шақырым көлемінде жер телімі сатып алынды.

«Спасск мыс кендері» акционерлік қоғамның акциялары

Осында Сарысу байыту фабрикасы бой көтерді. Ол үшін қазақ давласына Ұлыбританиядан инженер-құрылымдаушы Джон Уилфорд Уорделл шақырылды. Кейін,  «Қырғыз даласында» кітабында ол Дала өлкесі оқиғаларын толық суреттеді.  Спасск зауытының өндірімділігі айына 410 тоннаға дейін көтерілді. Қоғам 10 да 5 шаршы көлемді телім алды. Көмір қоры болжап айтқанда 200 миллион тоннаға бағаланды.  «Карно» және «Герберт» шахталары компания қажеттіліктеріне күн сайын 80 тоннаға дейін отын өндіретін. Көмірден басқа мыс еріту кварциттар түрінде қосындылырды талап етті.    Кен орнын (2 де 2 шақырым көлемінде) Омск жер басқармасы арқылы 1913 жылы сатып алды және оны Сасық Қарасу деп атады.

Спасск мыс еріту зауытының бір цехы

Спасскте 3000 тұрғын тұратын. Түрлі жұмыстармен 1500 казақ және 300 орыс айналысқан.  Британ империясы құзырындағылар саны жыл сайын кеми берді. 1914-ші жылы  – 18, 1915-ші жылы– 14, 1918-ші жылы – 10 және 1919-шы жылы – 8 адам. Шетелдіктер мыс қорыту үдерісін бақылап отырды. Ресей империясында еңбек етіп келген бас метталург А. Тернерге іс жүзінде өмір бойы Робсон, Пелью, Морган, Фармер, Стивесон көмектесті. Басқа учаскелермен есепші Бойс, хатшы Баркер және клерк Ристофт айналысты. Бұлардың барлығы бас басқармашы Брайантқа бағынатын. Қарағандылық кенді Харботл және Кемпбелл басқарған, ал Успендік кенді – Фармер- үлкені, Квик, Ларсен, Фармер және Первис басқарған. Кейін Хорсли, Холл, Свейн, Добби келді. Спасск зауытында жалақы жұмыс түріне байланысты болатын. 1914 жылдың мамыр айында мыс қорытушылар 8 сағатқа дейін жұмыс істеген. Шебердің еңбекақысы күніне - 1,80 руб., оның көмекшісінікі - 1,70 руб. және жұмысшылардікі - 0,60 руб. Темір ұста және ағаш өңдеу цехтарында 9 сағат бойы еңбектенетін. Мұнда шеберге күніне 2,40 руб. төлейтін, оның көмекшісіне - 1,50 руб., жұмысшыларға -0,70 руб.  Ерекше бригада қосалқы істермен 10 сағат бойы жұмыс істейтін. Ондық 2 руб. алатын, ал жұмысшылар – 50 тиыннан алатын. Кәсіби еңбек ұйымы мыстың бір тоннасын қорытудың өзіндік құнын 140 рубльден 118 рубльге дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Бірінші мыс концентраты 1916 жылдың маусымда алынды. Оны Спасск зауытына буып - түйеу қаптарында жіберілді.   Жұмысшылар саны 120 адамға жетті. 1916 жылдың қараша айында Орталық Қазақстандағы барлық ағылшын кәсіпшіліктерінің бас директоры- басқарушысы Герберт Вульмер, алты жылдан соң өз лауазымын тастап, Мәскеуге аттанды. Оның орнына көмір және мыс-кендік істі дамытудың жаңа жоспарымен Джим Бельдон келді. Шетелдік мамандар 250 мың тонна көмір өндірілімімен,  сол жылдарына ірі болатын, шахта құрылысы жобасын әзірледі.   

(Жалғасы бар…) 

Арман СҮЛЕЙМЕНОВ

Пайдаланылған материалдар:

Ю. Попов Карағанды және оның айналасы // «Индустриалдық Қарағанды», 6 қыркүйек 2016 ж. 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ең көп оқылған
Сауалнама

Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайынан не күтесіз?