Жарияланымдар

Рухани келісім күні - халық бірлігінің белгісі

18 Қазан 2013
215
0
Рухани келісім күні - халық бірлігінің белгісі
Қазақстан - тәуелсіз, зайырлы және демократиялық мемлекет. Десе де, өзара ынтымақтастықты күшейтуге негізделген жиындар көптеп ұйымдастырылады.

18 қазан елімізде Рухани келісім күні ретінде аталып өтіледі. 1992 жылдан бері мерекеленетін атаулы күннің маңызы зор. Өйткені 17 конфессия мен 140 ұлт өкілі тұратын еліміз үшін рухани келісім, тұрақтылық пен татулықтың орны бөлек, деп хабарлайды елорданың ресми сайтынан.

"Осы мерекеге орай республиканың түкпір-түкпірінде дөңгелек үстелдер, конференциялар, одан бөлек діндар адамдар өздерінің шіркеулерінде бұл мәселеге байланысты кездесулер өткізеді", - деді Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы Талдау жұмысы бөлімінің басшысы Азамат Жетпісбаев.

Қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қойып, қайырымдылық пен көмекке шақыратын, сыйластық пен бірлікті арттыратын мерекенің маңызы жыл сайын артып келеді. Тіпті, өзге дін өкілдері де Рухани келісім күнін асыға күтетін көрінеді.

Қазақстан - тәуелсіз, зайырлы және демократиялық мемлекет. Десе де, өзара ынтымақтастықты күшейтуге негізделген жиындар көптеп ұйымдастырылады. Олардың бірегейі  - 2003 жылдан бері өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі. Съезд зорлық-зомбылық, экстремизм және терроризм сияқты теріс көріністерді болдырмаудың алдын алуға зор ықпал етіп келеді.

Дерек көз: inform.kz
Сауалнама

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?