Жарияланымдар

Жамбылда Төле бидің 350-жылдығы кең көлемде тойланады

20 Қазан 2013
53
0
Жамбылда Төле бидің 350-жылдығы кең көлемде тойланады
Қазанның 24-26 күндері Жамбыл облысында Төле би Әлібекұлының 350-жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар өтеді.

Қазанның 24-26 күндері Жамбыл облысында Төле би Әлібекұлының 350-жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар өтеді, - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

24 қазан күні облыстық драма театрда белгілі жазушы-драматург Елен Әлімжанның «Төле би» драмасының қойылымы өтеді.

25 қазанда, Тараз қаласының Төле би даңғылы мен Желтоқсан көшесі қиылысында Төле би ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Осы күні «Төле бидің қасиеттері мен өсиеттері» республикалық жыр мүшәйрасының қорытындысы белгілі болады. Сонымен бірге, «Баласағүн» орталық концерт залында «Төле би және оның ұлағатты мұралары» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Сонымен қатар, осы күні Тараз қаласындағы орталық стадионда мерейтойға арналған қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.

26 қазанда Б.Момышұлы атындағы атшабарда ұлттық ат спорты ойндары өтеді.

Осы күндері Жамбыл облысына елімізге белгілі ғалымдар мен саясаттанушылар, өнер қайраткерлері келеді деп жоспарлануда.

Дерек көз: baq.kz
Сауалнама

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?